7. Жүйелі-әрекеттік тәсілі.
Жүйелі-әрекеттік тәсілі білім алушының оқу әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру негізінде құрылады, оларда әмбебап оқу әрекеттері жүйесін қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, өздігінен даму, өздік ұйымдастыру режимінде оқу процесін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жүйелі-әрекеттік тәсіл курстың тарауларын жеке-жеке емес, өзара байланыста оқуды ұсынады.
8. Коммуникативтік тәсіл.
Оқытудағы коммуникативтік тәсіл - ақпаратты тарату мен жариялау, екі немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім, білік және дағдымен алмасу. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және коммуникативтік әрекетті дұрыс таңдай отырып, қарым-қатынасқа қатысушы басқа адаммен өзара әрекет ету процесінде тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады. Оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерге сәйкес қарым-қатынас жасай білуін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалар және шынайы коммуникация шарттарына барабар жұмыс режимі (жұптық және топтық жұмыс) пайдаланылады.
9. Интегративтік тәсіл.
Білім алушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл барысындағы оқыту процесі әртүрлі құралдар мен бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегративтік тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәттері, театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс).
Интегративтік оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, көркемөнер туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі психикалық процестерге әсер етіп қиындықтарды жоюға, оқу материалын тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді.
10. Ойын арқылы оқыту.
Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қолдану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элементтері:
- ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады;
- ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материалдары ойын құралы болып табылады. Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |