Ерекшелігі:
Жекелей оқыту.
Жұптық оқыту.
Топтық оқыту.
Ұжымдық.
Оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы, оқушы-үйретуші міндеттерін атқарады.
Талаптары:
– Əр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек.
– Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау.
– Өзі оқи отырып өзгені оқыту.
– Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Деңгейлеп саралап оқытуда негізделген технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын белсенділігін дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Мақсаты: əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының əр түрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Ерекшелігі:
Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекіте түседі, əлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Білім дəрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Саралап оқыту технологиясы.
Саралап оқыту – бұл:– оқу үдерісінде мұғалімдердің, оқушылардың білімдерін есепке ала отырып, жұмыс істеуі;– əр түрлі топтарды оқыту үдерісінде жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі;Саралап оқыту əдісі оқу үдерісінің белгілі бір білігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың, құралдары мен əдістерінің жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандай да болсын оқушыларды саралауы жүзеге асып отырады. Сондықтан саралап оқыту əдісінің өзі əр түрлі əдістемелік құралдарды қолдану арқылы енген. Сипат бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
– жас ерекшелігі бойынша;
– жынысына байланысты;
– қызығушылығы бойынша;
– ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
– тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
– денсаулық деңгейі бойынша.
Мақсаты: əркімді мүмкіндігіне сай оқыту. Əр түрлі топтағы оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.
Ерекшелігі:
– үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;
– қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
– жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
– оқушылар қабілеті артады;
– əлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
– деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тəрбиелеуде қиындық кездеспейді
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ой қозғау);
Мағынаны тану (мағынаны ажырату);
Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады).
Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларың да бұл жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций «танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тəжірибе, ең мəртебелісі – ойлау» деген екен. Демек, сол əдіс-тəсілдерді меңгертіп, ішінен қажеттісін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат- міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Дамыта оқыту жүйесі сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамытып-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |