Кейс-стади.
Кейс-стади - бұл нақты оқиға мен жағдаятты талдауға арналған іскерлік ойын. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылар топтық сұрақ-жауап кезінде шығарылған мәселенің маңызын түсіндіріп, жағдайды бағалайды, оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді.
Кейс-стадиді қолдану:
- жүйелі, корреляциялық, факторлық, статистикалық және тағы басқа талдау біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді;
- білім алушылармен қосымша тапсырмалар жасау нұсқаларын жобалайды;
- «ми шабуылы» пікірталасын өткізу, ғылыми дауласу, негізгі және әр жақты шешім бойынша дебаттар дайындалып өткізіледі деп жобалайды.
Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылардың дайын білімді меңгеруі емес оны өндіруге, яғни теориялық білімін практикалық міндеттерді шешуге қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен білім алушылардың ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс жасауына басты назар аударылады.
білуіне бағытталған.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқытудың техникалық құралдары: слайд, интербелсенді тақта, бейнетаспа, ноутбук, ұялы телефон
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей:
Оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдер, әдістер және технологиялардың кестесін жасап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды категорияларға бөліп, сыни тұрғыдан талдаңыз, бағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |