Ә діснамалық білімнің деңгейлері
Философиялық әдіснама
|
Жалпы ғылыми әдіснама
|
Нақты ғылыми әдіснама
|
Технологиялық
әдіснама
|
-таным принциптері;
-ғылымның категориялық құрылысы
|
-жалпы ғылыми пәндерде теориялық тұжырымдамалар
|
-белгілі бір не басқа да ғылыми пәнде қолданылатын зерттеулер мен рәсімдердің, әдістердің, принциптердің жиынтығы
|
-зерттеу әдісі мен техникасы, яғыни дұрыс эмперикалық материалды және оның бастапқы өңделген нұсқасын алуды қамтамасыз ететін рәсімдер жиынтығы
|
Ақиқатты тану мен қайта құру үдерісіне деген дүниетанымдық көзқарастарды айқындай отырып, барлық әдіснамалық білімнің мазмұндық негізін құрайды
|
|
|
|
- үшіншіден, барлық білім беру және тәрбиелеу мәселелері жалпы адам туралы барлық ғылыми негізінде талдау: әлеуметтану, психология, антропология, физиология, гентика және т.б. яғыни, педагогика – барлық адамның заманауи білімдерін біріктіретін және адам туралы барлық педагогикалық ғылыми ақпаратты жүйелеп жүзеге асыратын ғылыми;
- төртіншіден, зерттеуде жүйелілік, қатынасқа бейімделеу (құрылым, құбылыстары мен элементтер байланысы, даму динамикасы, тенденциялар, негізгі талаптары мен ерекшеліктері);
- бесіншіден, ұжымның жіне жеке адамның дамуындағы, білім беру мен тәрбие үдерісіндегі қайшылықтарды көрсету және шешу;
- алтыншыдан, теория мен тәжірибе байланысын құру, олар және оларды жүзеге асыру, педагогтардың жаңа ғылыми концепцияларына бейімделуді, жаңа педагогикалық ойлар қалыптастыру.
Қазіргі ғылымтануда әдіснаманы ғылыми танымдық қызметтің нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды.
Ғылым дамуының алты негізгі заңдылығын бөліп айтуға болады.
1.Ғылым дамуының қоғамдық-тарихи тәжірибенің қажеттіліктерімен байланыстылығы – бұл ғылым дамуының басты қозғаушы қайнар көзі. Бұл жерде оның жай ғана тәжірибемен,педагогикалық білім беру қажеттіліктермен емес, атап айтқанда, қоғамдық-тарихи тәжірибенің қажеттіліктерімен тығыз байланысты екенін қадап айтуымыз керек. Әрбір зерттеу тәжірибенің нақты сұраныстарына байланысты жүргізілуі шарт емес, ол ғылым дамуының өзінен бастау алып, мысалы, ғылымның жеке мүддесінен туындауы мүмкін.
2.Ғылым дамуының дербестігі. Тәжірибе ғылымының алдында қаншама нақты міндеттер қойылса да, бұл міндеттерді шешу ғылым белгілі бір деңгейге жеткенде, ақиқатты тану үрдісін дамытуда белгілі бір сатыға көтерілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда көбінесе ғылымнан айтарлықтай жігерлік пен табандылық талап етіледі, өйткеніоның ғылыми көзқарастары, ғылыми негіздемелері қалыптасқан дәстүрлерге, қайсыбір министірліктердің нұсқауларына немесе қолданыстағы нормативтер мен құжаттардың ережелеріне, т.с.с. қайшы келуі мүмкін.
3. Ғылыми теориялардың, идеялар мен ұғымдардың, ғылыми таным әдістерімен құралдардың даму сабақтастығы. ғылым дамуындағы әрбір неғұрлым жоғарғы саты соның алдындағы сатының негізінде, бұрын жинақталған құндылық атауының бәрін сақтай отырып тұрғызылады.
4. Ғылымның дамуында ғылымның теориялық негіздерінің, оны ұғындыру мен түсіндірілуі жүйенің байсалды (эволюциялық) және қарқынды (революциялық) даму кезеңдерінің ауыспалылығы. Ғылымның эволюциялық даму өмірде бар теориялық көзқарастардың шеңберінде жаңа фактілердің, эксперименттік мәселелердің біртіндеп жинақталу үдерісі, соған байланысты бұрын қабылданған теорияларды, ұғымдар мен принциптерді кеңейу, нақтылау және жеріне жеткізе пысықтау арқылы жүзегеасырылады. Ғылымдағы революция бұрынғы көзқарстардың щеңберіне симайтын жаңа деректердің жинақталуы, жаңа құбылыстарды түбірімен қопарып, қайта құру, ірге қағидаларды қайта қарау басталады. Бірақ мұндай тазару бұған дейінгібілімнің мазмұнына емес, оның жансақ тұстарына бағытталған.
5. Барлық ғылым салаларының іс-әрекеті өзара тығыз байланысты. Осыған орай басқа бір ғылымның әдістері мен тәсілдері арқылы ғылымың бір саласының пәнін зерттеуге болады. Соның нәтижесінде әртүрлі сапалы құбылыстардың мәні мен заңдылықтарын неғұрлым толық және терең ашып көрсетуі үшін қажетті жағдайлар жасалады.
6. Сынның еркіндігі, ғылым мәселелерінің кедергісіз талқылануы, әртүрлі пікірлерін ашық та еркін бой көрсетуі. Табиғаттағы,қоғамдағы және адам бойындағы құбылыстар мен үдерістердің диалектикалық қарама-қайшы сипаты ғылымда бірден және тікелей ашылмайтындықтан, айтысушытүрлі пікірлер мен көзқарастарда зерттеу үрдістерінің тек жекелеген қарама-қайшы сипаты ғылымда бірден және тікелей ашылмайтындықтан, айтысушы түрлі пікірлер мен көзқарастарда зерттеу үрдісітерінің тек жекеленген қарма-қайшы жақтары ғана көрініс береді. Осындай күрестің арқасында зерттеу объектілеріне\ деген әртүрлі көзқарастардың бастапқы бір жақтылығы ығысады да, бүгінгі күннің шындығына сәйкес келетін біріңғай көзқарас қалыптасады.
Зерттеудің әдіснамалық принциптері. Кез-келген педагогикалық зерттеу негізгі ережелері мен принциптерінен көрініс табылады.Олар:
Педагогикалық құбылыс немесе үдерісті тұтастай игеру принципі. Тұлғаның кез-келген сапасын оқу-тәрбие үдерісінде және жеке тұлғаны қалыптастыруда бірлікте тұтастықтықпен жүргізу керек, бірақ ғылым заңы бойынша тұтасты бөлікке бөлмей бүтіндей игеруге болмайды. Бұл принцип төмендегіні ұсынады:
- Зерттеуде жүйелі қатынасты-максималды қалыптастыру
- Игеретін құбылыс механизмін ашу
- Тұтас тәрбие барысында игерілетін педагогикалық үдеріс немесе құбылыстың нақты орнын анықтау.
Педагогикалық мәселені игерудегі зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану принципі. Көбінесе дәстүрлі бақылау мен сұхбат тәжірибелік пен эксперименттік жұмыс бірлігінде қолданылады. Зерттеуде 1-2 әдіс қолданған кезде зерттеу жұмыстарының дәл еместігі байқалады. Педагогикалық зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану қағидаларын талап етеді:
- Педагогикалық құбылысты игеруде көп мақсаттылығы
- Зерттеу жұмысын жүргізуде барлық игеру әдісі
- Әр түрлі зерттеу әдістері арқылы педогогикалық деректер зерттелінеді
- Зерттеу нәтижесінде шынайы «философиялық, логикалық және психологиялық, педагогикалық талдауды талап етеді».
Обьективті принцип- жалпы ғылыми принцип. Бұл педагогикада ең негізгі орынды алады. Субъективизмді жеңудегі ең алдымен өзінің ғылыми нәтижесінде негізделген талап қайта – қайта тексеру болу тиіс. Әсіресе өзінің идеясымен тиянақты қорытындыланады. Оның негізгіьталапьары:
- Баланы зерттеуде бірнеше әдістермен әр дерктерді тексеру
- Алынған дерек материалдарды тексеру, нақтылау
- Өзін-өзі тексеру, өзінің эмоциясын тексеру, бақылау
- Баланы тәрбиелеу мен оқытудың бірлігі
Ұжым мен тұлғаны бір мезгілде игеруді зерттеу принципі. Даму өзгерістеріндегі игеруді зерттеу принципі. Кез- келген ғылымда тарихи принцип маңызды. Зерттелгелі отырған мәселе терең қарастыру принципі
- Ғылымға сенімді қару мен өте сақ көзбен қараудың үйлесімділігі
Педагогикалық-тиімділік (эфективті) принципі
Культурологиялық принцип мәдениет пен білім беруде оның мазмұнын құрайтын, табиғат, қоғам, әрекет жолдары, эмоциональды-еріктік және адамды қоршаған қоғамға, еңбекке және қарым-қатынасы ретінде көрінеді.
Культурологиялық принцип танымның нақты ғылыми әдіснамасы ретінде өзара байланысқан үш аспектіден тұрады: аксиологиялық, технологиялық, тұлғалық-шығармашылық.
Аксиологиялық (құндылықты) аспект жеке тұлғаның құндылықты бағдарын зерттеп, қалыптастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды көздейді.
Технологиялық аспект мәдениетті адамның іс-әрекетінің арнайы тәсілі деп түсінумен байланысты.
Тұлғалық-шығармашылық аспект индивид пен мәдениеттің обьективті байланысымен түсіндіріледі. Ол мәдениет құндылықтары мен жеке тұлға мен шығармашылық іс-әрекетінің байланысын талап етеді.
Полисубьектік принцип адамның мазмұны оның іс-әрекетіне қарағанда жан-жақты, бай және күрделілігінен келіп шығады. Осы принцип тұлғалық және іс-әрекеттік принциптермен бірігіп гуманистикалық педагогиканың әдіснамасын құрайды.
Этнопедагогикалық принцип культурологиялық принциптен өзгеріп келіп, сол трансформацияда жалпы адамды, ұлттық және жалқы бірлікте көрінеді. Ұлттық мәдени білім беру мекемелерінің басты ерекшелігі осы ортаны зерттеп, қалыптастыру және оның тәрбиелеу мүмкіндіктерін қолдану педагогтың басты міндеті болып саналады.
Антропологиялық принцип адам туралы барлық ғылымдардың деректерін жүйелі пайдалану; адамның тұтас табиғатын, оның мүмкіндіктері мен қажеттілігін ескере педагогикалық үдерісті құру және жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |