Лекция тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде белсенді оқытудың стратегияларын тиімді қолдану Лекцияның мақсаты мен міндеттері



бет1/2
Дата10.06.2020
өлшемі78,99 Kb.
#72925
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
13 лекция


13 лекция тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде белсенді оқытудың стратегияларын тиімді қолдану
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:

Жас ұрпақтың  жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру,  білімге деген құштарлығын ояту,  өмірінде оны қолдана білу,  отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау



Лекция мазмұны:

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың  негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай  оқытқан тиімді? Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз.

Баланың білім алуына мұғалім маңызды роль атқарып келді. Дегенмен де білім беруде  балаға  не білу керектігін түсінсек те  оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін  білмей қиналып жүрген шақтарымыз болды.

Заман ағымына ілесе алатын ,мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту –басты міндет болып табылады. Яғни  Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы».  Бұл ұстанымнан  «Шәкірт өздігімен үйрену керек» ,-деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз  еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе –ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде.

Педагог –білім тасушыдан-Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс.Сонымен Жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс: - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,

- тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,

- рухани дамыған,

- толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Ұстаздарға  қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз-рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға  болу керек деп тұжырымдауға болады.

Бұл бағытта  мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру  -басты мақсат болып табылады.

Қазақ   баласының бойында Абай  атамыз айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы  жүрек болуы - өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру-  ұстаздардың міндеті екені даусыз.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты үш апталық курс бағдарламасын және « Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері курсын аяқтап былтырғы оқу жылынан жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытудамын.

Еліміздің ертеңгі  болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға  терең де,  сапалы  білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.  Елімізде  орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. 

Жаһандану заманында  жас ұрпақтың  жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру,  білімге деген құштарлығын ояту,  өмірінде оны қолдана білу,  отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Бастауыш сынып  оқушылары  жалпы алғыр,шапшаң, сезімтал,ештеңені жасырмай  еркін айтады.Мақтау сүйгіш, мұғалімнің  жетегіне  тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді.

Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде  мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе,онда балалардың өздері де ізденіске  түседі.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі.

Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз. Мен де өз әріптестеріммен қатар бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін.

Бастауыш сыныптарға сабақ беруде әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып сөйлете білу менің міндетім деп түсінемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету - басты мақсатым. Ойланып, толғанған оқушы, әрине, сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, тұжырымдап пікір де айта алады. Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде.  

Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын.

Әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған  топтық жұмыс  XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі  өмірге бейімдеп оқытуда  маңызды болуға тиіс деп ойлаймын.  Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім.

Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін,ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі  ғой.

Жаңашылдық, өзгеріс керек екені  деңгейлік, тренер, жаңартылған   бағдарлама бойынша өткен курстардан  маған  түсінікті болды десем, осы тәжірибені өзімнің мектебімде іс-тәжірибемде қолдануға  толық негіз бар деп ойлаймын.

Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып табылады.

Бүкіләлемдік тәжірибеде  білім беру саласында  білімнің де дағдының  да маңыздылығы кең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі-  білімді алып қана қоймай , оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының  бойында оқушылық кезеңіне ғана емес,  кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады.

Қазір  осы мәселе төңірегінде әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, оқушылармен  жұмыс жүргізіп жатырмын. Оқу үдерісінде топпен жұмыс жүргізуге оқушылар қалыптасып, дағдыланып қалды. Тапсырма топқа беріледі. Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі. Топпен жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі, бір сөзбен айтқанда ынталанады.

Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен.  Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім –баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.

Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан  оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын.

Ал курстан кейін  сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды.  Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін  ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.

Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырыстым.  Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс  жасадым. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық  оқыту бағыты пайдаланылды.

Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айтып кеткім келеді. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты деп ойлаймын. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты.

Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі  толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.

Бұл пікірлердің шындыққа жанасып жатқандығын менің өз тәжірибемде көзім жетті. Себебі, бастауыш сынып оқушыларымның топтық, жеке, жұптық жұмыстарды атқару барысында және өзімнің ашық, жабық сұрақтарыма жауап беру нәтижесінде диалогтік  әрекет  сабақтың үстінде бірнеше рет іске асырылып отырды.

Менің пайымдауымша диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің барлық сабағында жүзеге асырылып жатады. Яғни, ашығын айтсам, мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіндік берсе, диалогтық оқыту осы жерде көрініс табады. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазды.

Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізілді. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды.

Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады. Сабақтарымда  жұпқа берілген  тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды.

Құнды сұрақтар қойып, қасындағы  сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас  жасады.

Барлық  сабақтарымда диалогтық оқыту көрініс тауып жатыр. Алдағы уақытта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта қиналмауына себепші боламын. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық , aқпaрaттық жәнe түсiндiрмeлi , иллюстрaтивтi мaзмұндa жәнe рeпрoдyктивтi жәнe шығaрмaшылық тaпсырмaлaрмeн кeлeтiнiн бiлдiм . Мұндa шығaрмaшылық нeгiзгe құрылғaн тaпсырмa бiрнeшe шaғын тaпcырмaлaрғa бөлiндi. Жұмыcтың бұл түрi бaрлық oқyшылaрдың бeлсeндiлiкпен ic-әрeкeттe бoлуынa жaғдaй тyғызды .

Сабақтарымда жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, топтастырып, формативті бағалау түрлерін қолданып, ашық сұрақтар қоюға дағдыландырып оқушылардың қызығушылығын ояттым.

Оқушылар жұппен не топпен  жұмыс жасау барысында, әуелі идеялармен өзара бөліседі, содан соң  бір-біріне сұрақ қою, яғни диалог арқылы жұмыстарын жүйеге келтіреді. Жұмыстарын қорғау кезінде,  оқушыларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе алу, кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір жағдайға тигізетін әсері жөнінде ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатын көздеп, қосымша сұрақтар қоямын. Балалардың жауаптарына сүйене отырып, оқушылардың мәселелерді шешудің тиімді жолдарын іздеп таба алатынын, болашаққа болжам жасай  және  шешім қабылдай алатынын байқадым.

  Осы сабақтағы оқушыларымның әрекеттестігін зерттей отыра, келесі қорытындыға келдім: «серіктестермен әңгімелесу» әдісі оқушыларды бір-бірінің ұстанымдары мен идеяларын жақсы танып білуге мүмкіндік бере отырып,  жауапкершілікті, талапты болуға итермелеп,  өз ойын дәлелді жеткізу қабілеттерін дамытып, оқушы бойында іскер адамға тән қасиеттерді оятады.

Өткізген сабақтарымның топтамасына сүйене отырып, диалогтік оқыту әдісі қолданылған сабақтарымның талдауын жасау арқылы, дұрыс құрастырылған сұрақ оқушының білімін тексеріп қана қоймай, оның ойлау, жүйелі сөйлеу, пікірін білдіру дағдысын да жаттықтыратынын, яғни әлеуметтік ортада өзін ұстай білу дағдысын қалыптастыратынын түсініп, келешек тәжірибемде диалогтік оқытуды жүйелі пайдалануды көздедім.

Мұғалімге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс- тәжірибесін сыни бағалау да қажет. Кез- келген жүріп өткен қадамыңды жоспарлау оны орындау үшін іс- әрекет жасау , ал сол жасалған іс- әрекетіңе рефлексия жасау маңызды болып табылады. Бұл өз ісіңе есеп беру, өз әрекетіңді сыни талдау және бағалау барысында мұқият ойлану үдерісі екенін мен осы жаңартылған бағдарламаны оқу барысында түсініп жатырмын.

Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер  әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін дәлелдейді. Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ -қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. « Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес,  болашаққа қарай тәрбиеле»  деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде  мұғалімге өзгеріссіз қалу қауіпті деп ойлаймын.

Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі  міндеті - баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау және дамыту, білімдерін ашу,  мектеп  жағдайына тез бейімделуге қажет жағымды мінез-құлық қалыптастыру. Бала бойындағы қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту  әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту. Білімді тұлға қайдан шығады? Жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға  ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады. Бастауыш сыныпта жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңашылдық  әдістерді мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігімен жүзеге асырылады. Алдағы келешекке сенім мол деп ойлаймын.

 Оқытудың техникалық құралдары: лекция және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін проектор қолданылады. Интерактивті тақта.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет