Агдезия - әртүрлі заттардың молекулалары арасында пайда болатын тартылыс күші. Мысалы, түрлі сұйықтардың молекулалары немесе сұйықтық пен қатты зат молекулалары арасындағы тартылыс күші.
Беттік керілу күші су молекуласына қатар тұруға ғана емес, жеңіл, қалқып жүрген жапырақтарды және майда тұқымдарды, қағаздан жасалған қайықтарды, басқа да көптеген заттарды ұстап тұруға әсер етеді. Судың балқу жылуы мен сәкесінше қату жылуы жоғары болады. Ол мұздың суға айналуына қажет энергия мөлшері. Су 100 С -та қайнайды, 0С мұзға айналады. Судың тағы бір қасиеті жылусыйымдылығы және жылуөткізгіштігі. 1 кг су температурасын 1 С-қа көтері үшін қажет жылу мөлшері.
Тірі ағзаларда судың биологиялық рөлі. Су алмасуының жалпы сипаттамасы:
Су барлық биохимиялық процестер жұрiп өтетiн орта болып табылады.
Су газдардың, минералды тұздардың, нейтралды, полярлы қосылыстардың универсалды ерiткiшi болып табылады.
Су гидролиз, гидратация, аминсiздену, тотығу- тотықсыздану реакциялары сияқты көптеген биохимиялық реакциялардың тiкелей қатысушысы болады.
Жоғары жылу сыйымдылығының арқасында су термореттелуге қатысады. Ауаның 350 С-тан жоғары температурасы кезiнде тер бөлiну организммен сыртқы ортаға жылу берудiң бiрден-бiр қолайлы әдiсi болады.
Су қызметтiк активтiлiгiне әсер ететiн клеткалардың, субклеткалық құрылымдардың тургорын қамтамасыз етедi.
Дипольдi жағдаймен иемдене отырып, су иондардың, сонымен қатар белокты коллоидты бөлшектер аймағына тұсiп, олардың айналасында сольватты (гидратты) қабықша тұзедi.
Судың организмдегi мөлшерi мен таралуы.
Ересек адамның организмiндегi судың жалпы мөлшерi 60% құрайды. Осы себептен 70 кг салмағы бар адамда 42 л су болады. Бұл өлшем тұрақсыз және жынысқа, жасқа, организмнiң физиологиялық жағдайына, ауруларға және сыртқы жағдайларға тәуелдi. Эмбрионда судың мөлшерi 97%-ке жетедi, жаңа туғандарда – 77% дене салмағының. Жас ұлғайғанда судың керектiмөлшерi азаяды және 80 жастан асқан қарттарда оның мөлшерi 48%-ке дейiн төмендейдi. Еркектерде (64%) әйелдерге (54%) қарағанда соңғыларда майдың керектi салмағының жоғары болуына байланысты бiршама көп. Жеке ткандерде судың мөлшерi олардағы алмасу процестерiнiң жұруiне байланысты. Қанда, бұйректе, өкпеде, жұректе, көк бауырда, бұлшық еттерде, бас миында 70-83% су болады. Бұлардан ерекше майлы, сұйек ткандерi, тiстiң қатты ткандерi суға кедей (10-30%), ал тiстiң эмалiнде барлығы 4-5% қана су болады. Биологиялық сұйықтықтар (сiлекей,тер, көз жасы) 95-98% судан құралады. Су организмде 3 сұйықтықты фазада болады. Оның негiзгi мөлшерi (77%) клеткалардың iшiнде болады. Бұл су клеткаiшiлiк немесе интрацеллюлярлық деп аталады. Судың қалған бөлiгi (29%) клетка сыртындағы кеңiстiкте болады. Ол клеткааралық (21%) және айналмалы немесе тамыр iшiлiк (~8%) суға бөлiнедi. Организмнiң сұйықтығы бос және байланысқан судан тұрады. Бос су – бұл жасушааралық кеңiстiкте салыстырмалы бос орын ауыстыра алатын, ал клеткаларда белокты молекулалармен байланыспаған су. Байланысқан су клеткааралық кеңiстiктiң құрылымдарымен (коллагендi талшықтар, мукополисахаридтер) немесе белоктармен және клетка iшiндегi басқа заттармен байланысқан. Соңғысы, бос суға қарағанда, ерекше физикалы-химиялық қасиеттермен иемденедi. Оның қайнау температурасы жоғары және тоңазу температурасы төмен. Онда бос суда ерiген тұздар ерiмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |