Қарағанды техника-құрылыс колледжі
Модуль: Жалпы білім беретін пәндер
Пән: Биология
Оқытушы: Рахимжанова А.Б.
Күн: 02.09.2020
Лекция тақырыбы: Жердегі тіршілік үшін судың маңызы.
Топ: 9-1-МСШП-РБ-20
Тапсырма: Лекциямен оқып танысамыз, жаңа түсініктерді дәптерге еңгіземіз.
Лекция жоспары:
Су химиялық зат.
Судың қасиеті.
Тірі ағзалар үшін судың рөлі.
Судың 2:1 арақатынасында екі элемент - сутек және оттектен тұратын күрделі химиялық зат. Судың формуласы Н2О. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су - бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.
Судың физикалық қасиеті. Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 г/см3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9 %-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды. Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1г/см3 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады. Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді, сондықтан қатты аязды күндерде өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың 60%-ын ұстап қалып, оны суынудан сақтап тұрады.
Химиялық қасиеті. Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.
Массалық құрамы: Н —11,19 %, О — 88,81 %.
Молекулалық массасы 18,0153. Су планетамыздағы ең көп тараған заттардың бірі; ол үш түрде — бу, су және мұз күйінде ұшырасады; күшті еріткіш.
Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су өтімі (шығыны) мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болаттан немесе темір-бетоннан жасалған шаннан және оны көтеріп тұратын тіреуіш құрылымнан тұрады. Мұнараның биіктігі 25—30 м-ге, шанының сыйымдылығы ондаған текшелерге жетеді. Тіреуіш кірпіш не ағаштан жасалады. Шан ішіндегі судың қыста катып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен жеңіл материалдармен қапталып, үсті шатырмен жабылады.
Судың басты қасиеті -заттарды ерітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |