Лекция Тақырыбы: Мемлекет саяси жүйенің негізгі институты



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі28,69 Kb.
#82864
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саясаттан 6 лекция


Лекция 6. Тақырыбы: Мемлекет - саяси жүйенің негізгі институты
6.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары мен тұжырымдары.
6.2. Мемлекеттің түрлері, белгілері мен оның қызметтері.
6.3. Азаматтық қоғам түсінігі.


1. Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады:
1. Кең мағынада үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді “халық” , “қоғам”,”ел” деген ұғымдарға сәйкес келеді.
2.Тар мағынада басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп,”үкімет”,”әкімшілік”деген ұғымдарды білдіреді.
Саясаттада екінші мағнасында пайдаланылады.
Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы мен мәні жөнінде әр түрлі теориялар бар:
1.Теологиялық теория. (А.Августин,Ф.Аквинский) мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіреді.
2. Патриархаттық теория (ХVIIIғ. Ағылшын ойшылы Роберт Филмер)
Мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың үлкен қауымдастыққа, одан әрі мемлкетке бірігуінен деп санайды.
Осығын ұқсас идеяны Аристотель де айтқан.
3.Қоғамдық келісім теориясы . (Т.Гоббс,Г.Гроций,Ж.Руссо).
Егеменді әмірші мен қол астындағы адамдардыдың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
4.”Зорлық жасау ” теориясы. (Е.Дюринг,Л.Гумилович,К.Каутский)
Бір елді екінші елдің басын алуы нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болған.
5.Географикалық теория.(Л.Ратцель,В.Соловьев,Б.Чигерин).
Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
6.Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлщылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
7.Марксистік теория мемлекеттің пайда болуы және меншік пен топтардың шығуымен байланыстырады.
Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз етуі үшін және қанаушы таптың қарсылығын басу үшін қажет болған деп санайды.
8.Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде,татуластыруда деп біледі. Оған бар халық пен ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртәпті жасайтын ұйым,құрал ретінде қарайды.
Сонымен, мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатнастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет