1.Басқару түріне;
2.Саяси тәртібіне(режим);
3.Мемлекеттік құрылысына.
Басқару түрінде жоғары өкімет билігіне байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді .
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, мирас мұра болып қалып отыру түрі.(хан,патша,император,король т.б)
Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Абсолюттік монархия деп жоғары өкімет билігі бүгіндей, тұтас шектеусіз бір адамның (монархияның ) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады.
Конституциялық монархия монарх билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын парламентпен шектеледі.
Алғаш Англияда пайда болған басқарудың бұл түрі, қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Марокко, Сауд, Арабиясы, Швеция Жапония елдерінде сақталған.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары ұйымдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекмелер (парламент) арқылы қатынасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.
Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны “парламенттік президент” дейді.
(Мысалы: Үндістан, Италия).
Ал егер президентті жалпыға бірдей , тікелей , құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді.
Ондай президенттің билігі зор болады.
Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқараады. Мысалы: АҚШ президенті 4 жыл. Премьер министр болмайды. Барлық министрлерді т.б. басшыларды өзі сайлайды.
Бірақ президенттің заң шығаруға, бюджетті шешуге өкілдігі жоқ. Парламент президенттің қай тағайындауын болсада бұза алады. (вето қояды)
Конгерсс президентті орнынан ала алады .
Президенттік республика Латын Америкасында көп кездеседі.
Қазір ТМД елдерінде, бізде Қазақстанда осындай билік қалыптасқан.
Парламенттік республика тәртібінде елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді .
Қазір көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады. Төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Жоғарғы палатаның құрылуы әр түрлі келеді (мысалы: Англияда лордтар палатасына пэрлер кіреді. Мұрагерлер , құқығы жоқ пэрлер , шіркеудің жоғарғы шенділері) .
АҚШ-та сенатқа (Конгрестің жоғарғы палатасы) әр штаттан екі өкіл сайланады.
Германияда әр жердің үкіметі тағайындайды.
Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. (Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде , екіпартиялық парламент ірі дамыған елдерде көп кездеседі ).
Әр елде парламентті әр түрлі атайды:
Мысалы :АҚШ Филиппин , Латын Америкасы елдерінде-Kонгресс;
Польша ,Финляндия - Сейм ;
Иран ,Туркия - Мәжіліс ;
Израйльде - Кнессет ;
Швецарияда - Риксдаг ;
Францияда - Ұлттық жиналыс.
Мемлекет құрылысынада қарай ерекшелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |