Лекция тақырыбы: Ӛмірдің мәні және кәсіби ӛзін-ӛзі анықтау психологиясы Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Студенттергеӛмірдің мәні жайлы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата11.01.2022
өлшемі279,97 Kb.
#110978
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
№7 лекция

Виктор  Франкл

 еді.  Ол  «адамдарды  талпындырып  тұратын 

күш-ӛзінің ӛмір сүруінің түпкі мағынасын тапсам деген ой. Кӛптеген адамдар 

ӛзін-ӛзі  ӛлтірудің,  жынданып  кетудің,  араққа  салынып  кетудің, 

наркотикке   ұрынудың  негізгі  себебі  осы  сұрақтың  жауабын  таба  алмай 

шатасуда  деп  пікір  түйген.  Виктор  Франкл  екінші  дүние  жүзілік  соғыстың 

қарсаңында Австрияда тұрып жатты.  Фашистік Германия Австрияны басып 

алған  соң  ұлты  еврей  Франклдің  жағдайы  мүшкіл  болады.  Ол  сол  кездің 

ӛзінде  хәм  атақты  психолог,  ғалым  болғандықтан  АҚШ  оны  қуана-қуана 

шақырады.  Бірақ Франкл қартайған ата-анасын жау қолына қалдырып кетуге 

дәті бармай отбасында қалады. Кӛп ұзамай фашистер оны тұтқындап, лагерге 

әке-шешесімен  бірге  тоғытады.   Лагерде  ата-анасы  ұлдарының  қолында 

қайтыс  болады.  Адам  жанының  құпия  сырларын  зерттеп  үйренген  ғалым 

лагерде  де  тұтқын  жандардың  тіршілігін  жіті  бақылап  зерттей  береді. 

Тұтқындарды  мал  секілді  қорлай  беретін  фашистер  түрмедегі  кез  келген 

бейшараны  әр  түрлі  сылтаумен  ӛлтіріп  тастауға  ұмтылып  тұратын. 

Концлагерге алғаш келіп кіргенде кӛбінің ойы мынадай болатын. Бұл жерден 

денсаулығы темірдей жастар мен мығым денелі азаматтар ғана тірі шығатын 

шығар.  Біз  секілді  жасы  келіп,  шау  тартқандар  мына  азапқа  бір  апта  да 

шыдамас  деп  қайғырады.  Арада  үш  жыл   ӛткенде  жағдай  мүлде  басқаша 

болып ӛзгереді. Осы арада кітаптан үзінді келтіре кететін мынадай қызықты 

фактілер  бар.  «Ӛзін  ӛзі  ӛлтіру  туралы  ой  біздің  әр  қайсымызды  да 

мазалайтын. Айналаңда адамдар топырлап ӛліп, ажал қаупі әр күн, әр сағат 

сайын  тӛбеңде  тӛніп  тұрған  соң  еріксіз  ӛлу  туралы  ойлап  кетесің.  Мен 

түрмеге түскен күні кешке ӛзіме ӛзім «сымға барып асылмаймын» деп серт 

бердім.  Бұл  фраза  тұтқындар  арасында  жиі  қолданылатын.  Ауыр  азап  пен 

ит   қорлыққа  шыдай  алмаған  кейбір  бауырлар  ӛте  жоғары   кернеудегі  тоғы 

бар  сым тартылған қоршауға барып асылып қалатын».  Осылайша Франкл әу 

бастан  ақ  миынан  ӛзін  ӛлтіру  туралы  ойларды  аластап  қуып  шығады. 

Керісінше  түрмеде  денсаулығы  мықты  күшті  азаматтардан  гӛрі  кеудесінде 

үміті  күшті,  алда  арманы  бар,  ӛмірінде  белгілі  бір  мақсатқа  ұмтылған 

ақжүрек  адамдар  әлдеқайда  шыдамды  әрі  ӛміршең  боп  шығады  екен. 

Тамақтарын  тығылып  жеген,  біреудің  нанын  ұрлаған,  тапқан  дәрілерін  ӛзі 

ғана  ішіп  емделгендер,  ауыр  жұмыста  ӛзінің  ғана  шаруасын  тындырып 

жолдасымен  жұмысы  болмаған  ӛзімшіл  жас  жігіттердің  түгелге  жуығы 

түрмеде  ажал  құшты  деп  жазады.  Тіпті  керек  десеңіз  фашистерге  сатылып, 

жағдайы  жақсы  болды  дегендердің  ӛздері  сүзектен  ӛліп  жатты.  Қақаған 

аязда   жолдасына  соңғы  киімін,  мұзда  тұрғанда  жалаң  аяқ  қалып  қойған 

досына екі етігінің біреуін шешіп берген, сабындай қара нанды бӛлісіп жеген 

альтруистер түрменің тозағынан тірі шығады.     Осыдан барып, «Адам жаны 

сірі.  Егер  ол  ӛлмеймін  деп  үлкен  мақсатқа  талпынатын  болса  азап  тартып 

бұзылған,  күйреген  тәнін  қалпына  қайтадан  келтіріп  алады»  деп  түйін 

жасайды.  Франкл  түрмеде  жатып  және  мынадай  қызық  құбылысты  дәл 



байқаған.  Түрменің  іші  адам  шошитын  жер  болса  да  жанға  қуат  болар 

қуанышты сәтті ол жерден де табуға болатын дейді. Ауыр жұмыстан ӛлейін 

деп әрең келген соң біздерді тамақ ішуге асханаға жіберетін. Ол жерде бізбен 

бірге  қамауда   жатқан  Ф.  есімді  аспаз  бартын.  Оның  басқалардан 

айрымашылығы сол,  ешқашан тұтқындарға сорпа құйғанда  олармен тамыр-

таныстығына,  туыстығына   қарамайтын.  Ӛзгелер  болса  танысы  не   туысы 

келе қалса қазанның түбін қопарып, сорпаның қоюуын құйып беруге барын 

салып  бағатын. Ф. Аспаздың сол болмашы әділдігінің ӛзі кеудені қуанышқа 

толтырып,  адам  рухына  әл  беретін.  Лагерде  кімнің  ажал  құшатынын  алдын 

ала  оп-оңай  білуге  болатын.  Әдетте,  тұтқындардың  біреуі  болашақ  ӛмірден 

үмітін  үзсе  ӛмірі  де  сол  мезгілде  қоса  үзілетін.  Ертеңгі  күннен  жақсылық 

күтуден біржолата түңілген жігіттер күнделікті ісінен жаңылатын. Таң ертең 

тұрып  жуынбайтын.  Қатарға  барып  қосылмайтын.  Ұрып,  соғып,   қорқыту 

оларға  ешқандай  әсер  етпейтін.  Тіпті  бірнеше  күн  далаға  да  шықпастан 

үлкен,  кіші  дәретіне  былғанып  жата  беретін.  Ең  соңғы  күні  қалтасының 

қуысына тығып қойған ең соңғы шылымын алып шегеді. Сол кезде оның сол 

күні ӛлетіні анық болады. Олармен тілдескенде маған беретін жауабы әманда 

біреу еді: «Маған келешектен күтетін дым да қалған жоқ!». Менің түрмедегі 

және  бір  танысым  қызық  жағдайда  жан  тапсырды.  Бір  күні  ол  маған  ӛзінің 

ғажайып  түс  кӛргенін  айтып  берді.  Түсінде  бір  дауыс  оған  менен  білгің 

келген  нәрсе  болса  сұрай  бер   мен   сұрақтарыңа    жауап  берем  деп  тіл 

қатыпты.  Мен:  түрмедегі мына азап қашан бітеді деп сұрадым. Дауыс маған 

«30 наурызда бітеді» деп жауап берді. Бұл оқиға 1945 жылдың ақпан айында 

болды.  Менің  досым  осы  кӛрген  түсін  айтқанда  оның  ӛмірге  деген 

құштарлығы  ӛте  жақсы  болатын.  Кеудесі  де  үміт  пен  сенімге  толатын. 

Себебі, ол кӛрген түсін Құдайдан келген аян деп нық сенетін. Арада зымырап 

бір  ай  ӛте  шықты.  Әне-міне  дегенше  29  наурыз  да  болды.  Бірақ  біздің  азат 

болатын  түріміз  жоқ.  Сол  күні  кешке  менің  досымның  ыстығы  кӛтеріліп, 

ауырып, мазасы қаша бастады. Ол ертеңіне түрмеден босанып шықпайтынан 

кӛзі жеткен соң бірден құлазып, құлдырап кетті. Келесі күні азанда ол қайтыс 

болды.  Адамның  жаны  туралы  білетін  кісі  бұл  құбылысты  қиналыссыз 

түсінеді.  Адам  жаны  үміттен  кесіліп,  жанына  тірек  болар  сенім  таппағанда 

денсаулықтағы  иммун  жүйесі  де  қоса  құлдырайды.  Менің  досымның  сенімі 

күйреп,  үміті  үзілгенде  денеде  қолайлы  сәтті  күтіп  жатқан  сүзектің  бүкіл 

вирусы  асқынып  шыға  келді.  Осылайша  ол  бір  күнде үмітсіздіктің  құрбаны 

болды.  Бірақ  қалай  болғанда  да  түсінде  естіген  дауыс  оған  дұрыс  жауап 

берген.  Расында  да  оның  азапты  ӛмірі  30  наурыз  күні  тоқтады  ғой.Түрмеде 

ӛзін  ӛзі  ӛлтіреуге  әркеттенген  тұтқындарды  құтқарып  қалуға  рұқсат 

етілмейтін.  Фашистер  ӛлгісі  келгендерді  ана  дүниеге  кедергісіз   шығарып 

салғанды  жақсы  кӛретін.   Мысалы,  асылып  жатқан  адамдардың  арқанын 

кесіп,  оларға  кӛмек  кӛрсетуге  тыйым  салынған.  Мен  қасымдағы  екі 

жолдасымды ажалдан алып қалдым десе де болады. Олардың екеуі де «Бізде 

болашақ  жоқ.  Ертеңгі  күннен  күтетін  дәнеме  де  қалған  жоқ»  деп  асылуға 

іштей  дайындық  қылып  жүрген.  Мен  олардың  екеуімен  де  сырластым. 

Сӛйтсем  біреуінің  кішкентай  баласы  туыстарына  еріп,  шетелге  ӛтіп  кетіпті. 



Ол әлі сонда тірі екен. Мен оған қалайда сол балаға тірі жету керек. Онымен 

жолығып,  ары  қарай  жаңа  ӛмір  бастауға  мүмкіндік  мол  деп  сендірдім.  Ал 

екіншісі  ғылыммен  терең  айналысатын   ғалым  екен.  Ол  соғысқа  дейін 

бірнеше кітап та шығарып үлгерген. Бірақ жұмысы толық аяқталмаған. Мен 

оған  қалай  да  тірі  қалып,  сол  кітаптарды  жазып  бітіру  керек  деп  үгіттей 

бастадым.  Расында  да  сәлден  соң  оның  кеудесінде  үміт  оты  күшейіп, 

болашаққа ұмтыла бастады. Кейін екеуі де аман қалды.Азапқа толы тӛрт жыл 

артта қалған соң Франкл тұтқыннан босап шығады. Сол кезде оның түрінен 

адам  шошитындай  еді.   Арсиған   сүйектерді   құр  терімен  қаптап  қойған 

секілді.  Бұрынғы  үйі  боса  да  жоқ.  Кабинеті,  кітаптары,  бомбаның  астында 

қалды.  Он  бес   жыл  кӛз  майын  тауысып,  зерттеп  жазған  докторлық 

дисертациясын фашистер ӛртеп жіберген. Түрмеде ата-анасы, әйелі бақилық 

болып  кетсе  де,  Франкл   жаңа   ӛмір  бастайды.  Кейін  келе  сырқаттанып 

жатқан  ауру  адамдарға  ӛмірдің  мәні  туралы  мазмұнды   әңгімелер  айтып, 

сырқат  кісілердің  жаңа  ӛмір  бастауына  жәрдем  қылады.  Бұл  ғылымды 

«логотерапия»  яғни  ӛмірдің  шаттықа  толы  мән-мағынасын  табу  арқылы 

бақытты тағдырға  қол жеткізетін  ғылым  деп атайтын. Ол осы ілімді дамыту 

арқылы ең атақты ғалымға айналады. Ғылыми атағы жӛнінен  онымен теңдес 

келетін ешкім жоқ еді. Кӛптеген қуатты елдердің  президенттері, ғалымдары, 

философтары  онымен  жолығысып,  ӛмірдің  мәні  туралы  сӛйлескісі  келіп, 

ӛтініш жасайтын. Ӛмірдің мағынасын іздеу деген ұмтылыс кез келген адамға 

туа 


бітетін 

мінез. 


Осы 

талпыныстың  

шынайылығы 

мен 


тұрақтылығы   пенденің   бүкіл  ӛмірінің  қай  арнаға   ауатынын  анықтап 

тұрады.   Уақытша  қызыққа  алданып,  ӛмірінің  мағынасын  жоғалтып  алған 

адам  бейне  бір   ауасыз  бос  кеңістікке  шығып  кетіп,  қалқып  жүргендей 

жағымсыз  сезімге  шырмалады.  Бұл  ӛмірде  табан  тірейтін  тиянақты  ештеме 

таппаған ғаріп жандар небір бақытсыздықты бастан ӛткереді. Оны психолог 

ғалымдар «экзистенциалды вакуум» деп атаған. Дәл осы «тіршілік вакуумы» 

адам тағдырында кездесетін күллі қасірет пен қайғының қайнар бұлағы деп 

санайды. Ең қызығы Франкл «ӛмірдің мәні рақат пен қызық» деп есептейтін 

философтарға  үзілді  кесілді  қарсы  шығады.  Керісінше  дәл  осы  қызық 

қуалайтын  құмарлық   адам  ӛмірінің  мәнін  жояды.  Сондықтан  адамдар 

қиындықпен  ізденіп,  осы  әлемге  жасырылған  ӛмір  сырын  тапсын  деп 

қорытындылай  келе  бӛтен  адамды   жақсы  кӛріп,  арланбай   оның  қызметін 

қылып,  әжетіне  риясыз  жарағанда  адамның  ӛзі  де  тұлға  ретінде  қалыптаса 

бастайды.  Неғұрлым  ол  қасындағы  серігіне,  жолдасына,  әріптесіне 

кӛмектесіп,  соның  кӛңілін  тауып  шаруасына  жегілсе  соғұрлым   оның 

адамгершілік  қасиеттері  шыңдалып,  ешкімге  тәуелсіз  тұлғаға  айналады  деп 

түйіндейді.  Осылайша  Освенцумдағы  тозақи  түрмеден  тірі  шыққан  Виктор 

Франкл  1997  жылы  92  жасында  дүниеден  кӛшті.  Франклдың   «адамзатқа 

пайдам тисе» деген игі арманы оны ӛмірдің ең қиын белестерінен аман-есен 

алып  ӛтіп,  ақыл  есі  алжымаған  айқын  қалпында  о  дүниеге  салтанатпен 

шығарып  салды. Сӛз  соңында  оқушыларға  мынадай  ақиқаттарды  бірнеше 

мәрте  қайталап  айтып,  саналарына  сіңіруге  тырысу  керек.  Балалар 

сендер   бұл   дүниеге  қасыңдағы  жолдасыңды,  сабақ   беретін  ұстаздарыңды 



күн  сайын  қуантып,  оларға  шаттық  силау  үшін  ғана  келдіңдер.  Бозбала 

кезіңнен қартайып шау тартқанша сенің міндетің, адамдық борышың  - адам 

ұрпағына  қуаныш  пен  шаттық  силау.  Кез  келген  адамның  баласына  жаның 

ашып,  оның  нәсіліне,  ұлтына,  түріне,  дініне,  тіліне  қарамастан  оларға  адал 

қызмет етіп, еткен қызметіңе мақтау, бодау, ақы күтпестен бақытты сезімде 

жүру ӛмірдің негізгі мәні болып табылмақ! 

Елбасы: «Ӛмірдің мәні – Аллаға құлшылық етіп, Отанға адал қызмет қылу» 

«Бәрі  ӛмірдің  мәнін  танығысы  келеді…  Мен  аз  жасаған  жоқпын,  ӛмірден 

алған  тәжірибеме  қарап  айтарым,  ӛмірдің  мәні  неде  деп  ойлану  құр  дүние. 

Ӛмірдің  мәнін  Жаратушы  Алла  туған  кезде  қанымызға  сіңірген,  сондықтан, 

әуел баста-ақ қай уақытта не істейтініміз, қашан оқу оқимыз, қашан үйленіп, 

қанша  жыл  ӛмір  сүріп,  қашан  ӛмірмен  қоштасатынымыз  маңдайымызға 

жазылып  қойған…  Сондықтан,  ӛмірдің  мәні  не  деп  ойлаудың  қажеті  жоқ. 

Тағдыр  деген  бар…  Тағдырдан  бір  сәт  те  кейін,  не  ілгері  жүре  алмаймыз. 

Бірақ, адамзат су тасқынынан сақтанамын деп, жер сілкінісінен қашамын деп 

шара қолданады ғой, үстіңе кӛлік құлап келе жатса, сен секіріп қашасың ғой. 

Сол сияқты, тағдырдың кейбір сынақтарымен сен күресе аласың және жеңе 

де аласың», — деген Елбасы ӛмірдің мәнін алыстан емес, ӛмір сүріп отырған 

бүгінгі  күннен  іздеу  керектігін  еске  салды.  «Сондықтан,  ӛмірдің  мәні 

қарапайым  адам  үшін  –  жақсы  ӛмір  сүру,  ӛз  Отаныңның  болашағы  үшін 

еңбектену.  Бүгінгі  күнмен  ӛмір  сүру.  Ал,  біз  «қай  жерден  қателестім  екен» 

деп  үнемі  не  кешегі  күнмен,  «ертең  не  болар  екен  деп»  не  ертеңгі  күнмен 

ӛмір сүреміз… Біз ертең не болатынын білмейміз ғой. Қазір мен осы жерде 

сӛйлеп  тұрмын,  5  минуттан  кейін  бұл  тарихқа  айналып  шыға  келеді…  Енді 

оралмайтын нәрсені ойлап не қажеті бар? Кеткен кетті ғой… «20,30 жылдан 

кейін  не  болар  екен  деп»  тағы  айтамыз.  Біз,  тіпті,  ертең  не  болатынын 

білмейміз.  Табиғат  пен  Жер-ана  соншалықты  «нәзік»,  оның  айналасында 

неше  түрлі  қауіп  бар.  Адам  басына  келетін  неше  түрлі  нәрсе  бар.  Оның 

барлығын ойласаң, ӛмір сүре алмайсың. Алла бізге жан берген кезде қашан 

ӛлетініңді  айтқан  жоқ,  оны  білетін  болсақ,  ӛмірдің  ӛзі  сұмдық  болар  еді. 

Сондықтан,  ӛмірдің  мәні,  дінімізде  айтылғандай,  Аллаға  қызмет  ету,  дұрыс 

ӛмір  сүру…Ӛкінішке  қарай,  адамзаттың  барлығы  тура  жолмен  жүрмейді. 

Ӛмірдің  мәні  –  жақсы,  дұрыс  ӛмір  сүру,  жақындарыңды  жақсы  кӛру, 

Отаныңды  сүю,  ұрпағыңа  болашақ  қалдыру»,  —  деп  Н.Назарбаев  ӛз  ойын 

қорытты. 



Күллі жер жүзі біздің кӛз алдымызда ӛзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, 

жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап ӛзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-

сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан 

арылмасақ, кӛш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін 

емес.  Ӛзгеру  үшін  ӛзімізді  мықтап  қолға  алып,  заман  ағымына  икемделу 

арқылы  жаңа  дәуірдің  жағымды  жақтарын  бойға  сіңіруіміз  керек.  ХХ 

ғасырдағы  батыстық  жаңғыру  үлгісінің  бүгінгі  заманның  болмысына  сай 

келмеуінің  сыры  неде?  Меніңше,  басты  кемшілігі  –  олардың  ӛздеріне  ғана 

тән  қалыбы  мен  тәжірибесін  басқа  халықтар  мен  ӛркениеттердің 

ерекшеліктерін  ескермей,  бәріне  жаппай  еріксіз  таңуында.  Әжептәуір 

жаңғырған  қоғамның  ӛзінің  тамыры  тарихының  тереңінен  бастау  алатын 

рухани  коды  болады.  Жаңа  тұрпатты  жаңғырудың  ең  басты  шарты  –  сол 

ұлттық  кодыңды  сақтай  білу.  Онсыз  жаңғыру  дегеніңіздің  құр  жаңғырыққа 

айналуы  оп-оңай.  Бірақ,  ұлттық  кодымды  сақтаймын  деп бойыңдағы  жақсы 

мен  жаманның  бәрін,  яғни  болашаққа  сенімді  нығайтып,  алға  бастайтын 

қасиеттерді  де,  кежегесі  кері  тартып  тұратын,  аяқтан  шалатын  әдеттерді  де 

ұлттық  сананың  аясында  сүрлеп  қоюға  болмайтыны  айдан  анық.  Жаңғыру 

атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге  шекеден 

қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей ӛткен озық  дәстүрлерді 

табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер 

жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол  адасуға 

бастайды. 

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан 

қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Қазіргі таңда жеке адам 

ғана  емес,  тұтас  халықтың  ӛзі  бәсекелік  қабілетін  арттырса  ғана  табысқа 

жетуге  мүмкіндік  алады.  Бәсекелік  қабілет  дегеніміз  –  ұлттың  аймақтық 

немесе  жаһандық  нарықта  бағасы,  я  болмаса  сапасы  жӛнінен  ӛзгелерден 

ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық ӛнім ғана емес, сонымен бірге, 

білім,  қызмет,  зияткерлік  ӛнім  немесе  сапалы  еңбек  ресурстары  болуы 

мүмкін. 


Болашақта  ұлттың  табысты  болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес, 

адамдарының  бәсекелік  қабілетімен  айқындалады.  Сондықтан,  әрбір  қазақ-

стандық,  сол  арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ  ғасырға  лайықты  қасиеттерге ие  болуы 

керек.  Мысалы,   компьютерлік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білу,  мәдени 

ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің  алға  басуына  сӛзсіз  қажетті 

алғышарттардың  санатында.  Сол  себепті,  «Цифрлы  Қазақстан»,  «Үш  тілде 

білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар 

–  ұлтымызды,  яғни  барша  қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың  талаптарына 

даярлаудың  қамы.  Қанымызға  сіңген  кӛптеген  дағдылар  мен  таптаурын 

болған  қасаң  қағидаларды  ӛзгертпейінше,  біздің  толыққанды  жаңғыруымыз 

мүмкін емес. 



Тӛл  тарихымызға,  бабаларымыздың  ӛмір  салтына  бір  сәт  үңіліп  кӛрсек, 

шынайы  прагматизмнің  талай  жарқын  үлгілерін  табуға  болады.  Халқымыз 

ғасырлар  бойы  туған  жердің  табиғатын  кӛздің  қарашығындай  сақтап,  оның 

байлығын  үнемді,  әрі  орынды  жұмсайтын  теңдесі  жоқ  экологиялық  ӛмір 

салтын  ұстанып  келді.  Тек  ӛткен  ғасырдың  ортасында,  небәрі  бірнеше  жыл 

ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан 

бері  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келген  ұлттық  прагматизм  санаулы  жылда 

адам  танымастай  ӛзгеріп,  ас  та  тӛк  ысырапшылдыққа  ұласты.  Соның 

кесірінен,  Жер-Ана  жаратылғаннан  бері  шӛбінің  басы  тұлпарлардың 

тұяғымен  ғана  тапталған  даланың  барлық  құнары  құрдымға  кетті.  Түгін 

тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат 

аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шӛлге айналды. Осының 

бәрі  –  жерге  аса немқұрайлы  қараудың  ащы  мысалы.  Біз жаңғыру  жолында 

бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп 

жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.  

Прагматизм – ӛзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді 

пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен 

астамшылыққа,  даңғойлық  пен  кердеңдікке  жол  бермеу  деген  сӛз.  Қазіргі 

қоғамда  шынайы  мәдениеттің  белгісі  –  орынсыз  сән-салтанат  емес. 

Керісінше,  ұстамдылық,  қанағатшылдық  пен  қарапайымдылық,  үнемшілдік 

пен орынды пайдалану кӛргенділікті кӛрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім 

алуға, саламатты ӛмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық 

бере  отырып,  осы  жолда  әр  нәрсені  ұтымды  пайдалану  –  мінез-құлықтың 

прагматизмі деген осы.Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт 

немесе  жеке  адам  нақты  бір  межеге  бет  түзеп,  соған  мақсатты  түрде 

ұмтылмаса,  ертең  іске  аспақ  түгілі,  елді  құрдымға  бастайтын  популистік 

идеологиялар пайда болады. 

Ӛкінішке  қарай,  тарихта  тұтас  ұлттардың  ешқашан  орындалмайтын  елес 

идеологияларға  шырмалып,  ақыры  су  түбіне  кеткені  туралы  мысалдар  аз 

емес.  Ӛткен  ғасырдың  басты  үш  идеологиясы  –  коммунизм,  фашизм  және 

либерализм біздің кӛз алдымызда күйреді. 

Бүгінде  радикалды  идеологиялар  ғасыры  келмеске  кетті.  Енді  айқын, 

түсінікті және болашаққа жіті кӛз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас 

ұлттың да нақты мақсатқа жетуін кӛздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың 

кӛгіне  темірқазық  бола  алады.  Ең  бастысы,  олар  елдің  мүмкіндіктері  мен 

шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу 

онжылдықтардың  ұраны  болуға  жарайды.  Ұлттық  жаңғыру  деген  ұғымның 

ӛзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. 

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің кӛкжиегін кеңейту. 

Екіншіден,  ұлттық  болмыстың  ӛзегін  сақтай  отырып,  оның  бірқатар 

сипаттарын ӛзгерту. 

Қазір  салтанат  құрып  тұрған  жаңғыру  үлгілерінің  қандай  қатері  болуы 

мүмкін? 



Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге 

алмастыру  ретінде  қарастыруда  болып  отыр.  Алайда,  ӛмірдің  ӛзі  бұл 

пайымның  түбірімен  қате  екенін  кӛрсетіп  берді.  Іс  жүзінде  әрбір  ӛңір  мен 

әрбір  мемлекет  ӛзінің  дербес  даму  үлгісін  қалыптастыруда.  Ұлттық  салт-

дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз,  жоралғыларымыз,  бір 

сӛзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 

Абайдың  даналығы,  Әуезовтің  ғұламалығы,  Жамбылдың  жырлары  мен 

Құрманғазының  күйлері,  ғасырлар  қойнауынан  жеткен  бабалар  үні  –  бұлар 

біздің  рухани  мәдениетіміздің  бір  парасы  ғана.  Сонымен  бірге,  жаңғыру 

ұғымының  ӛзі  мейлінше  кӛнерген,  жаһандық  әлеммен  қабыспайтын  кейбір 

дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. 

Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны 

мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені  – ӛзіңнің біртұтас 

ұлы  ұлттың  перзенті  екеніңді  ұмытуға  әсте   болмайды.  Біз  әркім  жеке 

басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға-

ланатын  меритократиялық  қоғам  құрып  жатырмыз.  Бұл  жүйе  жең  ұшынан 

жалғасқан тамыр-таныстықты кӛтермейді. 

Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы 

жақсы  мен  жаманды  санамалап,  теру  емес.  Мен  қазақстандықтардың 

ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. 

Біріншісі  –  ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет  сақталмаса,  ешқандай  жаңғыру 

болмайды. 

Екіншісі  –  алға  басу  үшін  ұлттың  дамуына  кедергі  болатын  ӛткеннің 

кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Білімді, кӛзі ашық, кӛкірегі ояу болуға 

ұмтылу  –  біздің  қанымызда  бар  қасиет.  Тәуелсіздік  жылдарында  қыруар 

жұмыс  жасалды.  Біз  он  мыңдаған  жасты  әлемнің  маңдайалды 

университеттерінде  оқытып,  дайындадық.  Бұл  жұмыс  ӛткен  ғасырдың 

тоқсаныншы  жылдарының  басында  қолға  алынған  «Болашақ»  бағдар-

ламасынан 

басталды.  Елімізде  ӛте 

жоғары 

деңгейдегі 

бірқатар 

университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да 

кӛптеген  іс  тындырылды.  Дегенмен,  білімнің  салтанаты  жалпыға  ортақ 

болуға  тиіс.  Оның  айқын  да,  бұлтартпас  себептері  бар.  Технологиялық 

революцияның  беталысына  қарасақ,  таяу  онжылдық  уақытта  қазіргі 

кәсіптердің  жартысы  жойылып  кетеді.  Экономиканың  кәсіптік  сипаты 

бұрын-соңды  ешбір  дәуірде  мұншама  жедел  ӛзгермеген.  Біз  бүгінгі  жаңа 

атаулы  ертең-ақ  ескіге  айналатын,  жүрісі  жылдам  дәуірге  аяқ  бастық.  Бұл 

жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл ӛзгертуге қабілетті, аса білімдар 

адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бӛлінетін 

бюджет шығыстарының үлесі жӛнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің 

санатына  қосылып  отырмыз.  Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы 

білім  екенін  әркім  терең  түсінуі  керек.  Жастарымыз  басымдық  беретін 

межелердің  қатарында  білім  әрдайым  бірінші  орында  тұруы  шарт.  Себебі, 

құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. 

Биыл  Еуразия  құрлығының  ұлан-ғайыр  аумағын  астаң-кестең  еткен  1917 

жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл толады. 



Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы 

барша  ұлттарға  мейлінше  әсер  етіп,  бүкіл  болмысын  ӛзгертті.  Әрбір  жұрт 

тарихтан ӛзінше тағылым алады, бұл  – әркімнің ӛз еркіндегі шаруа. Біреуге 

ӛзіңнің кӛзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы 

ӛздерінің  субъективті  пайымдарын  тықпалауға  да  ешкімнің  қақысы  жоқ. 

Ӛткен  ХХ  ғасыр  халқымыз  үшін  қасіретке  толы,  зобалаң  да  зұлмат  ғасыр 

болды. Біріншіден, ұлттық дамудың кӛнеден жалғасып келе жатқан ӛзімізге 

ғана  тән  жолы  біржола  күйретіліп,  қоғамдық  құрылымның  бізге  жат  үлгісі 

еріксіз таңылды. 

Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның 

жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. 

Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. 

Тӛртіншіден,  еліміздің  кӛптеген  ӛңірлері  экологиялық  апат  аймақтарына 

айналды. 

Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды. 

ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. 

Индустрияландыруды,  әлеуметтік  және  ӛндірістік  инфрақұрылымдардың 

құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады. 

Бұл  кезеңде  елімізде  белгілі  бір   жаңғыру  болды.  Бірақ,  бұл  –  ұлттың  емес, 

аумақтың  жаңғыруы  еді.  Біз  тарихтың  сабағын  айқын  түсінуіміз  керек. 

Революциялар  дәуірі  әлі  біткен  жоқ.  Тек  оның  формасы  мен   мазмұны 

түбегейлі  ӛзгерді.  Біздің  кешегі  тарихымыз  бұлтартпас  бір  ақиқатқа  – 

эволюциялық  даму  ғана  ұлттың  ӛркендеуіне  мүмкіндік  беретініне  кӛзімізді 

жеткізді.  Бұдан  сабақ  ала  білмесек,  тағы  да  тарихтың  темір  қақпанына 

түсеміз.  Ендеше,  эволюциялық  даму  қағидасы  әрбір  қазақстандықтың  жеке 

басының  дербес  бағдарына  айналуға  тиіс.  Бірақ,  қоғамның  эволюциялық 

дамуы  қағида  ретінде  мәңгі  тұмшаланудың  синонимі  емес.  Сол  себепті, 

тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, ӛзіміз күнде кӛріп жүрген қазіргі 

құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу 

де  айрықша  маңызды.  Бүгінде  революциялар  ӛңін  ӛзгертіп,  ұлттық,  діни, 

мәдени,  сепаратистік  перде  жамылды.  Бірақ,  бәрі  де,  түптеп  келгенде, 

қантӛгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын кӛріп отырмыз. 

Сондықтан,  әлемдегі  оқиғаларды  ой  елегінен  ӛткізіп,  қорытынды  жасау  – 

қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің 

де  ауқымды  дүниетанымдық,  рухани  жұмысының  бір  бӛлігі.  Кӛптеген 

проблема әлемнің қарқынды ӛзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-

сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды. 



Бір  қарағанда,  жер  жүзіндегі  миллиардтан  астам  адам  ӛзінің  туған  тілімен 

қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын 

тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет 

етпейтіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері 

–  неміс,  француз,  испан,  итальян  немесе  басқа  да  тілдерді   сыйламай  ма? 

Әлде  100  миллиондаған  қытай  мен  индонезиялықтар,  малайлар  ағылшын 

тілін  еріккеннен  үйреніп  жатыр  ма?  Бұл  –  бәзбіреулердің  әншейін  қалауы 

емес,  жаһандық  әлемге  еркін  кірігіп,  жұмыс  істеудің  басты  шарты.   Бірақ, 

мәселе  бұған  да  тіреліп  тұрған  жоқ.  Сананың  ашықтығы  зерденің  үш 

ерекшелігін  білдіреді.  Біріншіден,  ол  дүйім  дүниеде,  Жер  шарының  ӛзіңе 

қатысты  аумағында  және  ӛз  еліңнің  айналасында  не  болып  жатқанын 

түсінуге  мүмкіндік  береді.   Екіншіден,  ол  жаңа  технологияның  ағыны  алып 

келетін ӛзгерістердің бәріне дайын болу деген сӛз. Таяудағы он жылда біздің 

ӛмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, 

қысқасы,  барлығы  түбегейлі  ӛзгереді.  Біз  бұған  да  дайын  болуымыз  керек. 

Үшіншіден, бұл – ӛзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға 

сіңіру  мүмкіндігі.  Азиядағы  екі  ұлы  держава  –  Жапония  мен  Қытайдың 

бүгінгі  келбеті  –  осы  мүмкіндіктерді  тиімді  пайдаланудың  нағыз  үлгісі. 

«Ӛзімдікі  ғана  таңсық,  ӛзгенікі  –  қаңсық»  деп  кері  тартпай,  ашық  болу, 

басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл  – табыстың кілті, әрі 

ашық зерденің басты кӛрсеткіштерінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне 

үйден  шықпай,  терезеден  телміріп  отырып  баға  беретін  болса,  әлемде, 

құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын кӛре алмайды. 

Кӛкжиектің  арғы  жағында  не  болып  жатқанын  да  біле  алмайды.  Тіпті, 

бірқатар  ұстанымдарымызды  түбегейлі  қайта  қарауға  мәжбүрлейтін  сыртқы 

ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады. 




Қазіргі  ғылым  (педагогика,  психология)  былай  дейді:  «Тұлғаның  ашылуы 

кәсіби  іс-әрекетінде.  Адам  ӛзінің  тұлғалық  және  кәсібилік  сапасын  кӛрсете 

алады, 

ӛзін-ӛзі 

дамушылығын 

кӛрсете 


алады, 

қоғамда 


аты 

шығып,   белсенділігін  байқатады».  Осы  қағидада  ӛзін-ӛзі  анықтауы  және 

ӛзін-ӛзі  бекітуі  кӛрінеді.Ӛзін-ӛзі  кәсіби  анықтау  деген  –  кәсіби  әрекетіндегі 

тұлғаның  дамушылық  процесі  және  ӛзінің  қабілетін,  тұлға-психологиялық 

мүмкіншілігін  жүзеге  асыру.  Ол  бір  кезеңде  болмайды,  толық  белсенді 

жұмыс  әрекетінде  атқарылады.  Осы  жолда  мақсаттар  мен  міндеттер 

қалыптасады.  Осы  процесс  адамның  ӛмір  бойғы  жолымен  табады  және  де 

ӛзін-ӛзі  бекітуінің  толықтай  негізі  болып  саналады.Ӛзін-ӛзі  кәсіби  бекіту  – 

кәсібилік  қабілеті,  кәсібилік  мотивация,  кәсібилік  ӛзіндік  санасы,  мінезінің 

қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол кезде тұлға 

әрекетінің  стилі  қалыптасады,  тұлғаның  кәсібилігі  қалыптасады.Сондықтан, 

тұлғалық-кәсібилік  даму,  ӛсу  —  адам  дамуындағы  үзілмейтін  процесс.  Осы 

кезде  ӛзін-ӛзі  басқаруы,  қоғамның  ӛзгерістерін  байқауы,  қоршаған  ортамен 

байланыс жасай отыра, ӛмірдің кӛп қырлылығын қабылдауы ӛмір мен кәсіби 

тәжірибесінде анықталады. .А. Абульханова, Э.Ф. Зеера, Е.А. Климова, Н.С. 

Пряжникова,  П.Г.  Щедровицкйдың   кәсіби  ӛзін-ӛзі  анықтаудағы  рефлексия 

мәні  туралы  ойларын   дамытсақ,  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет