Байқау әдісі. Ғылыми әдіс ретінде байқау әдісіне белгілі талаптар қойылады.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші
психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау,
әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай ақ
жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (құбылысын(, сӛз
реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға
болады. Байқау әдісінің елеулі артықшылығы-адамның психикалық
кӛріністерінің табиғилығы сақталатындығында.
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің артықшылығы- зерттеушінің керекті
құбылыстың кӛрініс беруін күтіп отырмай, оны ӛзі туғызатындығында.
Психологиялық эксперименттің екі – лабороториялық және табиғи
жағдайдағы формасы бар.
Лабораториялық эксперимент. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке
психикалық процестерді зерттеу үшін кең түрде қолданыла бастады. Неміс
ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны эксперименттік жолмен
зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Бұл әдісті
жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет. Лабораториялық
эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсіну, еске түсіру)
зерттеу үшін де кӛп қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: