Психологияның әдістері
Эксперименттік
Қосалқы әдістер
Лабораториялық
Тест
Әңгімелесу
Анкеттік
Модельдеу
Негізгі әдістер
Табиғи
Бақылау
Табиғи эксперимент. Бұл эспериментті психологияға тұңғыш енгізген
орыс психологы Лазурский (1874-1971). Оның лабораториялық
эксперименттен айырмашылығы – адам әдеттегі жағдайда сыннан ӛтеді. Бұл
экспериментті жүргізу кезінде алдын ала баланың белгілі іс - әрекеттері
зерттеледі және онда психикалық ерекшеліктер айқынырақ кӛрініс береді.
Табиғи
жағдайдағы
эксперименттің
артықшылығы
оның
байқау
методтарының және эксперименттердің жақсы қасиеттерін біріншісінің
табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.
Әңгімелеу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда әңгіме мақсатын алдын ала айқын
анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеу ӛте маңызды Әңгіме барысында
сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілетін
жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Зерттелінушінің берген жауабы
жазылып алынып, кейінен мұқият талданады да, осыған орай тиicтi
қорытындылар жасалады.
Анкеттік әдіс.Бұл әдісті пайдаланған кезде сұрақтар мазмұнының
айқындығының және олардың дұрыс құрылуының, анкетті толтыру тәpтiбi
жӛніндегі егжей - тегжейлі нұсқаудың, алынған материалдарды сандық және
сапалық жағынан ұқыпты ӛңдеудің, статистикалық әрекеттердің дұрыс
қолданудың үлкен маңызы бар. Бұл әдістің артықшылық қасиеті дұрыстығы
"кӛп сан заңымен" анықталатын кӛлемі үлкен материал aлyғa
болатындығында.
Тест әдісі.Тесттер деп аталатын (тест - сынау, тексеріп кӛру) әдістер
ерекше бip топ құрайды Тестер басқа әдістерден ең алдымен, жаңа
заңдылықтарды ашу үшін емес, сыннан ӛтетін адамда белгілі бip
қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданатындығымен ерекшеленеді.
Тесттің мазмұны мен құрылымы алдын ала жүргізілген кӛп кӛптеген
эксперименттер негізінде сыннан ӛтіп тексеріледі. Тесттердің кӛмегімен
адамдардың
БЕЛГІЛІ
бip ic-әрекетті орындауға әзipлік деңгейлері анықталады.
Дұрыс құрастырылған тестер адамдарды белгiлі бip
КӘСІПКЕ
ipiктеп алу үшін
де кеңінен қолданылады.
Модельдеу
әдіci.Психикалық
құбылыстарды
техникалық
және
математикалық тұрғыдан модельдеудің бастаулы кибернетика және
құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты.
Модель зерттелетін объектінің орнына жүpетін"орынбасар" сияқты.
Модельді жасау үшiн зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жӛнінде
жеткілікті бiлім болу қажет. Сондықтан да модельдің дұрыстығы,
толықтығы, жан - жақтылығы белгілі бip құбылыс туралы білім деңгейіне
тәуелді болады. Бұл әдісті қабылдау, түйсік, ес және басқа психикалық
процестерді зерттеу үшін пайдаланады.
Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы
қолданымын табуда:
Ұйымдастыру әдістері ӛз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы,
қызметі ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не
адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік
әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар ӛкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты,
әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы
құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі
туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және
әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен ӛзіндік
бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы)
әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ
беру, социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, іс-
әрекет ӛнімдерін талдау әдістері; ӛмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді ӛңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық
(алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу - түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық
ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.
Психология ғылымының салалары.
Дамудың қaзipгi кезеңіндегі психологиялық ғылым- ғылыми пәндердің
күрделі де тармақталған жүйесi болыптабылады. Психологияның жеке
салалары ӛзара тығыз байланысты. Қaзipгi кезде психология ғылымының
қырыққа жуық салалары бар. Осы ғылымның кейбір салалары: еңбек, яғни
нақты ic-әрекет үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын
зерттейді. Осы тұрғыдан психология ғылымы -
педагогикалық,медициналық, әскери, инженерлік, жас ерекшелік, спорт,
әлеуметтік, салыстырмалы т.б. болып, бірнеше салаларға бӛлінеді.
Педагогикалық психология
оқу, тәрбие істepiнің оқушы санасына
қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен кӛлемін
анықтау, балалардың жас мӛлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар
құрастыру - кeйбip оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету
себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс icтеудің жолдары, жыныс
тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын ала жасалынған үлгіге қарап оқыту
әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалықпсихология зерттейтін
ғылыми мәселелердің бір тобы.
Медициналық психология
дәpiгep мен науқастың арасындағы
қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі кӛріністерін зерттейді. Ол ӛз
тарапынан
нейропсихология,
психоформалогия,
психотерапия,
психопрофилактика, психогигиена деген салаларға бӛлінеді.
Инженерлік психология
адам мен техниканың қарым - қатынасынан
туындайтын психологиялықмәселелерді зерттейді. Ол адамныңмашинамен
ӛзара әрекеті туралы мәселелерді оныңӛзінде, негізінен ӛндірістік
механикаландыру мен автоматтандырудын жоғары сатыға кӛтерілген
жағдайында, басқарудың автоматтандырылған жүйесі жағдайында зерттейді.
Психология ғылымының келесі бipтопқа енуіне даму принципі басты
негізалады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жас ӛспірім, кемел, егде
жастағылар психологиясы жатады, ал арнаулы психология психикасы кеміс
адамдардың түрлі жақтарын зерттейді.
Салыстырмалы психологияға
зоопсихология, этология дейтін caлaлаp
кіреді. Балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық
факторлардын баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық
дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді.
Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұжымның жеке адамдарға
тигізетін ықпалын зерттеу ісімен психологияның әлеуметтік (қоғамдық) деп
аталатын саласы айналысады. Психологияның сот, космос, кітапхана, сауда,
ӛнер т.б. сияқты ӛмір саларына байланысты да түрлері бар.
Психология
сондай-ақ
жаратылыстану
(биология,
физилогия,
неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдармен де тығыз
байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына кӛшу
кезеңдегі адамдардың кӛңіл-күй ерекшеліктерін, егемендік пен тәуелсіздіктің
адам психикасына қалайша әсер етіп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие
процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан
зерттеу осы ғылымның басты міндеттері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |