Сезiмталдық (сензитивность) - адамның қандай да психикалық жауап әрекетiнiң (реакция) пайда болуына себепшi сыртқы әсер күшiнiң ең төменгi деңгейi мен сол жауап- әрекеттiң туындау шапшаңдығы.
Жауап-әрекетке келу (реактивность) - бiрдей ықпалды сыртқы не iшкi әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесi.
Белсендiлiк (активность) - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергiлердi жеңу үшiн жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейiн қою, бағдар таңдау ж.т.б.).
Жауап-әркетке келу мен белсендiлiк қатынасы - адам iс-әрекетiнiң өзiн пайда еткен себепке қаншалықты тәуелдi екенiн бiлдiруi: кездейсоқ сыртқы немесе iшкi жағдайлар (көңiл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам ж.т.басқалардан.
Икемдiлiк (пластичность) - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңiл әрi жылдам үйренiсе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт (инертно), тiптi жат қылық көрсетуi.
Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой бiлдiру шапшаңдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |