Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тәуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе же-текшi және қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағыт- бағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адам-ның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыз-дық, қорқақтық және альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мәнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан көздеген iсiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.
Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:
Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтiрiкшi, әдептi - дөрекi т.б.).
Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер – ерiншек т.б.)
Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзiмшiл т.б.).
Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, ұқыпты – салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие екенi сөзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адам-мен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесiне тәуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. фор-маларда көрiнетiн iзгi ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бiрi екiн-шiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келедi немесе қарама-қарсы, бiрақ бiрiнiң кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iс- әрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мәндiрек келiп, мiнез түрiнiң басқаларынан ажыралуына себепшi болады.
Мiнез әр тұлғада өзiнше көрiнiске ие, солайда болса, оның құрамында белгiлi топ адамдарына ортақ бiтiстердi бiрiктiруге болады. Осыдан, мiнез түрi (типi) - адамдардың кейбiр тобына тән қасиеттiң бiреудiң дара мiнезiнде нақты көрiнуi. Мұның түпкi себебi - мiнез тума берiлмейдi, әр адамның белгiлi топ, қоғам өкiлi болуынан оның өмiр жағдайы мен iс-әрекетiне сай қалыптасады.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әртүрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылым дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады. Қалыпқа түскен, адамгершілігі айқындала бастаған мінездің негізгі компонентіне сенімдер жүйесі кіреді.
Сенімділік адам мінез – құлқының принциптілігін, күресте бас имейтіндігін, өз күш –жігерін жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін анықтайды. Қажеттілік пен мүдденің басымдылығына қарай адамның өзіндік мінезі қалыптасады. Рухани немесе материалдылық қажеттілік пен мүдденің өктем болуы адамның сезімдерін ғана емес, оның іс бағытын да анықтайды. Қалыпқа түскен ұнамды мінездің өзегі – жеке адамның ерік-жігерлілік сапасы болып табылады. Ерік-жігері күшті адам талап – тілектерінің және қылықтарының анықтылығымен, өз бетінше әрекет ете алушылығымен көзге түседі.
Қабілет - жеке адамның оқшауланып тұратын құрлымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады. Қабілет және наным көптеген ғалымдар мен жазушылардың айтуынша адамның іс-әрекетіне, әсіресе творчествосына оның нанымы із қалдырады. Маңызды әлеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады Егер адам халқына қызмет етуді, адамзатты тым болмаса колективін материалдық немесе рухани жағынан байыта түсуді мақсат тұтса, онда осы мақсат алдағы міндетті орындауға қуат береді. Ерік сапалары және қабілет. Творчестволық істің қандай болмасын адамның барлық күш-қуатын жұмсауды қажет етеді. Шабыттану мен көңіл тасудың уақытша жылт етуі үздіксіз қажырлы еңбек етуді қамтамасыз ете алмайды; бұл үшін жүйелі және белгілі тәсілмен еңбек етуге қол жеткізетін, кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін жігер қажет. Мақсаттан қайытпау ,ерлік және өзін-өзі ұстай білу, табандылық және дербестілік - бұлар аса дарынды, көрнекі қайраткерлерде болатын ерік сапалары.
3-суретте қабілеттің түрлері көрсетілген.
Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.
Таланттылық даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар творчестволық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.
Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді:
1. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет болып табылады.
2. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнайы қабілет деп атаймыз.Мысалы, суретшінің, музыканттың, актердің қабілеттерін жатқызуға болады.
4-суретте қабілеттің даму кезеңдері көрсетілген.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез - шабан, оңай - қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, "қабілет" түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:
Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет - кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын жо¹ары ептілік. 3. Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. Нышандар дамуының элеуметтік процесстерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі кәсіпке сай нышанның белгісі болса, онда оның нақты еңбекке арасындағы болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты байланыссыз көп мағыналы келеді, сондықтан белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай эртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін.Осындай, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орыдаушы, дирижер, биші әнші, музыка сыншысы идеалог, компубртор т.б. болары ықтимал.
Қабілет — жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады.
Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.