Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні


Тағы бір пікір «Орал – Алтай» теориясы. Оны мақұлдамаушылар көп. Тілдік белгілерге мыналар көрсетіледі



бет24/36
Дата14.12.2021
өлшемі111,05 Kb.
#126494
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
turkitanugai kirispe darister

Тағы бір пікір «Орал – Алтай» теориясы. Оны мақұлдамаушылар көп. Тілдік белгілерге мыналар көрсетіледі:

  • Дауысты дыбыстардың үндесуі;

  • Дауыстылардың ассимиляциясы;

  • Түбірдегі үнді дыбыстардың біршама ұқсастығы;

  • Жалғамалық белгісі;

  • Атау септігінің, тәуелдік жалғауының болуы;

  • Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздеріне қатысты сөздің алдында тұрады;

Бұл сияқты ұқсастық туыстықтан гөрі типологиялық ұқсастықтан аса алмайды. Себебі бұл тілдер аралығында дыбыстық немесе формалық ұқсастық жоқ..

Ғұн дәуірі.

Біздің заманнан бұрынғы бір мың жылдықта қазіргі монғолияның оңтүстігінен Каспий теңізіне дейінгі Орталық Азияның кең аймағын жайлаған ғұндар (сюнну) қытайларға шабуыл жасап түрған.

Ғұн империясы сол кездегі Евразиядан алғашқы топтық қоғам болып саналады. Ғұндардың келбеті монғол типті, сонымен қатар еуропалықтар қанының да араласы барлығы байқалған. Бұл типтес халықты Г.Ф.Дебец «пале сібірлік» (Гумилев Л. Хунну М, 1960, 99 бет). В.П.Алексеев дөңгелек жүзді Еуропалықтардың Азияға соның ішінде орта Азия мен Түркістан жеріне, одан әрі монғолияға дейін тарағандығына, олардың бүгінгі қазақ пен қырғызға ұқсас екендігін айтты (Алексеев В.П. В поисках предков М., 1972, 251 бет). Академик Н.Кондрадтың пікіріне сүйенсек «Ғұндар қозғалысы орта Азияны, орталық Азияны және оңтүстік – шығыс Еуропаны мекендеген сан мыңдаған тайпалардың үдіре көшуіне себепші болды». (Кондрад Н.И. Запад и Восток. М., 1972, 459 бет). Біздің эроамызға дейінгі I ғасырларда Қытай қорғаны қабырғасынан басталып, біздің дәуіріміздің V ғ кіндік Еуропада аяқталған осы қозғалысты шын мәнінде «ұлы көш» деп бағалауға болады.

Соңғы кезге дейін ғұндарда «варварлар» деп түсіндірді. Ғұн мемлекетінің тарихын зерттеген Л.М.Гумилев «ғұн тайпалық бірлестігінің жалпы адами өркениетке зор үлес қосұандығын айтады. Тіпті ғұндардың жазу мәдениеті Орхон – Енисей жазба ескерткіштеріне негіз болған деп жорамалдайды. Тарихшылардың пайымдауынша б.з.д. II ғасырда Байкал маңы мен Монғолия қола металлургиясының үлкен орталығы саналады». (История Сибири том 1. Ленинград, 1968, 213 бет). Асыл тастарды өңдеген. М: пириттан моншақ жасаған. Ал пириттін қаттылығы 6 балға тең. Оны 0,3 мм көлемде тесу үшін алмас бұрғы керек болар еді. Осыны ғұн зергерлері қалай тескен? Құпия.

Ғұндардың қолөнері «Сібір скифтерінің аң стилі» деп аталған өнер түріне жатады. Зергерлік бұйымдар М: Стокгольмде қиыр шығыстың көне мәдениеті мұражайында табылған 2000 астам мұрағаттар сақтаулы.

Академик В.Жирмунский көне грек эпосы «одиссея» мен көне түркі эпосы «Алпамыс» сюжеттеріндегі ұқсастықтарды тауып, түркі халықтарының тарихын Европа топырағынан іздеуге бой ұрады. Керісінше, әлемде көп уақыт бойы ұлы халық қатарынан орын алған және көптеген ұлтпен рухани тамыры көне ғұндарда атқанын ғалымдардың көпшілігі мойындағысы келмейді.: Жирмунский пікірінше үндес қазақ этнографы Ә.Қоңыратпаев «Гомерді көне түркілік баба ғұмыр» дейді және осы стилі неге гректерде кейін жоқ..., ал түркілерде өмір бойы, тарих бойы сақтаулы, бәлен бай жерлер бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет