сыртқы ортаға бағытталуына әлсіз көңіл бөлумен ерекшеленеді. Олар
көпшілікпен тез араласа алатын ашық, ынталы және әртүрлі жағдайға тез
бейімделе алады. Интроверттер, керісінше, өзінің ішкі дүниесіне
бағытталған, өзін-өзі талдауға және тұйық мінезділікке бейімделген.
Темпераменттің бұл типі сөзсіз таза түрде сирек кездеседі. Жеке тұлға
қасиетін жан-жақты жүйелеу үшін Карл Юнгтің теориясына негізделген және
құрастырушы Изабель Майерс-Бригс пен оның анасының құрметіне аталған
Майерс-Бригс әдісі қолданылады. Осы әдіс бойынша адамдардың типі төрт
категория бойынша негізгі белгі әрбір жұптан адамның келбетінің таңдау
жолымен анықталады.Джон Честардың баяндауында оларды толығымен
келтіреді:
1.
Экстраверттер
(Е) сыртқы әлемге өзінің энергиясын бағыттайды.
Олар сөйлейді және әрекет жасайды. Интроверттер керісінше, іске кірісуден
бұрын ойланғанды жақсы көреді. Олар байсалды ақыл-ой белсенділігін талап
ететін жұмыстарды дұрыс көреді.
2.
Сенситивтер
(S) –
ақпарат жинау үшінөз сезім мүшелерін белсенді
қолданатын адамдар. Олар реалистер және осы әлемнің түгел ұсақ-түйегінде
жақсы бағытталады.
Интуитивтер
(N), керісінше сол және басқа
стиуациялардың зор күшейтуді және терең ойларды көреді, сондықтан өз
қиялының көмегімен әлемді бағалайды.
3.
Логиктер
(Т) ұтымды және қисынды тұжырым жасайды. Олар ненің
дұрыс және дұрыс емес екенін тұжырымдайды. Олар талдау жасайды.
Эмоционалдар
(F), керісінше өз сезімі негізінде шешім қабылдайды (ал бұл
сезім өз кезеңінде өзін бағалау жүйесінде негізделеді). Олар өнегелі, қайғыға
ортақтасатын және қайырымдылық жасауға бейімді, ептілігімен
ерекшеленеді.
4.
Рационалдар
(J) ретке келтірілген ұйымдасқан өмір жүргізеді, өмірде
неғұрлым көп оқиғаларға талдау жасаса, соғұрлым олар үшін жақсы.
Иррационалдар
(Р), керісінше ішкі себептерден пайда болған реакциямен
ерекшеленеді, жаңа тәжірибені қолдайды.
Жеке тұлғаның осы теориясының дамуын темпераменттің төрт типі
бойынша адамдарды бөліп көрсететін калифорнистік психолог Дэвид
Кирсидің ұсынуымен есептеуге болады: NF – романтикалық, нәзік; NT - әуес,
қисынды; SJ – ұйымшыл, жауапты; SP – ойнап қалған, ерікті. Іскерлік қарым-
қатынастың кең тараған формасы болып сұхбаттық қарым-қатынас болып
табылады, яғни темпераменттің белгілі типімен байланыста болатын сол
немесе басқа тұлға бойынша жеке тұлғаның саналы қасиеті мен мінез-
құлқының ерекшелігі ерекше толық көрінетін сөйлеу қатынасы болып
саналады.
2.
Достарыңызбен бөлісу: