Д) Ресейлік стиль. Американ бизнесмендердің ойынша, орыстардың бір ерекшелігі: олар жалпы
мақсаттарға көп көңіл бөледі, ал бұл мақсаттарға қалай жету керектігіне
көңіл аз бөлінеді. Келіссөз барысында мәселені шешуде ресейлік
бизнесмендері абайлап іс-әрекет жүргізгенді жөн санайды және тәуекелдікке
көп бара бермейді. Орыстар көбінесе өздері ұсыныстар жасамайды, олар
әріптестің ұсынысына жауап беріп отырады. Тағы бір ерекшелігі: олар
келіссөз барысында талаптарды мүмкіндігінше жоғарлатады. Компромисске
бара беруді орыстар қаламайды
Оқытудың техникалық құралдары : интербелсенді тақта, слайдтар
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: дамыта оқыту
технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі: 1- деңгейдің сұрақтары 1.Этика туралы сипаттама беріңіз
2.Іскерлік қарым-қатынастардың мәнін анықтаңыз
3. Келіссөз стилін арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз
2- деңгейдің сұрақтары 1. Джен Ягер бойынша Іскерлік этикеттің 6 негізгі принципін ашып жазыңыз.
2. Қазіргі таңда менеджерлерге қойылатын этикалық талаптарды
түсіндіріңіз.
3. Ұйымның этикасы мен әлеуметтік жауапкершілігін сипаттап жазыңыз
3- деңгейдің сұрақтары 1.
Қарым-қатынас пен қатынас ұғымдарын ерекшеліктерін көрсетіңіз.
2.
Басшы мен бағынышты қатынасын негізін қалайтын факторларды
көрсетіңіз.
3.
Іскер адам киімі (костюмі) туралы өз бетінше түсіндіріңіз.
ОБӨЖ тапсырмалары: Этика - адам тәртібін реттеудің бір формасы
тақырыбына талдау жасаңыздар
БӨЖ тапсырмалары: Басқарушылық қызмет мәдениеті - эссе
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: