Қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары Орындаған: Шарипова А. М. Ппк91



Дата07.02.2022
өлшемі146,37 Kb.
#83831
Байланысты:
Шарипова Айдана,ППК91,қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары
Қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары 20 сәуір тапсырмасы, Қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары 20 сәуір тапсырмасы

Қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары

Орындаған:Шарипова А.М. ППК91

Тексерген: Оразбаева К.О.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, рефлексиясын дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой өрісін байыту» деп атап көрсетілген

Қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары жеке адамның емес,қоғам дамуын қамтамасыз ету қажет. Осыған орай құзыреттілік түрлері:

Жеке құзыреттіліктер-өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін,кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды,өз бетімен шешім қабылдауды талап етеді.

Қоғам орнататын құзыреттіліктер- қазіргі өзгермелі қоғам болашақ мамандарды кәсіби дайындау мәселесін жаңа сипатта тұжырымдауды талап етеді. Қазіргі заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу,рефлексиясын дамытуға,кәсіптік шыңдауға,үздіксіз өзгеріп отыратын заманауи технологияларды меңгеру болып табылады.

Ұжымдық мақсаттарға жету үшін құзыреттіліктер-қандай да бір мақсатқа жету үшін үдеріс.Бұл мақсатқа жету мәдениеті,адам іс әрекет жасау керек.Тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыру қабілетінің дайындығы.


Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, рефлекцияға қабілетті,тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Өз ісінің маманы болу – әр маманның кәсіби міндеті. Осы мәселені шешуде болашақ маман даярлаудағы рефлексивті құзыреттіліктің орны ерекше.

Қазіргі заман талабына сай мұғалімге қойылатын талаптары

  • Өз мамандығын жақсы көретін,кәсіптік шеберлігін ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытатын адам болуы.Қоғамдық ортада беделді адам болуы,сыни тұрғысынан ойлайтын,ұлттық құндылықтарын бағалайтын тұлға болып қалыптасу;
  • Өз бойында рефлексивті,эмпатиялық сезімдерді қалыптастыру;
  • Теорияны жақсы меңгерген,ұдайы ізденіп,өзінің пәндік,психологиялық,педагогикалық және әдістемелік білімін,мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы;
  • Заманауи технологияларды толық меңгерген,ғылымның әр саласынан хабардар,жан-жақты білім болуы.
  • Осының барлығы жүзеге асу үшін қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптарын қарастыру қажет.Біз оны қалай қамтамасыз ететінімізді қарастыру қажетпіз.Жеке тұлғаны табысты дамыту үшін оны жақсы жұмыспен қамту қажет,сонымен қатар денсаулығының қауіпсіздігі,саяси мүмкіндіктер, үнемі дамытушылық,экономикалық,экологиялық жағынан қамтитын болсақ,ол жүзеге асады.Өйткені мұның барлығы жеке тұлғаға әсер етеді.

Қазір ғылыми-техниканың, өркениеттің даму заманы. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі тұлғаның ой-өрісіне байытады. Ал білім сапасын жоғарылату, құзыретті маман тәрбиелеу осы технологиялар арқылы дамиды.Өйткені қазіргі өмірде заманауи технологиялар үлкен рөл атқарады. Күннен-күнге дамитын технологияларды меңгерген маманның құзыреттілігі жоғары болады.Мысалы IT технологияларын атап өтуге болады.Мына заманда білім алушылардың да алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде.

Қазіргі заманғы мұғалімге мынадай ақпараттық құзыретілікті жатқызуға болады:

  • Заманауи ақпараттық алқаптарында ақпаратты ұтымды іздеу және пайдалану әдістерін білуі керек;
  • Компьютерлік ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдысын игеру;
  • Ақпаратты Интернетке жеткізе білуі;
  • Компьютер және Интернет –технологияларының көмегімен ашық және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру дағдысын меңгеру;
  • Интернет технологиялары арқылы студенттерге өзіндік жұмысты ұйымдастыруды білуі.
  •  

Қорытынды

Сонымен қорытындылай келгенде заман талабы тұлғаның бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін,заманауи технологиялард меңгеретін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы: Ғылым, 2010.

2.https://bilimdinews.kz/?p=84413

3.https://infourok.ru/oushilardi-it-ziretteri-deigeyin-baalau-zhne-olardi-ou-zhetistigine-ipalin-anitau-3045148.html

 4.Степанов С. Ю., Похмелкина Г. Ф. Принципы рефлексивной психологии педагогического творчества // Вопросы психологии. 1991. № 5. С. 35–38

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет