Лекция Тақырып: Абай және жаңа дәуірдегі қазақ әдеби тілі Абай Құнанбаев поэзиясының тілі қазақ әдеби тілінің дамуындағы жаңа белес Абайдың сөз қолдану аясының әр тараптығы


Улы сыя, ащы тіл...» «Асау жүрек аяғын шалыс басқан



бет2/3
Дата20.05.2020
өлшемі26,94 Kb.
#70014
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
ЛС, ПС 11

Улы сыя, ащы тіл...»

«Асау жүрек аяғын шалыс басқан,

Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?»

«Алқыны күшті асаулар

Ноқтаға басы керілді...»

«Адасқан күшік секілді



Ұлы жұртқа қайтқан ой»

тағы басқа осылар сықылды ауыз әдебиеті, не Абай алдындағы тарихи әдебиетте қолданылмаған эпитеттер Абайда көп.

Абай өлеңдеріндегі жаңа эпиттер әр түрлі жолдармен жасалынады: жалғаусыз түбір күйінде, жалғау, жұрнақ арқылы, не сөз, не дыбысты тастап кету арқылы жасалынады.

«Пәледен тұрмыс шошынып,

Тұл бойын желік жеңгенді»
Осы екі жолдағы ерекшелік сөздің бір әрпін қысқарту. «Тұла бойы» бұрын да бар: «Тұла бойым тұңғышым», «Тұла бойы тұрған ақыл» т.б. бірақ, «Тұл бойы» - Абайға шейінгі әдебиетте қолданылмаған сөз.

Абай эпитетінің ой-сезімге ететін әсерін жаңарту үшін кейде инверсия заңына сүйенеді. Басқаша айтқанда: эпитеттің дағдылы орнын ауыстырады. Дағдыда эпитеттердің қай түрі болсын мейлі, анықтайтын сөздердің алдында келеді. Мысалы:

«Қызыл шұбар айдаһар»,

«Сорғалап көктен қыран құйылғанда»,

«Алтын тақ»

«Сайраған Ортажүздің бұлбұлымын».

Абайдың эпитеттерді қолдану жөніндегі екінші бір түрі жоғарғы айтылған инверсия заңына сүйеніп, эпитеттердің дағдыдағы орнын ауыстыру.

«Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ»
«Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті,

Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті...

Сырты қысқа, бауыры жазық келіп,

Арты талтақ, ұмасы үлпершекті...»

Дағдыда: «Шығыңқы ауыз омыртқа, майда жалды» болуы керек болса:

Абай: «Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды» деп эпитетін анықтайтын сөзден кейін қояды. Бұл әдіс Абайдың көп өлеңдерінде кездеседі.

Эпитеттің осы түрінің маңында да ұлы ақынның өзіне тән ерекшелігі жоқ емес. Мысалы:

«Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға»

Бұл үзіндідегі эпитеттер де, жоғарғы талдағандар сықылды, инверсияның заңына сүйеніліп жасалынған. Бірақ, олардың айырмасы, инверсияға негізделініп жасалғанмен де, бұл жалаң эпитет, инверсия ғана емес, әрі шендестіру (антитеза). Суреттемек өмір құбылысын жинақы, жарқын етіп беру үшін ақын поэтик тілдің үш түрінің бір жерге басын қосқан да, сол арқылы аңшылық өмірді таң қалғандай етіп бере білген.

Абай адамның, не басқа өмір құбылысының сырт кескінін суреттемекші, портретін жасамақшы болса, эпитетті пайдаланады. Абайдың: Аттың сыны, Қыз сыны, жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдерінің негізгі тәсілі – эпитет.

Мысалы: (аттың сыны) – «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» - деген өлең 28 жолдан құралған екен, соның ішінде поэтик тілдің басқа түрінен «Шоқпардай» деген жалғыз-ақ сөзден басқасы түп-түгел эпитет. Осының өзі-ақ эпитет Абадың сүйіп қолданған тәсілі екенін дәлелдейді. Абайда, әсіресе, эпитеттің күрделі түрі көп ұшырайды. Мысалы:

«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет