Лекция тақырыптары 1 Бөлім. Психологияға кіріспе Глоссарий: Ассоциация



бет1/8
Дата10.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#55641
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Псих пани

Лекция тақырыптары
1 Бөлім. Психологияға кіріспе

Глоссарий:

Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы

Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.

Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына қатысты бақастыруды негіз етеді.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.

Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.

Детерминизм принціпі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық себептер мен заңдылықтардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи-дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс бірлігі себептерінен туындайды деп қарайды.

Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Сана – психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы формасы, объективті шындықтың адам миындағы бейнесі.

Темперамент – жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Т. адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типінің күшіне, теңдігіне, ауысу ерекшелігіне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады, ол: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик.

Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.

Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдір

Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге дег»ен қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.

Психологиялық функциялар. Адамдар мен әлемнің арасындағы байланыстардың айырмашылығын көрсету үшін К.Г.Юнгтің қолданған тулға құрылымына кіретін 4 функциялары. Ойлау мен сезім рациональді функциолар ретінде біріктірілген, себебі олар өмір тәжірибесі жайлы пайымдаудың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал.

Рецептивті бағдар - бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ, өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен алуға болады деген көзқарас қалыптасады. Бейімделу және ұнау қажеттілігі дәрменсіздік сезімін туындатады, ол қазіргі адамның әрең байқалатын рецептивтілік көзіне айналады. Рецептивтіктің жасырын, алайда кең таралған бұл формасы қазіргі «фольклорда», әсіресе жарнамалық орындалуда тіпті қисынсыз форма қабылдайды.

Ұжымдық санасыздық. Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі.

Эго. Біз нені сезінсек соны белгілеуге арналған К.Г.Юнг қолданған термин.

Т.б. ұғымдар


1-тақырып. Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері

Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Дәріс мақсаты: Студенттерде психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері, психология ғылымының салалары, әдістері. қазіргі кездегі психология, психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы туралы білімдерді қалыптастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1. Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері.

  2. Психология ғылымының салалары, әдістері.

  3. Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы.

Дәріс тезисі.

1.Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері. Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пәні болады. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні - психика. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам. Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі. Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалық құбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды-сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Психологияның тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология»термині гректің екі сөзінен тұрады: псюхе (жан), логос (сөз, ілім); «Жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Психология термині алғашқы да 16 ғ. пайда болды. Бастапқы да ерекше сезімді психикалық құбылыстар зерттеулерімен айналысты. Ол құбылыстар әр адамды өзін-өзі бақылау арқылы көре алады. XVII-XIX ғ. психиканың зерттеу сферасы көбейді. ХХ ғ. психикалық зерттеулер көптеген ғасырлар бойы жинаған құбылыстар айнасынан бөлінді және өзінің бастапқы жағын жоғалтты. ХІХ ғ. психология ғылыми білімінің жеке және әрі эксперименталды аймағы болып қалыптасты. Психология алдымен өзіне субьективті құбылыстарды, яғни адам және жануар психикасын зерттеді. Басқа құбылыстар адам мен адамдар арасындағы байланысты реттеп, олардың іс-әрекетін басқарды. Сонымен қатар психология адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мінез-құлқын, олардың психикалық құбылысқа байланысын және оған тәуелділігін зерттеді.



Психологияның міндеттері. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде.

Психология ғылымының міндеті - психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу ( Жан құбылысын жете түсінуге мүмкіндік беру; Адамды тәлім-тәрбиеге ұмтылту; Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашу; Ғылыми шығармашылықтың әлеуметті мәдениетке байланыстылығын көрсету; Психология ғылымының қалыптасуын және жеке тұлғаның рөлін зерттеу).

Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика обьективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің обьективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық мәліметтермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін обьектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.

Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.



2.Психология ғылымының салалары, әдістері. Психология ғылымдар жүйесінде маңызға ие және бірнеше функциялар атқарады. Психология тек қана теория емес, инженерия практикалық психологияның мәнділігін құрайды. Егер арнайы білімаі бар инженер ғылымның практикаға негізделуін қамтамасыз етсе, практик пасихолог, ол да инженер, бірақ техника емес, адам аймағындағы инженер.

Психологияның негізгі міндеті – психологиялық мәселелерді шешу. Бұл мәселелерді шешу психологияның барлық стратегиялық жүйелерінде: теориялық психология, қолданбалы психология және практикалық психологияда жүзеге асырылады.

Бір кездері әлеуметтік психологияның қызметін адам психикасының заңдылықтарын танумен шектеді. Педагогикалық психология өкілі Максим Григорьевич Рубинштейн ХХ ғасырдың басында «психологияның мақсаты – адам жанын объективті білу»,-деп түсіндірді.

Психология психиканы жетілдіру, психиканы жақсарту сұрақтарын қарастырмайды, ол ештеңкені бағаламайды, психикаға қатыстының барлығы психология үшін зерттеу объектісі болып табылады. Ол данышпандылықты тек мәлімет ретінде қарастырады. Бізге психология данышпандылықты, талантты қалай жасауды, жетілдіруді психологиялық мағынада үйретпейді. Бұдан шығатын қорытындылар психология шегінен шығып жатады және психология оған құзыретті емес. Осыған байланысты әлеуметтік позициялар психологиялық қорытындылар мен психология саласында құзыретті емес адамдардың жауына мүмкіндік береді. Адамның жан дүниесі жайлы қорытынды жасау мен психологиялық білімі жоқ адамдардың айналысуы мүмкін емес. Сонымен бірге психологиялық білімдер күнделікті өмірде және адам туралы ғылымдар аумағында аз қолданыс табуда.

Психология кез келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік:

І. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); Лонгитюдтік «генетикалық жол» әдіс (бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу-баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді); кешендік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).

ІІ. Эмпирикалық әдістер: Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұқбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау, биографиялық (өмірбаян) әдістер енеді.



ІІІ. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).

ІV. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.

  1. Негізгі әдістер: бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай); Эксперимент (лабораториялық, табиғи)

  2. Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ, математикалық-статистикалық, конспект-анализ.

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады:

өзін-өзі бақылау өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы, немесе обьективтік бақылау – фактілер мен құбылыстардың табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Ол: а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекетін түсіну; ә) оның ішкі психикалық мәнін ашып көру; б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу. Бақылау бір жағдайда «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.

Эксперимент- себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:

  • Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.

  • Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.

  • Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.

  • Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Орыс ғалымы А.Ф. Лазурский (1874-1917), 1910 ұсынған, эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы болып, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы-зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада. Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Бұл әдістің бақылау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзінекерек құбылысты табиғи жағдайда тудыртып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандайда болмасын бір әрекет ұйымдастырады. оқыған текстеріне ат қоюды, осы тест бойынша әңгіме құрастыруды талап етеді т.б.

Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі эксперимент эксперименттік әдісіне кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін қалаған Выготсий. Қалыптастырушы эксперимент-балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі.



Лабораториялық- ХІХ ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лабораторияны ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.

Тест-белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тестің түрлері көп (ашық, жабық, жанама, тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық, стандартты, обьективті, проективті, вербалды, т.б.)

Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар алдын-ала даярланады.

Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.

Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қою, респонденттің жауап беру арқылы болған әдіс.

Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % пен ғана айтылады.

Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.

Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.

Математикалық-статистика – белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.

Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)

Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.
3.Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның дамуы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Психология-Жан туралы ғылым

  2. Психология-Сана туралы ғылым

  3. Психология-мінез-құлық туралы ғылым

  4. Психология-психика механизмдері мен заңдылықтарының фактісінің дамуын зерттейді. зерттейді. Адамның психикасын, психологиялық таным процестерін, психологиялық типологиялық ерекшелігін, жеке адамның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

  1. Психология-Жан туралы ғылым. Психика жөніндегі алғашқы түсініктер Анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) сипатта болды. Әлемдік психикалық ой-пікірдің даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы (атақты философ) Аристотельден «О душе» трактатын жазып шығарды «ассоциация» ұғымын енгізді. (б. з. д. 384-322) басталатын ішкі тарих. Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүргін ғұламалар Гераклит «Өзіңді танып, білу үшін, ғылымды біл. Өмірде болып жатқан құбылыстар құдайдың көңіл күйінде емес, заңдылыққа байланысты» деген, «логос» терминін енгізген; Гиппократ (әйгілі дәрігердің баласы) «адамдар организмін зерттеген және аурудың себебін зерттеді. Сұйықтықтардың пропорциясына байланысты дейді, сау адамдар мен ауру адамдардың айырмашылығы» Лукреций, Эпикур, Демокрит. т.б. Ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Аристотель өзінің «жан туралы» трактатында жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, ( Тірі денеден жанның бөлінбейтіндігі туралы идеясын бірінші болып айтқан), мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтты. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың, арақатынасына байланысты болған. Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериалы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: материалистік және идеалистік. Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Психикалық құбылыстарды идеалистік (Платон-«жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ. Жанның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол-идеалды. Таным-психиканың сыртқы дүниемен өзара әрекеті емес, жанның адам тәніне енгенге дейін идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Обьективті дүние-танымдық қызметтің обьектісі емес, соған себепші ғана». Сократ- бойынша табиғат пен адамды құдай жаратқан) тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика-тәнсіз, материялсыз негіздің-«абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі, дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады. Психиканы материалистік (Демокрит-«Адам әртүрлі атом сортынан жаратылған. От атомы жанды құрайды» деді. Лукреций, Эпикур, Гераклит- ол дүние оттан п.б.; Фалес-«дүние судан п.б.» Аниксимандр-«апейрон» Анакеймен- «воздух» Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-фараби (870-950)) тұрғыдан түсінудің идеализмге қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында.

  2. (XVII) Психология-Сана туралы ғылым. Психологияның зерттеу пәні –сана деп қарастырды. Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) (екінші кезеңнің басталуы) Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті-оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс Рефлекс-(жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді, деді). Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тәуелсіз екі субстанцияның-материя мен рухтың-бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім «дуализм» (латын тілінен «қосалқы») деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарастары бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт обьективтік идеализм деген атқа ие болды. Декарттың жан мен денені бөліп салғанын, голландтық философ Спиноза (1632-1677) біріктірді. «Эмперикалық психология» терминін неміс философы ХVІІІ ғ. Х. Вольфом енгізді. Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704) түсінігі бойынша- сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүнеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша «таза тақта». Сана-адамның жеке тәжірибесінен жинақталады. Неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) психологияның дамуымен психиканың механизмдерін түсінуге ықпалын тигізді. Ол психологияға «сана» ұғымымен қатар санасыздық ұғымын енгізді, санасыз түрде пайда болатан шексіз шағын перцепциялар бар екенін жоққа шығармайды. Туа берілетін идея жөніндегі Декард ілімін қолдай отырып, Локк сынын ескерді, оның сәбидің психикасы «таза тақта» деген тезиске қарсы шықты.

ХІХ ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды. Вильгельм Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Вундт психологияны-сана құрылым ғылымы деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас деп атады. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция («ішке үңілу»), өзін-өзі бақылау әдісін қолданды. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми обьективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік – экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, - интроспективтік психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.

У. Джемс американдық психолог «Функционалдық көқарас». «Сана ағымы» деген теориясы бар. Сана функциясының адам өміріндегі ролі зерттеуді жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс «үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны мен күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.

Эббингауз (1850-1909) ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында, белгілі неміс психолог Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.

Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда одан әрі дамуында Ч. Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір эволюция нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903) айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) - біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады.

Отандық ғылымының негізін салушы психолог Сеченов И.М. (1829-1905)- «Рефлексы головного мозга» кітабында (1863) негізгі психологиялық процесс физиологиялық трактовкадан алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет