Лекция тақырыптары 1 Бөлім. Психологияға кіріспе Глоссарий: Ассоциация



бет8/8
Дата10.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#55641
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Псих пани


4.Тұлға және этнос. Негізгі мәселелер: ұлттық психика түсінігі, ұлттық психика адамдардағы мазмұны, ұлттық – психологиялық құбылыстардың қалыптасу факторлары, ұлттық психологиялық ерекшеліктер мазмұны. Адамзат, адамдар қауымдастығы, топ, этнос, ұлт, ұлттық сана, ұлттық қызығушылықтар мен құндылықтар, ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, ұлттық қатынас, «Біз » және «Олар», этносы психологиялық қорғау;

Этникалық қауымдастық – тарихи даму бірлігі, территориясы, тілі, мәдениеті сияқты белгілнрімен бірлескен адамдар бірлестігі. Этникалық қауымдастық болуы толықтылықтың «Біз» ұғымының «Олар» ұғымымен ашылатын саналы қабылдануы.

Ұлттық психика – адамдардың қоғамдық санасының негізгі бөлімі. Қоғамдық психологияның ең маңызды компоненті. Ол адамдардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде шынайы түрде көрінеді – олардың санасының барлық формаларын жинақтайды саясатты, құқық, мораль, дін, ғылыми, шығармашылық және философиялық.

Этникалық психология – адамдардың этникалық психикасын зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.

Объектісі - әр-түрлі этникалық қауымдастықтар.

Пәні - әр-түрлі этникалық қауымдастықтардағы ұлттық психологиялық құбылыстар мен процес-ң көріну ерекшеліктері.

Ұлттық психиканың қалыптасу факторлары – психиканың пайда болуы мен функционалдануын негіздейтін ерекшеліктері.

Категориялары – зерттейтін нақты құбылыстар мен процестер.

Ұлттық психика ұлттық бағдарлар мен ұлттық стериотиптер механизм-н көрінеді.

Ұлттық – психологиялық феномендерде нақты қасиеттері болады. Олар заңдылықтардың көріну ерекшеліктерін бейнелейді:


  • барлық басқа психикалық құбылыстарға детерминация жасай алу қабілеті; (әрбір ұлт-қорш.)

  • күрделі әр-түрлілік ( әр қауымдас-а құб-р, процес-ң, жағдай-ң,өзара әрекеттің, өзара қатынас ерекше сипаттамалары бар, оларды қаб-у, зерттеу, түсіну, өте күрделі).

  • Олардың әр-түрлілігін бір жалпыға әкелу мүмкін емес ( әр-түрлі қауым-ң өкілдерінің психиканы көрсетуде өз ерекш-і бар).

  • ҰПҚ зерттеу принциптері - олардың дамуында тарихи жағдайларды есепке алу принципі; әлеуметтік топ, басқа кластарда оларды талдау принципі, олардың әр-түрлілігінің көрінулерін есепке алу принципі;

5. Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі. Психодиагностика – психологиялық диагнозді өңдеу және қою мәселесімен айналысатын ғылым. Психодиагностика – адам психикасын «құралды» бағалауға мүмкіндік беретін тесттер жиынтығы. Психодиагностика – тұлға тұтастығының индивидуалды ерекшеліктеріне белгілі заңдылықтардан баратын ойлаудың ерекше формасы.

Сонымен, психодиагностика диагноз қою және болжамдау үшін қажет, яғни белгілер қатары бойынша психолог қандайда бір мінез-құлықтың себебі болған психикалық қасиеттерді анықтайды.



Психологияда психодиагностикалық әдістемелердің көптеген классификациясы бар.

С.Л. Рубинштейн классификациясы:

Негізгі зерттеу әдістері:

  1. Бақылау:

  • тікелей (адамды),

  • жанама (адам іс-әрекетінің нәтижесін),

  • сыртқы (объективті).

  1. Эксперимент:

  • лабораториялық (модельденген);

  • табиғи (кәсіби іс-әрекет барысында);

  • қосалқы (анкета, әңгімелесу);

  • үйрету бойынша.

Зерттеудің ерекше түрлері:

  1. Генетикалық (әртүрлі жасерекшелік топтар арасындағы салыстыру);

  2. Салыстырмалы (норма және патология арасында).

Б.Г. Ананьев классификациясы:

  1. Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі ( әрқандай топты жасы, қызметі және т.б. бойынша салыстыра зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектіні жан – жақта, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.

  2. Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер:бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу әдістері; шығармашылық, іс әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.

  3. Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау ) әдістері.

  4. Реттеу – түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу – үйрету әдісі.

Психодиагностикалық әдістерді келесідей бөлінеді:

    • жауап формасына қарай – ауызша және жазбаша;

    • зерттелушілер санына қарай – индивидуалды және топтық;

    • міндеттердің біржақтылығына қарай – гомогенді және гетерогенді;

    • бағыттылығы бойынша – жылдамдыққа, күштілікке, тұлғааралық қатынастарды диагностауға;

    • кешенділігіне байланысты – жалғызілікті және тесттік батареяларға;

    • тағайындалуы бойынша – жалпы диагностикалық, кәсіби жарамдылыққа;

    • алынған нәтижелерге диагносттың әсері бойынша – объективті және субъективті.

1921жылы Роршах психодиагностика терминін енгізді. Қазіргі психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Білімін жетілдіру клиникалық кезеңінде ашылған. Бұл кезде адамдар жайлы эмпирикалық психологиялық білімдерді талдау жасауда негізгі шешуші рөлді дәрігерлер алады. Бұған дейін бұл мәселелермен философтар және жазушылар айналысқан. Сол жылдары дәрігерлерді әлемде кең тараған ауруды емдейтін невроз және жан ауруларына шалдыққан адамдардың ауруының шығу тегі және себептерін табу қызықтырды. Дәрігер психиатрлар Европа клиникаларында ауруларға жүйелі бақылау жасап, оның нәтижесін талдай бастады. Сол кезде психодиагностикада бақылау, сұрақтама, құжаттарды талдау сияқты әдістер шыға бастады. Психодиагностиканың сандық әдістері XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан деп есептеуге болады. Сол кезде алғаш рет неміс психологы В. Вундттың басшылығымен бірінші рет эксперименталдық психологиялық лабаратория ашылды. Онда техникалық құралдар қолданыла бастады. Негізгі психологиялық процестерге байланысты адамның жағдайының құрылысы қазіргі психодиагностикалық әдістердің негізінде жүргізіледі. Бұл кездерде математикалық мүмкіндік теориясы аймағында психодиагностикалық әдістер қолданыла басталды. Бірінші және екінші статистикалық өңдеуден өткен эксперименталды мағлұматтар дәл осы жылы шыға бастады. Кейіннен факторлық анализ қолданылады. Ол алғашқыда психодиагностикада жеке тұлғаның ерекшелігі келбеті мен интелектуалды жетелеу деңгейімен байланысты болды. Алғаш психологиялық экспериментсіз арнайы психометрикалық мекеме Англияда Гальтонның басшылығымен ашылды. 1874 жылы ол антропометрикалық лабараторияның негізін салды. Ондағы негізгі мақсаттың бірі адамның іскерлігімен статистикалық мәліметтер алу болды. Гальтон 1877 жылы психологияда психокоррекция әдісін ұсынды. Бұл пікірмен ол математик Пирсон және Фишердің назарын өзіне аударды. Фишер дисперсоналдық талдау жасап шығарды. Бұл еңбектің нәтижесі 1904 жылы Спирменнің еңбегінде жарық көрді.

Кейінннен Айзенк және Кеттел психодиагностика жеке тұлғаның ерекшелігі үшін факторлық талдауды қолданды.



1905-1907жылдары француз ғалымы А. Бине ең алғаш рет интелектінің статистикалық қалыптасқан тестерін жасап шығарды. Кейіннен Симон бұл тестті жетілдіріп, психодиагностикаға Бине –Симон тесті ретінде енгізді. XX ғасырдың екінші жартысында әр түрлі процестерді, қасиеттерді зерттейтін тесттер шыға бастады. Олар әлеуметтік зерттеулермен байланысты болды. Бұдан кейін психологияда үлкен дағдарыс болып соған байланысты әдістемелер саны арта түсті.

Бақылау сұрақтары

  1. Психология ғылымының даму тарихын сипатта.

  2. Психология ғылымындағы этнопсихологияның маңызы қандай?

  3. Тұлғаны зерттеудегі психодиагностикалық әдістер қандай?


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  2. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  3. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  4. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  5. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  6. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  7. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  8. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  9. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  10. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет