Дүниетану әдістемесінің болашақ мамандарды дайындаудағы рөлі.
Дүниетануды оқыту әдістемесі пән педагогикалық ғылымдар саласына жатады. Себебі бұл пән бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға өздерін қоршаған ортадан білім беруге дайындайтынболғандықтан, олардың психологиялық, жеке бастық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертуге арналады.Дүниетану әдістемесі басқа әдістемелік пәндер сияқты алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық тәжірибелеріне сүйенеді. Сонымен қатар тиімді және оқушылар белсенділігін көтеретін жаңа технологияны қолдануды саралайды. Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдану арқылы мұғалімдер үнемі өз әдісі мен тәсілін жетілдіруге мүмкіндік алады Өз сабақтарында тәрбиелік бағыты туралы ойламайтын мұғалім жоқ деп айтсақ қателеспейміз. Бірақ мұның өзі кез-келген мұғалімге оңайлықпен түсе бермейді Әлі де болса көп жағдайларда сабақтың тәрбиелік тиімділігі өте-мөте жеткіліксіз. Мұғалімдердің жұмысына бақылау жасап отыру бұл фактілерді тізіп баяндау ғана емес, сонымен бірге бастауыш сыныптарда оқу процесі тәрбиелік тиімділігінің бірқатар жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді.
«Дүниетану теориясы мен әдістемесі» мектепке дейінгі тәрбиешілерді даярлаудағы негізгі пәндердің бірі болып табылады. Болашақ маман биосферада болатын құбылыстарды, олардың өлі табиғатпен тікелей байланысын ұғынады.Өлі және тірі табиғаттың бір-біріне тигізетін әсерін, тіршіліктің жер бетіне таралу ерекшеліктерін түсініп меңгереді. Осы курсты оқу арқылы Жер туралы ғылымының дамуын, оны зерттеушілерді, Жердің шар тәрізділігіне және оның Күнді айнала қозғалуына байланысты жыл мезгілдерінің ауысуы себептерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, олардың құрылысы, түрлерін, тіршілік әрекетін және тірі табиғат тіршілігіне қажетті жағдайларды танып беледі. Табиғаттағы зат айналымын, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігін, бірлестіктің түрлерін (биоценоз, биогеоценоз), оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғынады.
Бұл курстың теориялық бөлімін оқу барысында биосфера туралы жалпы ұғым есімдік, жануарлардың тіршілік ортасына қарай икемділіктері туралы түсінумен қатар олардың ерекшелігіне қарай қажеттіліктерін де (жарық, жылу, қорек, баспана, топырақ т.б.) Өздігінен атқаратын жұмыстар нәтижесінде студенттердің қоршаған дүние заттарымен, денелерімен қатынас жасай білу, оларды танып сипаттау дағдылары тipi табигатпен ,өсімдік, жануар, тікелей қатынасқа түсу біліктілері қалыптасады. Өсімдік өcipy оны күту, табиғат бұрышындағы жануарларды күту дағдылары дамиды. Әдicтeмeлiк бөлімнің мақсаты: студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру жұмысын ұйымдастыру түрлері мен меңгерген тәрбиешілерді даярлау.
Дүниетану теориясы мен әдістемесі» курсының мақсаты студенттерге дүниетану ғылымдары негіздерінен теориялық білім берумен қоса болашақ мамандардың практикалық іс-әрекетін дамытып, біліктері мен педагогтық дағдыларын дамытуға бағытталған болып табылады.
Қорыта келе дүниетану әдістемесінің болашақ мамандарды дайындаудағы рөлі мектепке дейінгі мекемелерде, мекетептерде сабақ өту барысында балалар көптеген сұрақтар қояды.Сондықтан болашақ маман жан-жақты білімді ,қоршаған орта, дүниетану пәндері бойынша білімді болуы қажет.Және де өлі және тірі табиғатты балаларға ажырата білуге үйрету.Бастауыш сыныптарында жердің қанша қабаттан және дүние жүзі картасын, Қазақстан картасын жетік меңгеруі тиіс.Оқу орындарында болашақ мамандарға дүниетану әдістемесін оқытумен қатар практикалық жағынан тәжірибие алғандары жас мамандарға сабақ өту барысында тиімді деп ойлаймын.
Болашақ ұрпақ тәрбиесі мектептен басталады сондықтанда жас мамандарымыздың білімді де білікті болуы өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |