Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:
4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
|
Мектеп:
|
Мерзімі:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Табиғаттағы заттардың химиялық айналымы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.4.1.2 табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіреді;
Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіреді.
|
Бағалау критерийлері:
|
1. Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын (көміртегі, оттегі, фосфор, күкірт айналымдары) түсіндіре алады;
2. Табиғаттағы заттардың химиялық айналымының кезеңдерін дұрыс ретімен анықтай алады;
2. Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіре алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар табиғаттағы заттардың химиялық айналымын ауызша түсіндіреді.
Пәндік лексика және терминология:
Су айналымы, азот, фосфор, оттегі, көміртегі айналымдары.
Айтылымға қажетті сөз тіркестері:
Су айналымы дегеніміз ...
Су/көміртегі айналымдарының нәтижесінде ...
Су айналымының табиғат үшін маңызы ...
Менің ойымша, зат айналымы табиғат үшін қажет, себебі ...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын сипаттау барысында химия және биология пәндерімен байланыс орнатылады.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар табиғаттағы заттардың айналымын біледі және себеп – салдарларын түсіндіре алады.
Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында сұрақтардың көмегімен заттардың химиялық айналымдарының түрлерін анықтау арқылы жүзеге асады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5
5-8
|
1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқушыларды топтарға қаламдарының көмегімен бөлуге болады. Оқушылар «5.4.1.2
өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіру; 5.4.1.1
өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.
Алдымен оқушылар берілген суреттердегі заттарды жіктейді (тірі табиғат, өлі табиғат).
Содан кейін мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды (оқушылар қандай үдеріс екенін анықтаулары қажет):
-Жаз айларында қатты нөсер жаңбырдан кейін Жер беті қатты ылғалданып, шалшық суларға толып кетеді. Бірақ Күн шыққаннан кейін шалшық сулар бірінен кейін бірі ғайып болып кетеді. Оның себебі неде?
-Адам тыныс алғанда қандай үдеріс жүзеге асады? (Оқушыларға терең тыныс алуларын сұраңыз. Содан кейін сұраққа жауап беруін сұраңыз).
-Өсімдіктер қандай газбен тыныс алады? Ал қандай газды бөліп шығарады? Бұл үдеріс қалай аталады?
Дескрипторлар
Оқушы
|
-Күн шыққаннан кейін шалшық сулардың ғайып болып кетуінің себептерін және үдерістің өзін дұрыс анықтайды;
-Адам тыныс алғанда қандай үдерістің жүретінін дұрыс түсіндіреді;
-Адамның қандай газбен тыныс алатынын және қандай газды бөліп шығаратынын дұрыс анықтайды;
-Өсімдіктердің қандай газбен тыныс алатынын және қандай газды бөліп шығаратынын және үдерісті дұрыс анықтайды;
|
Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс ұсынады.
2. Ой қозғау.
Оқушыларға сұрақ қойылады:
-Табиғаттағы заттардың химиялық айналымдарының маңызы қандай?
-Фосфор, азот, су, оттегінің адам ағзасы үшін маңызы қандай?
-Су айналымының табиғат үшін маңызы қандай?
-Егер су айналымы болмаса Жер ғаламшарында қандай өзгерістер болар еді?
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
Табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіреді;
Заттардың химиялық айналымының табиғат үшін маңызын түсіндіреді.
|
|
Сабақтың ортасы
8-10
10-13
13-30
30-35
|
4. Мұғалімнің түсіндірме жұмысы
Мұғалім заттардың химиялық айналымдары туралы ақпарат береді.
Заттардың химиялық айналымдары: геологиялық айналым, биологиялық айналым.
Геологиялық айналым – негізінен ішкі қабықтарда жүретін заттардың айналымы.
Биологиялық айналым – бұл химиялық заттардың бір ағзадан екінші ағзаға өтіп отыруы.
Заттардың химиялық айналымы – бұл табиғаттағы заттардың өзара байланысты үнемі қайталанып отыратын физикалық, химиялық, биологиялық қозғалу үдерістері.
5. Бейнеролик «Табиғаттағы азот айналымы»
https://www.youtube.com/watch?v=oy8e2HrOh6Q
Бейнероликтен кейін оқушылар сұрақтарға жауап береді.
-Азоттың табиғат үшін маңызы қандай?
-Азот айналымының кезеңдері қандай?
5. Табиғаттағы химиялық заттардың айналымының сызбасын әзірлеу.
Оқушылар мәтінге сүйене отырып, көміртегі, оттегі, фосфор, күкірт айналымдарының сызбасын әзірлейді.
1 топ: көміртегі айналымы
2 топ: оттегі айналымы
3 топ: фосфор айналымы
4 топ: күкірт айналымы
Дескрипторлар
Оқушы
|
-Азот айналымын және оның маңызын дұрыс түсіндіреді;
-Фосфор айналымын және оның маңызын дұрыс түсіндіреді;
-Күкірт айналымын және оның маңызын дұрыс түсіндіреді;
-Көміртегі айналымын және оның айналымын дұрыс түсіндіреді.
|
Жұмыс нәтижелерін оқушылар «Галереяны шарлау» әдісі бойынша сыныпқа ұсынады, қорғайды. Өзара бағалау жүргізеді.
Мұғалім әр топты жеке бақылап, топ мүшелерінің жұмысын бағалайды. Кері байланыс ұсынады.
Саралау: Топ мүшелеріне түрлі рөлдерді бөліп беру. Мысалы: тайм кипер, суретші, көшбасшы, және т.б. Топ көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау қабілеттерін бағалау парақтарының көмегімен бағалайды.
6. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмыстарын орындайды. Венн диаграммасын толтырады. Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс ұсынады.
|
Бейнеролик
«Табиғаттағы азот айналымы»
Қосымша 1
Мәтін «Табиғаттағы заттардың айналымы»
А3 форматындағы қағаз, қарындаштар, маркерлер, желім, қайшы.
Қосымша 2
Бағалау парағы
Қосымша 3
Үлестірме материал
|
Сабақтың соңы:
35-45
|
7. Кері байланыс «Жетістік баспалдығы»
Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.
|
Стикерлер
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Топтық жұмыс барысында оқушыларға рөлдерді ұсыну.
|
«5.4.1.2 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіру; 5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» оқу мақсаттары бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын бағалау.
|
Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |