Лекция тақырыптары 1 Бөлім. Психологияға кіріспе Глоссарий: Ассоциация



бет5/8
Дата29.01.2018
өлшемі1,5 Mb.
#35711
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Зейіннің негізгі қасиеттерінің сипаттамасы мен оларды практикада зерттеуге мүмкіндік беретін әдістері. Зейін өзін жеке психикалық процесс ретінде сипаттайтын қасиеттер қатарынан тұрады. Зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.


Зейін тұрақтылығы-белгілі уақытта бір жаңа обьектке шоғырлану қабілеті. Зейіннің бұл қасиеті перифериялық және орталық факторлармен анықталады. Қазіргі уақытта зейін тұрақтылығының негізгі шарты заттағы шоғырланған жерін, жаңа жақтары мен байланысын ашу мүмкіндігі болып табылатыны дәлелденген. Алдымызға қойған мақсат бізден қандайда бір затқа шоғырлануын талап етіп, нәтижесінде біз оның жаңа аспектілерін ашуға мүмкіндік (өзара байланыстырғанда, өзара алмасуында) беріп, зейіннің ұзақ уақыт бойы тұрақты болып қалады. Басқаша айтқанда , зейінді қандайда бір затқа ұстап тұру үшін затты қабылдауымыз дамып, алдымызды жаңа мазмұнға ие болып отыруы қажет. Зейін тұрақсыз болса, кез келген жұмыс нәтижесіз болады. Зейіннің тұрақтылығын зерттеуге үлкен қызығушылық танытқан әдістер классикалық әдістер болып табылады. Зейіннің тұрақтылығы зерттеу мақсаты ұзақ уақыт ішінде зейіннің тұрақтылығы қаншалықты мықты сақталады, субьект зейіні қосымша тітіркендіргіштердің арқасында қашан шаршап, зейін бөледі солар мақсат болған. Зейіннің тұрақтылығын өлшеу үшін сандары бірдей әр жолда қайталанатын жеке әріптердің тәртіпсіз орналасуынан тұратын Бурдан кестесі қолданылды. Зерттелушіге ұзақ уақыт (3,5,10 мин) ішінде берілген әріптерді (қарапайым жағдайда бір немесе екі әріпті, күрделі жағдайда берілген әріпті, егер ол басқа дауысты әріптің алдында тұрса) сызады. Экспериментатор әр минутта сызылған және қалдырылып кеткен әріптерді санайды. Аналогиялық түрде зейін тұрақтылығын зерттеуші ұзақ уақыт бойы сандарды жиып, сандар бағанынан тұратын Крепсмен кестесінің көмегімен өлшейді. Жұмыс өнімділігі мен жіберілген қателер зейіннің тербелуі болып табылады.

Зейіннің шоғырлануы - бұл зейін шоғырлануының интенсивтілігі немесе деңгейі; А.А. Ухтомский зейін шоғырлануы ми қабығында доминатты (үстемдік) жанудың қозуының функционалдануының ерекшеліктерімен байланысты деген. Жеке алғанда ол шоғырлану бас ми қабығының қалған зоналарын бір уақытта тежелуінде доминатты қозудың салдары болып табылады.

Зейін бөлінушілігі – адамның бір уақытта бірнеше іс-әрекеттің түрін орындай алу қабілеті. Бірақ өмірлік практика адамның бір әрекетті ғана саналы түрде орындап, қалғандарын бір іс-әрекеттен екіншісіне тез ауыса алудың нәтижесі болып табылады. Вундт адам бір уақытта 2 көрсеткен тітіркендіргіштерге шоғырлана алмайтынын дәлелдеген. Зейін бөлінуінің зерттеудің практикалық маңызы зор. Мұнда Шульте таблицасы қолданылады (қызыл-қара кесте). Бұл кестеде 2 қатар қызыл және қара сандар тәртіпсіз орналасқан. Зерттелінуші тәртіппен қызыл және қара сандарды тізбектей сандар қатарын атауы қажет.

Зейін ауысуы – зейіннің саналы және мағыналы түрде 1 обьекттен 2 обьектіге ауысуы жалпы зейін переключениесі күрделі жағдайда тез бағдарланумен қабілеттілікті білдіреді. Зейіннің жеңіл переключится етілуі әр адамда әр түрлі және көптеген шарттарда тұрады (ең бір бұл өткен және келер іс-әрекеттің өзара қатынасы және субьектінің оларға деген қатынасына байланысты). Іс-әрекет қызықты болған сайын оған зейіннің переключится етілуі жеңіл.

Зейін көлемі – бір уақытта қанша обьектілердің санын түсіне аламыз, сол зейін көлемі болып табылады. Зейін көлемінің маңызды және анықтаушы ерекшелігі болып оның оқу (үйрену) және жаттығу кезінде мүлде өзгермейді. Зейін көлемі зерттеу әдетте субьекттің анық қабылдауын 1 уақытта көрсететін элементтерді, сандарды анализдеу жолымен іске асады. Бұл мақсатта тахситоскоп – зерттелінушінің көздері бір заттан 2-не түспеуі үшін белгілі тітіркендіргіштер санын тез көрсететін құрал. Бұл бір уақытта тануға мүмкіндік беретін обьектілер санын өлшеуге мүмкіндік береді. Зейін көлемінің көрсеткіші болып, оның қабылдаған заттар саны табылады. Зейін көлемі – индивидуалды өзгеретін салмақтың, әдетте адамдардағы оның көрсеткіші=5+-2-ге тең.

Зейін аударылуы – зейіннің бір обьекттен екіншіге еріксіз ауысуы. Бұл бір уақытта бір іспен шұғылданып отырған адамға сырттан әсер ететін тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады. З. аударылу сыртқы және ішкі болып табылады. Сыртқы аударылу сыртқы тітіркендіргіштің әсерінен болады. Ішкі аударылу қазіргі уақытта адамның бір әрекетпен айналысудағы жауапкершілік сезімі мен қызығушылықтың жоқтығынан, бөтен эмоциялардың күші бастан кешіруінің әсерінен пайда болады. М: оқушы зерделі жақсы оқуы үшін, сабағына кері әсер ететін перексиваниялар: қорқыныш, ыза, өкпе-реніштерді шектеу қажет.

Зейін түрлерінің отандық (Н.Н Ланге) және шетелдік (У. Джеймс) психологиядағы жүйелі классификациясы, олардың сипаттамасы.

Николай Николаевич Ланге (1858-1921)-орыс психологі, Ресейдегі эксперимент. психол. негізін қалаушылардың бірі.

Зейін психикалық құбылыстардың ерекше қасиеті, себебі олар бір индивидуум санасына тәуелді. Бұл құбылыстар бір-біріне кедергі келтіруінен тұрады. Біз бір уақытта әртүрлі нәрселерді ойлап, әртүрлі жұмыстарды орындай алмаймыз. Сананың бұл қасиеті сананың тарлығы (узость) д.а.



Берілген уақытқа қатысты басқарушы елестетулер обьективті қарастырылып отырған зейін болып табылады. Субьективтілік саналы адам үшін осы әсерге шоғырланған зейінді дегенді білдіреді.

Зейін түрлері: Зейін түрлері: ырықсыз, ырықты, үйреншікті.

Зейін түрлері

Мақсат

Ерік-жігер

Ырықсыз зейін

Жоқ

Жоқ

Ырықты зейін

Бар

Бар

Үйреншікті зейін

Бар

жоқ



2.Қиял және оның адам іс-әрекетіндегі рөлі. Қиял-жаңа елестетулер негізінде құралған елестің іске асу процесі. Қиял- шынайы өмірмен байланысты, содан алынады. Қиял еңбек процесінде пайда болған деп саналады, яғни адам іс-әрекетінің іске асу қажеттілігінен туған. Мысалы: көзалдымыздағы бір еңбек затын көрсе, адам онымен еңбек іс-әрекетін орындауға қажетті басқа бір зат туралы ретінде ойлап қарастырады. Содан кейін адамның тарихи даму барысында қиялды іс-әрекеті еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамның фантазиясындағы және арманында да көріне бастады. Қиялдау процесі әрқашан үздіксіз бойланыста -2 психикалық процеспен, яғни ес және ойлаумен жүреді. Қиял іс-әрекеті адамның эмоционалды бастан кешірулерімен тығыз байланысты. Қалаған тілекті елестету адамда позитивті сезімдерді тудырады. Белгілі жағдайларда бақытты батытты болашақ туралы арман адамға негативті жағдайлармен шығып кетуге мүмкіндік береді, оған болып жатқан жағдайды анализдеуге және болашақ үшін жағдайдың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни қиял адамның мінез-құлқын реттеуді іске асыруда маңызды роль алады. Қиял біздің ерік-жігерлі әрекетімен де байланысты. Қиял біздің кез келген еңбек іс-әрекетінде болады, себебі бір нәрсені ұқтырмас бұрын, оның қандай болатынын қиялдап аламыз- елестетіп, механикалық еңбектен алшақтаған сайын, қиялдың маңыздылығы артады.


Қиял процестері ырықтылық немесе деңгейі бойынша бөлінеді. Ырықты қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі сырттан түрткі келгенде немесе адам алдында бір мақсат пайда болғанда көрінеді. Бұл жағдайды адам өзі бақылап, бағыттайды. Ырықты қиялдың формасы мен түрлерінің ішінде қайта құрушы қиял, шығармашылық қиял және арманды көрсетуге болады. Қайта құрушы қиял обьектісі өзіне сәйкес сипатта елестету сипатта елестету міндеті болғанда көрінеді. Бұл қиял түрімен географиялық орындармен немесе тарихи орындармен, әдеби батырларды оқығанда кездесеміз. Қайта құрушы қиял көру, есту және сипап сезу қиялдарын қалыптастырады. Көбіне, естіп сипаттаған бойынша бір обьекті құрастырған кезде кездесеміз. бұл адамның ойлауы мен есімен тығыз байланысты. Шығармашылық қиял адам елестетулерін бір объектіге негіздеп емес, өзі контурын оған қажетті материалды өзі ұйымдастырып, құрастырады. Қиялдың ерекше түрі арман болып табылады. Бұл адамның жеке жаңа обрыздарды бейнелейді. Шығармашылық қиялға қарағанда, арманда біріншіден адам өз қалауы бойынша образ жасайды, ал шығармашылығында құрастырудың ойлағанындай болмайды. Екіншіден, арман бұл қалауы болашаққа бағытталған қиял. Арман типтері саналы процесс болып табылады (активті және пассивті тұрғыда болады).

Белсенділік деңгейі бойынша қиял әр адамда әр түрлі дамыған және олардың іс-әрекетімен қозғалыстық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың жеке ерекшеліктері адамда қиялдың даму деңгейі, образдар типй бойынша әртүрлі дамиды. Адам қиялы туа дамымайды. Ол онтогенезде даму барысында қалыптасып дамиды. Қиялдың алғашқы дамуының көрінуі қиялмен байланысты, мысалы бір жарым жас бала әңгіме, ертегі тыңдай алмайды ал өздерінің бастан кешіргендерін қосып айтса, қабылдайды себебі мәнін түсінеді. Бала өз ойындарында алған әсерлерін қиялмен байланыстырады, оны ойында қолданады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

    1. Зейін дегніміз не?

    2. Зейін түрлері қандай?

    3. Зейіннің қасиеттерін сипатта.

    4. Зейіннің қандай теориялары бар?

    5. Қиялдың адам өміріндегі рөлі қандай?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


4 бөлім. Тұлғаның эмоционалды –еріктік сферасы

Глоссарий:

Эмоция латын тілінен аударғанда ‘emoveo’, яғни қобалжу деген мағынаны білдіреді. Эмоция – бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.

Эмоция - адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне, пікіріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауынан көрінеді.

Шаттану –мұң, үрей мен қорқу, масаттану, өкіну осылардың барлығы адамның тітіркендіргіштерге психикалық реакциясының түрлерін көрсетеді.

Эмоцияның субъективтілігі - адамдағы барлық психикалық құбылыстар субъективті болады, ол адамның өмірлік тәжірибесіне, жағдайына, ұстанымдарына байланысты болады, бірақ субъективтілік эмоцияда ерекше аңғарылады.

Эмоцияның полярлылығы - оның өзі эмоцияның анықтамасынан бастау алады, яғни қанағаттану мен қанағаттанбау қажеттіліктерінің ағымдық процесі.

Эмоцияның фазалығы - эмоцияның динамикасына байланысты болады. Бір эмоциялық жағдайдың өзінде қысым мен бәсеңдік, қозу мен тынышталу көрінеді.

Аффект - («аффект» - сөзінің мағынасы жалпы алғанда қанағаттанудың әртүрлілігі, ауырсыну, тілек) – ол эмоцияның бірте-бірте күшеюінен көрінеді.

Аффект – бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция.

Стресс - бұл күтпеген шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер, жылдам шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы мінез-құлық стресстік күйлер болып табылады.

Көңіл күй – адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекеттеріне өң беретін ұзақ эмоциялық күй.

Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады.

Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері.

Моральдік сезімдер - қоғам талабына орай, адамның өз мінезіне лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйді білдіреді.

Эстетикалық сезімдер –әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззәттану, рухани күшін арттыру сезімі.

Зияттылық сезім - адамның таным әрекетімен байланысты. Шығармашылдық пен өнерге деген көңіл – күй қатынасынан туындайды.



Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттау.

Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару.
8-тақырып. Сезім және эмоция. Ерік

Дәріс мақсаты: Студенттерде сезім және эмоция, ерік мәселелері туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сезім және эмоциялық белсенділік.

  2. Тұлғаның еріктік белсенділігі

Дәріс тезисі.

1.Сезім және эмоциялық белсенділік. Тұлғаның эмоционалды белсенділігі бірнеше атауларға ие: сезім, аффект, құмарлық, эмоция. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты туып отыратын шағын, адам қуанғаннан , қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы.

Эмоция – оң немесе теріс бастан кешудің организмге мәнді өзгерістер әкелуі. Бұл өзгерістер органикалық өзгерістер нәтижесі немесе таным іс-әрекетіне байланысты рефлекторлы туындауы мүмкін. Эмоция тамаққа қажеттілікте, қандай да міндетті шешуде немесе адамның терең ойға, қиял кезінде көрінетін реакциялары.

«Эмоция психологиясының» негізін салушы Бенедикт Спиноза : адам денесінің әрекетке мүмкіндігін жоғарылататын немесе төмендететін, ықпал жасайтын немесе шектейтін және осы жағдай идеяларын аффект деп атады.

Қазіргі кездегі теорияларға сәйкес эмоция жайлы теориялардың пайда болуырефлекторлы психофизикалық және қысымның танымдық анықтамасына және оған мән берумен шартталған.

Эмоционалды белсенділік сәйкес құрылымдармен жүзеге асырылады: олар тұлғаның қажеттіліктері, құндылықтары және эмоционалды сапалары.

Сезім – эмоционалды реакциялардың белгілі түрлеріне деген тұрақты бейімділік. Олардың кейбіреулері туа берілген, ал кейбіреулері өмір барысындағы тәрбие мен тәжірибеден қалыптасады. Сезім мысалдары: патриоттық, ата-аналық сезім, әуенге деген сүйіспеншілік.

Айналадағы қоршағандардың барлығы дерлік эсоция тудырмайды. Адамның эмоциясын тудыратын заттар және құбылыстар шеңбері бар, адамның эмоциясының молдығы адамның эмоциялық мәдениет деңгейін және эмоционалды жан-жақтылығын көрсетеді.

Өмір адамнан эмоциялық тұрақтылықты және күрделі жағдайларда қарсылық көрсетуді талап етеді.

Перл Изардтың теориясы бойынша базалық эмоциялар ретінде келесі эмоцияларды көрсетеді:


  • қызығушылық;

  • қуаныш;

  • таң қалу;

  • қайғы;

  • ашу;

  • жек көру;

  • қорқыныш;

  • ар-намыс;

  • ұялу;

  • кінәлілік т.б.

Эмоционалды процесс екі қабатты құрылымға ие: 1- қабат нақты сезімдерді; қорқыныш, қуаныш, қайғы т.б. бастан кешіру.

2-қабат арнайы емес үлкен және кіші шамадағы эмоциялы қысымдар. Ол стресс деген атау алған.

Стресс – бұл ақыл мен дененің бейімделушілік қабілеттеріне қойылатын талаптар.

2.Тұлғаның еріктік белсенділігі. Ерік күшінің құрылымы 3 буыннан тұрады.

1-буын- әрекетке итермелеудің қалыптасуы;

2-буын - эмоциямен өзара әрекеттестік;

3-буын – күрделілікті меңгеруге арналған күштерді жұмылдыру.

Ерік адамның физиологиялық функцияларды жүзеге асырудағы ырықты қозғалыстардың базасында дамиды. Алғашында балада қандайда бір ырықты қозғалыстарға белсенділік болмайды. Өскен сайын балада психофизиологиялық механизмдердің дамуына байланысты ырықты қозғалыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі артады.

Адам дамуының белгілі кезеңдерінде еріктік механизмдер танымдық процестер мен эмоционалдық аймақтарда көрінеді. Адам өмірдегі күрделілікке қарсы тұруда белсенді және тұрақты бола бастайды. Өзін-өзі ұстау дамиды, мінез-құлық еріктің кешені ретінде көрінеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Эмоцияның формалары қандай?

  2. Еріктік акт сипаттамасы.


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


5. Бөлім Тұлға психологиясы.

ГЛОССАРИЙ:

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі.



Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.

Тұлға – мәдени-тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері.

Темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді.

Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес.

Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған.

Мазасыздық – бұл шынайы және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу.

Психика – адамның ішкі әлемі ретінде түсіндіріледі, өзіндік бақылау мүмкіндігі бар.

Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.

Генезис - (грекше – туу, пайда болу, даму) қайсыбір құбылыс, заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесін де бейнелейтін ұғым.

Данышпандылық – адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежесі.

Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.

Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейд атымен байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда кең тараған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады.

9-тақырып. Тұлға түсінігі. Тұлғаның құрылымы. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары

Дәріс мақсаты: Студенттерде тұлға түсінігі, тұлғаның құрылымы, қазіргі кездегі тұлғаның теориялары туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Тұлға түсінігі.

  2. Тұлғаның құрылымы.

  3. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары.

Дәріс тезисі.

1. Тұлға түсінігі. Тұлға – адамның индивидуалды ерекшеліктері мен мінез-құлық тұрақтылығын шарттайтын индивидуалды сипаты және мінез-құлық тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы.

Адам индивид болып дүниеге келгеннен кейін, қоғамдық өзара қатынастар және процестер жүйесіне енеді. Нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға ие болады, яғни ол тұлға болып қалыптасады.

Бұл-адамның қоғамдық байланыстарға түсіп, субъект сапасында көрінуіне байланысты жүзеге асады. Өз кезегінде адамның индивидтік, тұлғалық және субъектік деңгейлерінің даму ерекшеліктерінің қайталанбастығы индивидуалдылықты көрсетеді.

Қазіргі психологияның барлық мектептерінің тұлға жайлы өз көзқарастары бар.

Бихевиоризм бағыты бойынша тұлға сыртқы оң және теріс нығайтуларға байланысты әсерлерге жауап беруші реактивті жүйелер.

Бихевиоризм бағытында тұлғаның мінез-құлқы, оның ішкі толғаныстарына емес, әрекет жасауға стимул беретін сыртқы орта әсерлеріне байланысты. Машинаның түсі оның жылдамдығына әсер етпейтін сияқты, адам әрекетіне психика, сана, мінез де әсер етпейді.

Психоанализ бағытында тұлға адам қуаты құрылымы, адам қуаты бағыттылығы, адам қуатының қарқындылығы ретінде қарастырылады.

Психоанализ бойынша адамға қандай инстинктивті күштер әсер еткенін білу арқылы адамның қазіргі кездегі ғана емес және өзгерген жағдайдағы мінез-құлқын анықтай аламыз.

Бұл пікір авторы психоанализ бағытының өкілі Эрих Фромм. Оның ойынша, шығармашылық психоанализ өкілдері «адам тұлғасы туындауының теориясы және практикасын, оның өзіндік «Менінің» қалыптасу» әдісіне айналдырған.

Когнитивті психология

Тұлғаға негізгі сипаттар бойынша анықтама береді. Негізгі сипаттар ретінде: шындыққа қатысты зерттеушілік бағдар, тағдырын дербес белгілеу және әлеуметтік ортадағы белсенді әрекетті көрсетеді.

2.Тұлғаның құрылымы. Тұлғаның өмірлік бағдарлануы. Бағдарлану – бұл көзқарастар және сенімдермен нығайтылған құндылықтар, қажеттіліктер, алдыға қойған мақсаттарының құрылымы. Бағдарлану – мақсаттар мен түрткілерде көрінеді. Мақсат бұл бағдарлануға талпыныс, ал түрткі қуат, ішкі мәнділік береді.



Бағыттылық – тұлғаның негізгі жетекші өмірлік мақсатын анықтайтын мотивациялық құрылымы. Бір адамдар шығармашылыққа, біреулері қажеттілікке, кейбір адамдар жасампаздыққа, кейбіреулері бұзушылыққа, кейбірі қоғамда дұрыс, кейбірі жат, теріс бағдарланған. Кейде адамның бағдарлануында нақтылық, айқындылық көрінбейді. Адам бағыттылығы жайлы теориялар өте көп. Соның бірі австрия философы Эдуард Шпронгердің тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға байланысты бағдарлану типтері.

  1. теориялық;

  2. экономикалық;

  3. эстетикалық;

  4. әлеуметтік;

  5. саяси;

  6. діни.

Кеңестік психологияда «тұлға бағыттылығы» түсінігін С.Л.Рубинштейн 1940 жылы жарық көрген «Жалпы психология негіздері» кітабында енгізген. Бұл түсініктің енгізілуі адамның қажеттілік, қызығушылық, идеал, бейімділік, бағдар, бағыттылығына байланысты болады. Тұлғаның бұл жүйелерінің құрылымын талдау адамның неге талпынатынын анықтауға мүмкіндік береді.

3. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары. Гуманистік психологиядағы тұлғаны түсіну (К. Роджерс, А.Маслоу). Гуманистік келісте адам жағымды рухани қасиеттерімен жоғарғы рухани қажеттіліктер тән деп қарастырылады (өзін, өмірдің мәнін, әлемдегі орнын, сұлулыққа қажеттілігін, үйлесімділігін, түсінуге ұмтылу). Гуманистік психологияда адамды жағымды жақтарымен ғана қабылдайды және жақсы қырларына сенеді. Абрахам Маслоу - ХХ ғ. 60ж. Гуманистік психология терминін енгізген. Гуманистік психология психикалық дені сау, гармониялық тұлғаны зерттеді, яғни өзінің даму шыңына, өзін-өзі жетілдіруге жеткен адам. Бұндай тұлғалар тек ¼ % құрайды, ал қалғандары иерархияның кез-келген сатысында болады. Адам өзінің тағдыры үшін жауапты, өзін –өзі жетілдіруге ұмтылады, бүкіл өмір барысында жетілу, өзгеру, қалыптасу процесі болады. Маслоу бойынша гуманистік теорияның негізі әр бір адамды уникалды, ұйымдасқан, бір бүтін ретінде қарау керек.


А. Маслоу тұлғаның қажеттіліктерін түсіндіру үшін қажеттіліктер иерархиясын ұсынды (1954). Ол бойынша қажеттіліктердің ең біріншісі физикалық қажеттілік болса, ең жоғарғы өзін-өзі өзектендіру деді. Қажеттіліктер иерархиясы келесідегідей:

  • физиологиялық қаж-к (тамақ ішу, сексуалдылық, өзін өзі қорғау қаж-і)

  • қауіпсіздік және қорғаныс, сенімділікке деген қаж-гі ( материалды, денсаулыққа, қартайғанда қамтамасыз етілетіне сенімділік)

  • сүйіспеншілік, әлеуметтік қаж-р (кейбіреулерде қарым-қатынасты түсіну қаж-гі, өте жақсы көрген адамы, ал басқасы онша емес)

  • өзін-өзі сыйлау, сый-құрметке қажеттілігі ( престиж, статус)

  • өзін-өзі өзектендіру қажеттілігі, тұлғаның даму қаж-гі

Бұндағы басыңқы қажеттілік төменде орналасқан, ол одан жоғары орналасқан қажеттілікті мотивтілік мөлшерін сезгенде қанағаттандырылған болуы керек. Бір типтегі қажеттілік 2-ші қажеттілікке өткенге дейін қанағаттандырылуы қажет. Маслоу бойынша иерархияда жатқан қажеттіліктер адамның мотивациясы негізінде жатқан негізгі принцип болып табылады. Адам қажеттіліктер иерархиясына қаншалықты жоғары көтерілген сайын, оның сапасы, индивидуалдылығы , психикалық денсаулығы жоғарылайды. Гуманистік психологияда тұлға-қоғамдағы адамның өмір әрекетіндегі пайда болған психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Бұл бағыт ХХ ғ. 50-60 ж. біршама дамыды. Гуманистік психология бастапқыда нейрофрейдистік концепцияға қарсы тұрды, яғни адамзаттың мінез-құлқы қанағат алуға, агрессияға, қоғамнан қорғауға тәуелді дегенге қарсыласты. Олар мінез-құлықтың көзі ретінде туғаннан пайда болған альтрустик мотив деп қарастырды. Осы бағыттың бір өкілі К. Роджерс. Ол өзінің әдіс терапиясында дәрігер пациентке қысым көрсетпеуі керек. Дәрігер мен пациент арасындағы контакт өзара сыйластыққа негізделуі керек. Роджерстің тұлға теориясының негізі өзіндік бағалау категориясы болып табылады. Баланың үлкен адаммен қарым-қатынасы нәтижесінде оның өзі туралы түсінігі қалыптасады. Бірақта өзіндік бағалау конфликсіз қалыптаспайды. Көбінде қоршаған ортаның бағалауы өзіндік бағалауға сәйкес келе бермейді. Адам қоршаған ортаның бағалауын қабылдау керек пе, әлде өз бағалауында қарау керек пе деген таңдауда қалады. Күрделі органикалық бағалау үрдісі жүреді, яғни бағалаудың көзі бастапқыда баланың ішкі организмінде жатады. Осылайша, Роджерс нейрофрейдизмдегідей, тұлғаның дамуы туғаннан пайда болған тенденция арқылы анықталады. Әлеуметтік рол тек сырттай. Гуманистік бағыттың өкілі А. Маслоу. Ол бойынша адамның негізгі қажеттілігі-ол өзін-өзі өзектендіруге тырысу. Өзін-өзі өзектендіру деген не дегенге Маслоу былай жауап береді: «Өзін-өзі өзектендіруші адамдар қандай да бір іспен әуестенген. Олар бір іске берілген, олар үшін ол өте құнды, бағалы болып табылады». Тұлғаның өмірінің әр сәтінде таңдау кездеседі: алға жылжу, кедергілердіжеңу, жоғарғы мақсатқа жету немесе күресуден бас тарту. Өзін-өзі өзектендіруші тұлға-үнемі алға ұмтылады, кедергілерді жеңеді. Өзін-өзі өзектендіру-бұл үнемі даму немесе өз мүмкіндіктерін практикада іске асыру процесі болып табылады. Маслоу бойынша - өзін-өзі өзектендіру туа пайда болатын құбылыс, ол адамның табиғатына жатады. Адам мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылыққа деген қажеттілікпен туады. Ол адамның ядросын құрайды. Адам осы қажеттіліктерді жүзеге асыра алуы қажет. Сәйкесінше, өзін-өзі өзектендіру туа пайда болған қажеттіліктердің бірі. Американдықтар: Маслоу Абрахам Харольд (1908-1970); Роджерс Карл Рэнсом (1902-1987) және Виктор Франкл- «адам өмірі уникалды, өйткені ешкім оны қайталай алмайды»; Эрих Фром.

Индивидуалдылық ұғымы. Индивидуалдылықтың продуктивті және инструменталды көріністері.


Тұлғаның өмірлік жолы-оның даралылыққа айналу жолы. (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев)

Тұлғаның даралылық ретінде дамуын түсіну үшін тұлғаға – іс-әрекет субьектісі ретінде қарау керек. Тұлғаны іс-әрекет субьектісі ретінде зерттей келе, оның заттық іс-әрекеті жасайтынын, өз тәжірибесіне, өзінің потенциалды мотивіне, мінезіне, қабілеті мен іс-әрекетінің нәтижесіне сүйенетінін анықтады. Даралылық - өзінің әлеуметтік маңызды жағынан басқа адамдардан адамның ерекшеленуі, индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы, яғни темперамент, мінез, қызығушылық, қажеттілік, қабілеттіліктерінің қайталанбастығымен ерекшеленуі. Индивидуалдылықтың алғышарты болып анатомо-физиологиялық нышандар жатады. Тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырғанда осы құбылыстарды анализдеудің 2 жағы бөлінді:

Тұлғаның продуктивті көріністері, яғни тұлғаның түрлі мотивтер, позициялар, ролдер арасында таңдау жасау кезіндегі белсенділігінен көрінеді. Продуктивті көріністерге және де тұлғалың мәдениетке және т.б. өз әрекеттерімен үлес қосуы жатады. Ол өзіне ғана емес басқаларға да өз әсерін тигізеді.

Тұлғаның инструменталды көріністеріне-мінез бен қабілет жатады. Бұдан мінез тұлғаның мәндік тәжірибесі мен ұстанымдарын шегендейді, сол арқылы оның мотивтері жүзеге асады. Ал қабілет-іс-әрекеттің жемістілігі мен эффективтілігін анықтайды және соңында тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретіндегі продуктивті көріну деңгейлерін анықтайды. Тұтастай тұлғаның индивидуалдылығы адамның әлемдегі мәндік (мысловых) қатынастары мен ұстанымдарының (установок) жиынтығы, бұл өмір сүру барысында, қоғамда игеріледі. Тұлғаның индивидуалдв дамуын анализдей келе оның дамуының функционалды динамикасы ажыратылады, бұның өзі проблемді-конфликтілік ситуацияларда көрінеді (мысалы, стресс, фрустрация, конфликт, кризис) және оның өмір сүру жолындағы психологиялық жасының өзгеруінде көрінеді.

Шетелдік психологиядағы тұлға құрылымы жайлы жалпы түсінік.


«Тұлға» термині латын тілінің «пенсона» сөзінен аударғанда «маска» деген ұғымды білдіреді. Тұлға түсінігіне, бұл саланың теоретиктері әртүрлі бағыттан қарады. М.К.Роджерс тұлғаны «сомость» терминімен түсіндірді, яғни ұйымдастырушы, ұзақ уақытты біздің барлық переживаниямызды субьективтік қабылдайтын сущность ретінде түсіндірді. Г. Олпорт индивидуум адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуін детермин ациялайтын сипат,, ішкі «нечто» ретінде анықтаған. Ал Э. Эриксон бойынша индивидуум бүкіл өмір барысында психосоциалды кристерден өтеді, оның тұлғасы крисизтық нәтиже функциясы ретінде қалыптасады. ЖД. Келли тұлғаны кез келген индивидуумға тән өмірлік тәжірибені тану қабілеттілігімен ерекшелігі арқылы сипаттаған. Р. Кеттел бойынша тұлға құрылымы 16 (жағымды және жағымсыз) қырлардан құралады. Бұл қырларды ол фактор деп атайды. А. Бандура тұлғаны индивидуум мінез-құлық және ситуацияның бір-бірімен өзара тығыз байланысының өзара әсер етуі түрінде қарастырады. Фрейд бойынша, тұлға үш деңгейден тұрады: ид, эго, Супер эго. Ид-психиканың санасыз бөлігі, биологиялық, табиғи, туа біткен инстинкті құмарлықтар көзі. Санасыздық жыныстық және агрессивті құмарлығын тудырады. Жыныстық энергия және жыныстық құмарлық либидо д.а. Ид санасыз деңгей бойынша қанағаттану принципіне тәуелді, ол либидо арқылы жүзеге асады. Фрейд бойынша екі инстинкті бар: танотос-өмірге деген талпыныс, эрос-өлімге деген талпыныс. Сублимация – қоғамға пайдалы әрекеттер арқылы негативті энергияны шығару. Агрессивті тұрғыда либидо энергияны шығару. Катарсис – эмоциясының кенеттен шығарылуы, ыза болғанда айғайлап, бір нәрсені лақтырып т.б.

Эго – қорғаныс деңгейін атқарады. адамның индивидтік өмір тәжірбиесінің өнімділігі болып табылады. Эго геоместаз, яғни ішкі тепе-теңдікті сақтау принципіне тәуелді. Инстинкт-құмарлықтар түрінде бейнеленетін қажеттіліктің психикалық бейнесі. Эго адам психикасының саналы деңгейі. Қоршаған ортаны қабылау мен қарым-қатынас қызметін атқарады.

Суперэго-моралді ережелердің тасушысы, ұят, сын, жектеу басқару ролін атқарады. Фрейд бойынша суперэго туа қалыптаспайды, баланың суперэгосы адаммен, ересектермен қарым-қатынаста қалыптасады. бала жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрысты айыра бастағанда пайда болады. Супер эго екі деңгейде: ұят және Эго идеал деп бөлінеді. Ұят ата-ананың жазалау нәтижесінде пайда болады. Өзін сын арқылы бағалауды моралді шектеулерді және кінәлілік сезімі қалыптасады. Эго идеал-ата-ананың мақтауы, марапаттауы негізінде қалыптасады. Егер мақсатына жетсе, бұл өзін өзі бағалау, құрметтеу сезімін тудырады. Фрейд бойынша тұлға дамуы жыныстық дамудан басталып және ол жыныстық даму кезеңіне бөлінеді: Оральді туғаннан 1,5 жас; анальді саты 1,5-3 жас; Фалидтік саты 3-6 жас; латентті саты 6-12 жас; генетальді саты 12-15-16 жас;

Юнг бойынша тұлға психикасы үш деңгейден тұрады.



  1. терең деңгей (коллективті санасыздық деңгейі)

  2. индивидуалды санасыздық

  3. сана деңгейі

Юнг «архетип» деген түсінік енгізді. Топтық санасыздық арқылы берілетін адамның шығармашылық салт-дәстүрде, әрекетінде фальколорда қалыптасқан көзқарасында орын алатын ой пікірлер.

Шетелдік және отандық психологиядағы тұлға дамуының қозғаушы күштері мәселесі. Дамудың қозғаушы күштері-қоршаған ортамен тепе-теңдікті орнатуға талпыныс (Фрейд, Левин). Дамудың қозғаушы күштері ортамен тепе-теңдікті жеңуге бағытталған талпыныс (Маслоу, Нюттен). Дамудың қозғаушы күштері-қажетіліктер бұл адам қандайда бір әрекетті, ойын жүзеге асыру кезінде туатын динамикалық қалып, белсенділік. Құмарлық- дамудың қозғаушы күштері ретінде Фрейд-құмарлық тітіркенуге қарама-қайшы. Тітіркену сыртқы ортадан әсер етеді. Өзіне жауап ретінде рефлекторлы әрекеттерді тудырады. Бұл рефлекторлы әрекеттің мәні-тітіркендіргіштің әсерінен организмді босату. Тітіркендіру қашу рефлекторды тудырады. Мақсатты әрекеттер арқылы тітіркендіруден қашып құтылуға болады. Құмарлық организмінің ішкі күші, ішінен шығады. олар субьектінің өзіне тән үнемі орын алатын күш болып табылады. Құмарлықты қанағаттандыруға байланысты, одан қашып кетуге болмайды. Егер сыртқы орта әсерлері құмарлықтан құтылу талабын қоятын болса, онда құмарлық субьектінің белсенділігін арттырады. Субьектіден құмарлықты қанағатандыру мақсатында, сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған күрделі іс-әрекеттерді талап етеді. Сондықтан тітіркендіргіштер емес, құмарлық жеке адамның дамуының қозғаушы күші болып табылады ( мен құмарлығы, жыныстық құмарлықтар). Салливен-нәрестелік кезеңде баланың ортамен қарым-қатынасы негізін «ауыз аймағы» құрайды. Өйткені осы жастағы құмарлықтар «ауыз аймағымен» байланысты. Тамақтану балаға ең алғашқы интерперсоналды тәжірибе болады. Бұнын маңызы-өмір бойы сақталады.


Адлер-ерте балалық шақта қалыптасатын күштілікке талпынумен өзін-өзі кем санау сезімі арасындағы қатынас - жеке адамның негізгі формуласы бойынша анықталады. Ол адам өмірі барысында өзгеріссіз қала отырып, адамның басқалармен қарым-қатынасына, ерекшеліктеріне және оның мінезінің ерекшеліктерін тудырады.

А. Адлер – «толымсыздық» - ерте балалық шақта «ұятты» талпыныстармен тілектерін санадан ығыстырып шығарумен байланысты пайда болады: ойлар, сезімдер,күйзелістер. Адамның өмірлік жолы – адамның ішкі дүниесінде орын тепкен балалық – шақтағы толымсыздықтың өмір жағдайларымен әрекеттестік дамуы.


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


6 Бөлім. Тұлғаның жеке-типологиялық қасиеттері.

Глоссарий:

Темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді.

Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес.

Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған.

Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.

Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейд атымен байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда кең тараған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады.
10-тақырып. Темперамент

Дәріс мақсаты: Студенттерде темперамент, темперамент теориялары, темперамент типтері, сипаттары туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Темперамент жайлы түсінік.

2. Темпераменттің физиологиялық негіздері.

3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары.



Дәріс тезисі.

1. Темперамент жайлы түсінік.

Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.

Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.

Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:



  1. Адамның жалпы белсенділігінде;

  2. Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінде;

3. Эмоционалды процестер ерекшелігінде: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.

Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.

Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында темперамент жайлы көптеген теориялар бар.

Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:



  1. Гуморальді теориялар;

  2. Конституционалды теориялар;

  3. Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.

«Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.

Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі, сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.

Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін жеткізді.

И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.

Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына П.Ф. Лесгафтың көзқарасын жатқызуға болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.

Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.

1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.

1. Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.

Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.

АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.

Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты – эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды; 2) мезодерма - бұлшық еттер жақсы дамиды; 3) эктоморфты – тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.

У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).

Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:

1. Эмоционалды қозу;

2. Зейіннің қозуы;

3. Эмоцияның күші;

4. Мазасыздық;

5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;

6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;

7. Майыспалылық – регидтілік;

8. Резистенттілік;

9. Субъективтілік..

2.Темпераменттің физиологиялық негіздері.

Темпераменттің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері: қозу, мен тежелу күші, олардың тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің қызметі.

Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке процестерінің қозғалымпаздығы – бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.

Павлов жіктеген жүйке процестері жүйке жүйесі деп аталатын белгілі комбинацияларды қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән негізгі жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан құралады – күштер, тепе-теңдігі мен қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.

И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.

Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;

Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;

Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.

Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.

3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары.

Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) – Гиппократ бойынша қатынас, пропорция.

Темперамент типтері:

Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады. Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам. Эмоциялары – оң болып келеді – тез пайда болып, тез ауысады. Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерді жеңіл және тез бастан кешіреді. Жағымсыздық пен тәрбиелік әсерлердің теріс жағдайларында сангвиниктердің қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне, іс-әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке әкеледі.

Холерик (грек. chole - өт) – жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің көңіл-күйі жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.

Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте күрделі. Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға бейімділігін тудырады.

Меланхолик (грек. melanos – қара, cole - өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Темперамент жайлы Гиппократ теориясының негізі қандай?

  2. Гален, Кант, Лесгафт еңбектерінің сипаттамасы.

  3. Конституционалды теориялар жайлы әңгімелеп беріңіз.

  4. Жоғары жүйке жүйесі типтерін атаңыз.

  5. Темперамент типтерінің сипаттары қандай?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


11-тақырып. Мінез

Дәріс мақсаты: Студенттерде мінез, мінез бітістері, сипаттары туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылған сұрақтар:



  1. Мінез туралы түсінік.

  2. Мінез акцентуациялары.

Дәріс тезисі.

1. Мінез туралы түсінік. Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде, ең алдымен - мамандыққа, адамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы.

Мінезді зерттеуде Теофраст пионер болып саналады. 18 ғасырда Европада мінездің типологиясына көптеген зерттеулер жүргізілді. Қазіргі уақытта “мінез” ұғымы туралы көзқарастар әртүрлі. Кейбір психологиялық ағымдарда бұл қоғамның өмір сүру құқығына мүлдем қарсы, ал шетел анықтамалар баспаларында және зерттеулерде мүлдем алынып тасталған. Бұл неге олай болды? Біріншіден, көптеген психологтердің пікірлерінше, мінездің өзіндік көрінулерін біріктіретін, әлдеқайда зерттелген тұлғаны мінезбен жалпылай теңдестіру беталысы бақыланады. Екіншіден, феноменология бойынша мінезді этикаға жатқызады, сондықтан оны психология жүйесіне қосу заңсыз болып саналады. Үшіншіден, жалпы дара құбылыс ретінде мінезді зерттеу мүмкіндігіне күмәндану байқалады, өйткені “кейіпкер”, “тұлға” ағылшын тілінде character деген мағананы білдіреді.

Кеңестік психологияда “мінез негізін” әрекетке тұрақтылықтың принципиалдылықтың, тұлға мен интеллекттің өзара қатынасының, өмірлік мақсаттың бар болуы - ерікті құрайтындығы баса қарастырылады. Шетелде, мінез элементін ескере отырып, өзіндік бақылау және өзіндік қалыптастырушыға синоним ретінде кейде “Мен Күші”, “Жоғары Мен Күші” ұғымдарын қолданады. Егер мінез және тұлға құбылыстары арасындағы бөлімдерді анықтау мүмкін болмаса, онда мінез және темпераментті бөлу одан да қиын. В. Кречмер келесі дифиницияларды қолданды. Темперамент - бұл психофизиологиялық ағымдардың тума ерекшеліктері (олардың қозғалыстары, инерттілігі, қызу т.б.). Мінез - бұл адамның өзіне, қоршаған адамға, әлемге деген қарым-қатынасының тұрақты ерекшелігі.

Б.Г.Ананьев кез келген мінез сипаты тұлғаның қоршаған дүниеге деген белгілі мәнді қатынасын көрсетеді, олардың ішінде төмендегілерді атауға болады::

1) табиғат, қоғам және қоғамдық идеялар (идеология);

2) еңбек - адам өмір сүруінің тәсілі;

3) индивидтің басқа адамдармен қоғамдық байланысы;

4) өзіндік әрекет және адамның тұлғасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет