Лекция тақырыптары 1 Бөлім. Психологияға кіріспе Глоссарий: Ассоциация



бет4/8
Дата29.01.2018
өлшемі1,5 Mb.
#35711
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі. Ойлау процестерінің сатылары. Ойлау-жоғары психикалық процесс болып табылады және арнайы сипаттамаларға ие. Біріншісі, шынайлылықтың жалпылай бейнеленуі, яғни ойлау-шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстардың жалпы бейнесі. Екіншісі, нақтылау-обьективті шындықты тану, яғни заттар мен құбылыстардың қасиетін оған тікелей қатынаспай, жанама түрде білуге болады. Мысалы, ауа-райын білу үшін сыртқа шығуға болады. Ойлаудың тағы бір ерекшелігі ол тану немесе іс-әрекет барысында пайда болады. Міндеттерді шешуімен байланысты. Ойлау процесі проблемді ситуация пайда болғанда ғана көрінеді. Ойлау әдетте сұрақ қоюмен басталады, ол мақсат болып табылады. Бұл сұраққа жауап беру үшін арнайы ақыл-ой процестері көмектеседі. Ойлау-сыртқы дүние заттары мен құбылыстың миымызда жалпылай сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестетумен тығыз байланысты. Ойлау сезім мүшелері арқылы мәліметтерді өңдейді. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отырады. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады.

Ойлаудың негізгі түрлері, олардың сипаттамалары.


Ойлаудың түрлері:

  1. Формасы бойынша затты-әрекеттік

көрнекі-бейнелі

абстрактілі-логикалық


  1. Сипаты бойынша теориялық

практикалық


  1. Көлемдік ауқымына байланысты дискурсивтік

интутивтік


  1. Қайталанбастығына орай репродуктивті

продуктивті

затты-әрекеттік- қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертуге бағытталған іс-әрекет. (3 жасқа дейінгі балаға тән)

Көрнекі бейнелі-ойлау заттар мен құбылыстардың өздері емес, пайымдаумен орындалады

абстрактілі-логикалық-ойлау тілдік құралдарға сүйенеді.

Теориялық-психологияда көп заңдылықтарын ашуға арналған ойдың теориялық жағы ғана ескеріліп келді.

Практикалық-теориялық ойдың іске асырудың бастауы.

Дискурсивтілік-өз кең кезегімен дамыған ойлау

Интутивтілік-Мазмұны толық ұғынылмаған ойлау процесі.

Репродуктивті-дайын білімдерді қолданып, ескі сүрлеумен жүреді.

Продуктивті-жаңа идеяларды туындатуға бағытталады.


Ойлау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы формасы ретінде: белгілер, ойлау формалары, ойлау операциялары.


Ойлаудың бастапқы формасы болып-ұғым – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымдар жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы ұғым бірыңғай заттар мен құбылыстарды білдіреді. Мысалы: «стол», «Ғимарат». Дара құбылыстар қандайда бір затты білдіреді. Мысалы: «Енесей», «Венера». Шындықтағы заттың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір дегеніміз- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлау формасы. Ойлаудың күрделі формасының бірі-ой қорытындылары-ол бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке, бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Ой қорытындысының 3 түрі болады: Дедукциялық- жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукциялық- жекеден жалпыға қарай жүретін ой қорытындысы. Аналогиялық- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.

Ойлаудың негізгі белгісі – түсіну. Түсінудің 2 түрі болады. 1. Тікелей түсіну-жанама ой операциясын керек етпейтін қабылдауға ұқсас процесс. 2. Жанама түсіну- бірнеше аралық басқыштардан тұратын ой операцияларын керек ететін, нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін процесс. Ол сұрақ қоюдан басталады. Ойлау дегеніміз- мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз. Жанама түсіну жаңа затты құбылысты белгілі ұғымға жанастыра барып түсіну деген сөз.



Ойлау операциялары:

Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция. Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді. Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау. Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б.

Шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау механизмдері. Психологтар адамның ерекше, жаңа шығармашылық тапсырмаларды қалай шешу қажет екенін түсіну үшін көп күш жұмсаған. Шығармашылық ойлау дегеніміз не деген сұраққа алғаш жауап бергендердің бірі болған ДЖ. Гилфорд болған. Шығармашылыққа арнаған жұмыстарында, ол креативтіліктің даму деңгейін анықтайтын адам ойлауындағы 4 ерекшелікті көрсететін концепциясын ұсынды:


  1. Интеллектуалды жаңалыққа ұмтылу, айтылған ойдың ерекше және оргениалды болуы. Шығармашылыққа қабілетті адам әрқашан және барлық жерде өз шешімін табуға тырысады.

  2. Шығармашылық адам семантикалық иілгіштігімен айрықшаланады, яғни обьектіні жаңа бұрышынан қарай білу, жаңа қолдануды таба білу.

  3. Шығармашылық ойлауда әрқашан образды бейімделген икемділік болады, яғни обьектіні қабылдауды оның жаңа жабық жақтарын көре алатындай өзгерту қабілеті

  4. Шығармашылық ойлауын адам басқа адамға қарағанда түсініксіз жағдайда әртүрлі идеяларды талдай алады. Шығармашылық ойлаудың бұл қабілетін Дж. Гилфорд семантикалы, спонтанды гипность деп атады.

Шығармашылық ойлаудағы кедергілерді көрсеткен Линдсит, К.Холл және Томпсон болған. Олар шығармашылық қасиеттің кедергі болған тұлғалық қырлар, сонымен қатар комформизм, басқаның алдында күлкілі болып қалам ба деген сезім және т.б.

Сонымен, ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау процесі бір мәселелі жағдайлар пайда болғанда, сол мәселені шешу керектігінде айқын көрінеді.

Ойлау сұрақтан басталады да, оның жауабы ойлаудың мақсаты болады. Ойлаудың маңызды ерекшелігі - оның сөзбен байланыстылығы.



Ойлау түрлері:

1. Ойлау формасы бойынша үш түрге бөлінеді:

  • Нақты әрекеттік ойлау;

  • Нақты бейнелік ойлау;

  • Абстрактылы логикалық ойлау-ең негізгі қасиеттері б-ша ойлау.

2. Мәселелерге қатысты екі түрге бөлінеді:

  • Теориялық ойлау;

  • Практикалық ойлау.

3. Анықталуына қатысты екі түрге бөлінеді:

  • диструктивті ойлау-логикалық дәлелдеу арқылы;

  • интуитивті ойлау- сезімге жүгіну.

4. Оригиналдылығына байланысты екі түрге бөлінеді:

  • репродуктивті ойлау-қайта жаңғыртушы (Мысалы, 2х2=4)

  • продуктивті ойлау - жасампаз ойлау (2х Х=4)

Ойлау операциялары

  • Анализ (талдау);

  • Синтез (жинақтау);

  • Нақтылау (шие, алмұрт, алма);

  • Жалпылау (жеміс-жидек);

  • Салыстыру (8>5);

  • Абстракция.

Ойлаудың физиологиялық негізі

Ойлаудың физиологиялық негізі И.П.Павловтың Жоғары жүйке жүйесі іліміне байланысты түсіндіріледі.

Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы.

Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.

Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).

Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қорытындылары деп аталады.

Ой қорытындыларының үш түрі болады:

1.Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

2.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

3. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.



6. Сөйлеу туралы түсінік.

Сөйлеу – басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін адамның тілді практикада қолдануы.Тіл – қарым-қатынас құралы.

Сөйлеудің қасиеттері:


  • Мазмұндылығы-шындықпен байланысы;

  • Түсініктілігі- сөйлемнің дұрыс болуы;

  • Әсерлігі-эмоцияға байланысты ;

  • Ықпалдылығы–бұйрық, өтініш, кеңес, нұсқау түрінде көрінеді.

Сөйлеудің қызметтері:

  1. Көрсету функциясы-өзнің адамға сезімін, эиоциясын т.б. көрсету.

  2. Әсер ету функциясы-;

  3. Тағайындау функциясы-ат қою;

  4. Ақпараттау функциясы

Сөйлеудің түрлері:

  • Монологты сөйлеу бір адамның сөзі, жүйелі, мақсатты, жоспарланған.

  • Диалогты сөйлеу;

  • Ауызша сөйлеу;

  • Жазбаша сөйлеу;

  • Іштей сөйлеу.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Ес дегеніміз не?

2. Естің қандай түрлері бар?

3. Реминисценция дегеніміз не?

4. Ес заңдылықтары мен құбылыстарын ашқан қандай ғалымдардың еңбектерін білесіз?
Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер


  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


7-тақырып. Зейін. Қиял.

Дәріс мақсаты: Студенттерде зейін, қиял туралы білімдерін тереңдету. Болашақ педагог маманы ретіндегі білімін жетілдіру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Зейін жайлы түсінік.

2.Қиял және оның адам іс-әрекетіндегі рөлі.
Дәріс тезисі.

1. Зейін жайлы түсінік. Зейін психикалық феномен ретінде. Зейіннің негізгі сипаттамалары. Зейін қазіргі уақытқа дейін психологтар арасында бірдей көзқарас жоқ. Психологиялық феномен болып табылады. Зейін деп-психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нәрсеге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз. Психикалық іс-әрекеттің бағыттылғы деп- оның таңдамалы сипатын айтуға болады, яғни субьект үшін айналадағылардан маңызды нақты затты бөлуі, бағыттылық түсінігіне уақыттың белгілі бір сәтінде іс-әрекетті сақтау кіреді. Зейінді болу үшін қандайда бір іс-әрекетті таңдап қана қоймай, сонымен қатар бұл таңдауды ұстап, сақтау қажет. Зейіннің келесі сипаттамасы болып шығармашылық табылады. Шығармашылық деп іс-әрекетке терең немесе таяз енуді түсінуге болады. Егер тапсырма қиын болса, сәйкесінше тереңдік қажет. Бағыттылық пен шоғырлану бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бір бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам бір нәрсеге өз зейінін бағыттаса, сол нәрсеге шоғырланады және керісінше бір нәрсеге шоғырланған кезде, өз психикалық іс-әрекеттерді осыған бағыттыз дегенмен, бағыттылық-бір тапсырмадан 2-ге өту болса, шоғырлану тапсырмаға тереңірек кіру.

Зейін эффектілері: айтылғандай таныс елестетулер немесе түйсіктер санада маңызды басыңқы ролді алып, маңызсыздарды ығыстырады. Бұл әсердің санадағы үлкен деңгейлігі зейіннің фактісі немесе эффектісі болып табылады. Бірақ сандар ретінде осы жерден қосымшаэффектілеу де шығады. 1. Зейіннің аналитикалық эффектісі. елестетудің саналануына сәйкес, оларды жеке көруге мүмкіндіктер, көптеген мәліметті байқаймыз. 2. Факсациалаушы эффект-санада тұрақтанады, жеңіл жоғалмайды. Әлсізестілетін дыбыс зейіннің арқасында қатты сияқты естіледі. Зейін арабтың «зайын» сөзінен шыққан, қазақша көңіл қою деген мағынаны білдіреді. Зейіннің физиологиялық негізін Павлов ашқан, ол индукция заңына байланысты түсіндірген. Егер ми қабығының бір бөлігінде қозу пайда болса, қалған бөлігінде тежелу пайда болады. Бұны теріс индукция заңы деп атады. Ухтомский зейіннің физиологиясын доминанта теориясы бойынша анықтаған. Қоршаған ортаның көптеген тітіркендіргіштердің ішінде біреуі миға көп әсер етеді. Ол мидың бір алабын қаттырақ қоздырады. Осы алапты доминанта деп атады.

Н.Н. Ланге бойынша зейін процесі мен оның психологиялық табиғатын зерттейтін бағыттарды топтастыру. Н.Н. Ланге зейіннің табиғатын түсінудегі негізгі ықпалдарды талдай келе, барлық теориялар мен концепцияларды бірнеше топқа біріктірді:

1. Зейін қозғалушы икемделудің нәтижесі ретінде. Бұл бағытты қолданушылар, адам егер зейінін ерікті түрде бір заттан 2 затқа ауыстыратын болса, зейін бұлшықеттік қозғалыссыз болмайды дегенді қолдайды. Тек бұлшықеттік қозғалыстар ғана сезім мүшелеріне жақсы қабылдау жағдайға үйретуді қамтамасыз етеді.

2. Зейін сана көлемін шектеудің нәтижесі ретінде. Сана көлемі деп нені айтатынын түсіндірмей, И. Герберт пен У. Гамильтон интенсивтірек елестетулер аз интенсивтілерді басып шығаруға қабілетті деп санайды.

3. Зейін эмоцияның нәтижесі ретінде. Бұл теория ағылшынның ассоционды психологияда жақсы мойындалған. Ол зейін елестетудің эмоционалды бояуларына тәуелді деген тұжырымдамаға негізделеді. (Рибо)

4. Зейін операциясының нәтижесі ретінде, яғни индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі ретінде

5. Зейін рухтың (рух) ерекше белсендететін қабілеті ретінде. Бұл позицияны жақтаушылар зейінді зейінді шығу тегі белгісіз алғашқы және белсенді қабілет деп қабылдады.

6. Зейін жүйке тітіркендіргіштерін күшейткіш ретінде. Бұл болжамға сәйкес, зейін орталық жүйке жүйесінің орнықты тітіркендіргіштерінің көбеюімен шартталған.

7. Жүйкелікті басу теориясы зейіннің негізгі фактісін түсіндіруге тырысады. бір физиологиялық жүйкелік процесі басқа физиологиялық жүйелерді ұстап қалып және жоғалту арқылы бір елестету екіншісін жеңеді, нәтижесінде сана ерекше концентрацияланады.



8. Зейін іс-әрекетті айыру нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет