Лекция Термодинамика және жалпы түсінік. Күй параматрлері. Квазистатистикалық процесстер



бет26/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#96175
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
325227 (1) (1) (1)
323267
Күкірттің күй диаграммасы.
Энантиотропия және монотропия.
Ромбалы күкіртпен моноклинді күкірттің химиялық потенциалдары олардың қаныққан буларының химиялық потенциялымен анықталады.
µSp = µ°+RT ln PSp және µSм=µ°+RT ln PSм
Бұл екі теңдеудегі µ° мәні бірдей t- да бірдей,сондықтан химиялық потен-циалдың мәні қай модификациясының қаныққан бу қысымы көп болса, соны-сы үшін жоғары болады.
Ромбалы күкірт пен моноклинді күкірттің бу қысымының қисықтары – АВО және В'ВС бір – бірімен В нүктесінде қиылысады. В нүктесі сұйық күкірттің бу қысымы қисығынан (КСО қисығы) төмен жатыр. А d 95,5ºС- ден жоғары t- да (мысалы ,t2) ромбалы күкірттің бу қысымы ионоклинді күкірт-тің бу қысымынан көп болғандықтан фазалық айналу кері бағытта жүреді: Sp –›Sм. Екі түрлі кристалдың модификациясының сыртқы жағдайларға байланысты бір – біріне өздігінен тура және кері бағытта айналуын энантиотропты түрлену дейді.
Заттар белгілі бір t – да бірнеше фазалық түрленуге ұшырайтын болса, олар алдымен тұрақтылығы аздау фазаға, содан соң барын тұрақты фазаға айналады яғни бұл Оствальд ережесі деп аталады.
Табиғаттағы кейбір полиморфты модификациялар барлық t- да тұрақсыз болады. Мұндай жағдайларды фазалық айналулар бір бағытта жүреді, тұрақсыз модификациялар тұрақты модификацияларға айналады. Мұндай айналуды монотропты түрлену дейді.
Кейбір заттар үшін екі түрлі кристалдың модификациясының бу қысымы қисықтарының қиылысу нүктесі заттың сұйық күйінің бу қысымы қисығынан жоғары жатады. Мысалы, бензофенонның (С6Н5)2СО күй диаграммасын қа-растырсақ диаграммада АО,ВО,КО қисықтары β – бензофенонның екі түрлі фазасының m – теңдіктерін көрсетеді. ά бензофенон тұрақсыз модификация сондықтан ол өздігінен β бензофенонға айнала алады, ал керісінше айналу мүмкін емес. β – бензофенонмен ά – бензофенон кристалдарының буымен m теңдігін беретін АО және А'О' қисықтары бір – бірімен С нүктесінде қиылыс-ады. Қатты заттар балқу t – нан жоғары аса қызбайтындықтан қисықтардың СО және СО' бөліктері тәжірибе жүзінде алынбайды. Олай болса барлық t- да ά – бензофенонның химиялық потенциялы (қаныққан бу қысымы) β – бензофенонның химиялық потенциялынан жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет