Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу



бет67/72
Дата08.02.2022
өлшемі235,58 Kb.
#123658
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Ëåêöèÿ òåçèñ³ òà ûðûáû Ñûáàéëàñ æåì îðëû ûìû

6. Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу.
Заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК 71-тарауында белгіленген тәртіппен, сотқа дейінгі сатыда, сот үкімі шығарылғанға дейін, болжамды кінәлі тұлғаға халықаралық іздестіру жарияланған жағдайларда немесе оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған жағдайда жүргізіледі, ол үшін 35-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасы – рақымшылық, 4) тармақшасы – ескіру мерзімі, 11) тармақшасы – қайтыс болған адамға қатысты заңсыз жолмен табылған мүлікті белгілеу кезінде – негізге алынады.
Мүлікті тәркілеудің мұндай нысаны кезінде ҚР ҚПК 113-бабының 1 және 3-бөлігінде көзделген мән-жайлардан басқа, дәлелдеуге мыналар жатады: 1) мүліктің күдіктіге, айыпталушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілігі; 2) мүліктің тәркілеуді қолдану үшін негіз болып табылатын қылмыспен байланысты болуы; 3) мүлікті үшінші тұлғаның иемдену мәнжайлары немесе мүлік құқық бұзушылықтар нәтижесінде сатып алынды деуге негіз болатын мән-жайлар.
Тәркілеу туралы қорытындыны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасайды және прокурорға жібереді, ол оны 10 тәулік ішінде қарайды.
Одан әрі прокурор тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінеді, мұндай негіздер болмаған кезде қорытынды мен материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуші адамға қайтарады және қосымша дәлелдемелер жинау немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді тоқтату қажеттігін көрсетеді. Кез келген жағдайда тәркілеуді қолдану туралы мәселені үкім шығарылғанға дейін ҚР ҚПК 669–671 баптарына сәйкес сот шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет