Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие



бет43/72
Дата08.02.2022
өлшемі172,51 Kb.
#123221
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлық туралы күшті мәліметтер

Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие.
Жоспары:
1. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – сезімін қалыптастыру ерекшеліктері.
2. Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – сезімін қалыптастыру ерекшеліктері.
3. Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – сезімін қалыптастыру ерекшеліктері.
1. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – сезімін қалыптастыру ерекшеліктері.
Ағарту және тәрбиелеу жұмыстары.
Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп болатын себептер мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары, адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс.
Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр. Бұл үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері мен құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының ерекшеліктерін педагогикалық тұрғыдан қайта салмақтау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие педагогикалық кең мағынасында – бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың қалыптасуы үшін қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын ықпал ету.
Ауқымсыз педагогикалық мағынада – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен оның нәтижесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні интериоразацияны білдіреді, яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру және әрбір білім алушының соған көзін жеткізу. Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі бет түзер бағыты болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жөнінде олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан білім алушыларға қажетті білім көлемін және тиісті моральдық идеалы туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды.
Екінші жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани санасезімнің қабылданған және игерілген элементтеріне сәйкес әрекет етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру;
2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру;
3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту.
Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді.
Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі: – білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері жағдайларының болмауы; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі; – білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі проблемаларын шешу тәжірибесін алу; – білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет [3].
Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін бірқатар тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас – әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек. Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын қалыптастыру.
Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық, жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн. Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне, өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет.
Орта мектеп жасы – (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің нақты қиындығы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм, интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің маңызы зор. Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды. Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің негізгі міндеті. Жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын тиімді шешу тәжірибесін жинайтын практикалық жағдай туғызу керек. Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен басқа жеке таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын туғызған жөн.
Жоғары мектеп жасы (14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс. Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері, жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс.
Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына біртебірте кірігу жүзеге асырылады.
Бұл ретте Қазақстанда соңғы жылдары қалыптасқан біршама күрделі қоғамдық-экономикалық жағдай жас ұрпақ үшін бірсыпыра ауыр болды. Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз ықпалын жоғалта бастады және бұл жас азаматтардың ілгерінді құнды бағдарларының қалыптасуына әсер етеді. Бұл жағдайда жастар көбіне өз таңдауының дұрыстығына сенімділігін жоғалта бастайды, оған қоса сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне бейім бола бастайды. Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты дұрыс таңдау қажеттігі кезінде қиындық пайда болады. Осы орайда тұлғаның сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама – бұл адамның әрекетінен, іс-қимылы мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы тікелей қарым-қатынасының интеграцияланған көрсеткіші.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлық нұсқамасын қалыптастыру қажеттігі өзін-өзі тануын, ішкі еркіндікті, өз таңдауы мен әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуін білдіреді. Бұл ретте, студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялардың маңыздылығын сезініп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет үшін практикалық біліктілікті игеру қызметіне қатысуы қажет, бұл олардың күрделі жағдайларда ойдағыдай бейімделуінің маңызды алғышарты болуы мүмкін. Осылайша, әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты орнықты азаматтық ұстанымын сіңіру арқылы тәрбиеленушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастыру қажеттігі болып табылады.
Төменде бұл жүйе алдында тұрған негізгі міндеттер, сондай-ақ тиісті жас топтарымен тәрбие жұмыстарының бағыттары көрсетілген.
Әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесі жас топтары жетекші тәрбиелеу міндеті тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары Мектепке дейінгі жас Рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс әрекеттері мен нормаларын қа- лыптастыру Моральдық және адамгершілік құндылықтарды қоса алғанда, қоғамда қабылданған норамлар мен құндылықтарды игеруге бағытталған рухани сезімдерді, көзқарастар мен сенімді дамыту Кіші мектеп жасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетанымдық сипаттағы ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру Орта мектеп жасы Құқықтық сана-сезімді қалыптастыру Құқықтық құндылықтарды, сенімдерді құқықтық әрекет дағдыларын дамыту; Жоғары мектеп жасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы және құқықтық негізде өмірлік міндеттерді шешудің дағдыларын қалыптастыру Құқықтық және моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әрекетті қамтамасыз ететін сыбайлас жемқорлық жағдайларын туғызу; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты тиісті құқық нормаларын практикалық қолдану білігін дамыту Студенттік жас Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік беретін рухани құнды негіз ретінде Қазақстандық патриотизмді және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қатынас бойынша белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруды құқықтық мәдени тәрбиеден бастаған жөн. Құқықтық мәдени тәрбиелеу – Бала құқығы туралы конвенцияны ратификациялаған мемлекеттің міндетті саяси бөлігі болып табылады. БҰҰ негізгі құжат ретінде қабылдаған, әлемдік қоғамдастық таныған «Бала құқығы туралы конвенция» баланы дербес құқық субъектісі деп жариялайды. Бірақ, бала құқықтарын іске асыруды құқықтық қорғау заңдарын қабылдау және олардың орындалуын қамтамасыз етудің тетіктерін құру арқылы қол жеткізу мүмкін емес.
Дегенмен, барлық қоғамның, ересектер мен балалардың, әрбір адамның баланы өз құқықтары мен міндеттері бар дербес тұлға ретінде тануы маңызды болып табылады. Құқықтық тәрбие – баланың құқықтық тұрғыдан тәрбиесін қалыптастыру мақсатында баланың санасы мен әрекетіне мақсатты және жүйелі әсер ету, яғни мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп жасындағылардың терең және орнықты құқықтық білімдер мен сенімдердің болуы мен оларды қалыптастыру дәрежесімен сипатталатын, тұлғаның кешенді сапасын білдіреді, ал оны күнділікті тіршілікте іске асыру қоғам талаптарына сай келеді [5; 6].
Баланың өзін-өзі, өз әрекетін бағалай білмеуі оның рухани санасезімін қалыптастыру қиындығының бірі болып табылады. Ол өзін-өзі қайраткер ретінде сезінуі мүмкін (зерделі – зердесіз, әдемі жазады – жазуы шимай), бірақ балалардың өзін тұлға ретінде бағалау тетігі 12 жасқа дейін, кейбіреуінде одан да кеш оянады. Ал рухани әрекет негізінде осы тетік болады. Рефлексия – бұл өз әрекетін сезіну және бағалау қабілеті. Бұл өте құнды қасиет. Мектеп жасына дейінгі балалардың рефлекстік құрылымын дамыту тәсілдерінің бірі – баланың өзін әдеби персонажбен салыстыру арқылы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. Біз рухани әрекет туралы атқан кезде біз бағалау критерийлерін қолдануға мәжбүр боламыз. Бұл ретте көбіне адамның өзі емес оның әркез «жақсылық пен жамандық» деген санатпен айқындауға болатын әрекеті бағаланады.
Екінші жағынан әрбір адам, оның ішінде бала да өз әрекетін осы эталондармен салыстырады.
Алайда, балаға өз әрекетін теріс полюспен салыстыру қиын. Егер бала бұл эталонмен салыстырса, онда көбіне бұл формальды түрде жасалады. Ол әділетсіздік жасай отырып, өзін ақтайтын сылтау табады. Әрекетті бағалау кезінде баланың жаман әрекеті үшін алаңдаушылығын туғызу проблема болып табылады. Классикалық балалар әдебиеті баланың жас кезден-ақ кітап кейіпкерлеріне еліктеу, аумалы заманда дұрыс бағдар алуына көмектесетін әрекетін реттеу үшін құнды мәлімет береді. Мұндай жұмысты интерактивті әдістердің жәрдемімен де (ойындар, мультфильмдер, комикстер және т.б.) ұйымдастыруға болады. 5-6 жастағы балалар (мектепке дейінгі жоғары жас) өзіне қатысты да басқаларға (достары, туыстары) қатысты да әділетсіздікті толықтай түйсініп, сезінеді. Әділдік сезімі көрінісіне сүйене отырып, баланың кез келген адамның және өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінуіне есеп жасауға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік мүмкіндігі шынайылықтың алуан саласындағы елеулі байланыстар мен тәуелділікті көрсететін түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тұлғаның дамуы саласындағы психологиялық зерттеулердің авторлары өзі, өзінің «Мені» туралы ұғымның құндылығы мен маңыздылығын дәлелдеп берді. Олардың тұтастай «Мен образын» құрудағы, ілгерінде өзін-өзі бағалау қабілетінің пайда болуындағы, өзін-өзі жасампаздыққа бастау қабілетін дамытудағы рөлі көрсетілді [1].
Құқықтық мәдениет бойынша материалды балалардың игеру тиімділігін арттыру үшін: «Баланың құқықтары туралы декларация», «Баланың құқықтары туралы конвенция» сияқты әлеуметтік құжаттар жөнінде әңгіме құру түрінде алдын ала сауат ашу жұмысын жүргізу қажет. Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар барысында оқытудың: көрнекі (бала құқықтары туралы плакаттар, ертегілерге иллюстрациялар, «Баланың құқықтары туралы декларация», «Баланың құқықтары туралы конвенция»), ауызша, ойын, проблемалық оқыту, практикалық әрекет әдісі сияқты оқыту әдістерін пайдаланған орынды. Қызмет соңында мына тақырыптарға сурет салу конкурсын өткізуге болады: «Мен және менің құқықтарым», «Бақыт қаласы», «Демалысымды қалай өткіздім», «Мен және менің отбасым» және т.б.
Білім беру қызметінің мұндай мазмұны өз құқықтары мен міндеттеріне қызығушылықты дамытуға, әлеуметтік әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған [2].
Балаларға тікелей білім беру қызметін олардың қызығушылығына, даму деңгейіне сүйеніп, сондай-ақ олардың жеке ерекшеліктері мен бастамаларын ескере отырып, құрылуға тиіс. Балалардың өз әрекетіне жауапкершілігі пайда болады, өйткені құқықтар мен міндеттердің нақты шегін айқындай алады. Құқықтық білімдерді өмірде қолдана отырып, балалар өзінің әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, өз құрбы-құрдастарымен және ересектермен жанжалсыз байланысуды үйренеді, үйдегі және қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс нормасын игереді. Кіші мектеп жасындағы баланың елеулі тану қызығушылығын жандандыру, өз-өзіне сенімді болуына, ерік-жігерін, адамдарға қайрымды қатынас қалыптастыру, өзін Жер Шарының және өз елінің азаматы ретінде сезінуіне ықпал ету қажет. Кіші мектеп жасындағылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауат ашу мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні аясында арнайы сағаттар енгізуге болады.
Жасампаз, үйретуші және ойын әрекеттері, тәрбие ісшараларын, практикумдар мен сюжетті-рөлдік ойындар мейлінше тиімді және пәрменді болады. Бірінші кезекте имитациялық және іскерлік ойындар ұйымдастыру қажет, оның шеңберінде білім алушылар белгілі бір билік өкілеттіктеріне ие болып, оны ойын барысында іске асырады. Мазмұны бұл жастағы балаларға түсінікті болатын ойын ретінде әртүрлі кейіпкерлерді бейнелеуге болады.
Осылайша мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру тиімділігі рухани тәрбиелеудің жалпы жүйесі аясында төмендегі жағдайларда іске асыру мүмкін болады:
– балаларға адам құқығының ізгілік мәнін, оның міндеттерін, әрекет нормалар мен қағидаларын терең сезінуге мүмкіндік беретін тәрбиенің әртүрлі құралдары мен әдістерінің кешенін пайдалану;
– балалар тобының ізгілік сезімдері мен сыйластық қатынастарын көрсетуді ынталандыратын ахуал жасау;
– педагогтар мен ата-аналардың тәрбиелік ұмтылыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету.
Балалар өз-өзіне сенімді болу, өзін-өзі сыйлау және басқаларды құрметтеу тұрғысынан тәрбиеленуі тиіс. Әрбір бала өзіне қажетті жағдайда жеңіл қолдана алатын өз құқықтарын, міндетін білуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет