Байланысты: Сыбайлас жемқорлық туралы күшті мәліметтер
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде реттеуші рөл атқара алатын діни және өзге моральдық нормалар. Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты.
Ол оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінезқұлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі.