Лекция тезистері №1 Лекция. Пәнге кіріспе



бет15/20
Дата17.02.2022
өлшемі211,06 Kb.
#132254
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
тарих

Бақылау сұрақтары:
1. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы
2. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары
3.«Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.

11 Лекция. Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі


1. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
2. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы
3. Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру
4. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім

1. Қазақстандағы көп партиялықтың тарихы ХХ ғасырдың басынан басталады. Ә. Бөкейханов бастаған «Алаш», басшысы К. Тоғысов болып сайланған «Үш жүз» партияларының болғаны тарихтан белгілі. Алайда, бір партиялық жүйеге негізделген кеңестік большевиктік билік орныққаннан кейін жетпіс жылдан астам уақыт КОКП үстемдік етті. Барлық маңызды лауазымды қызметті – Компартияның мүшелері иеленді.


Әміршіл-әкімшіл жүйенің саяси дағдарысы тереңдеген өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысынан көп партиялық процесс жанданды. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен кейін, көтеріліс себептері және оған берілген саяи бағамен келіспеушілік «Желтоқсан қозғалысының» құрылуына әкелді. Қозғалыстың басында – 1986 жылғы желтоқсанға қатысты жауапқа тартылған саяси қайраткер Хасен Қожа Ахмет тұрды.
Билік жүйесінде коммунистік партия басымдылығы сақталып қалды. Жалпыодақтық «көңіл-күй» Қазақстанды да сырт айналып өтпеді: баспасөзде КОКП-ны сынға алу, коммунистердің өзара келіспеушілігі орын алды.
1990 жылы елдегі саяси-экономикалық дағдарысқа қарамастан тәуелсіз мемлекет, яғни Қазақстан Республикасын құратын жаңа саяси күштер қалыптаса бастады.1990 жылымамыр айында«Әділет», «Ақиқат», «Азамат», «Жерұйық», «Кәусарбұлақ», «Форум» қоғамдық ұйымдарының бастамасымен құрылтай съезі шақырылып, «Желтоқсан» қозғалысы негізінде – Қазақстан ұлттық демократиялық париясы «Желтоқсан» құрылды. Партия көшбасшылары болып Хасен Қожа-Ахмет пен А. Нәлібаев сайланды. 1990 жылдың 26-27 мамырында Дос Көшімов бастаған «Қазақстан социал-демократиялық» (ҚСДП) партиясы өмірге келді. 1990 жылы 1 шілдеде «Азат» азаматтық қозғалысының құрылтай конференциясы өтіп, бас қосуға қатысқандар «Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының негізгі мақсаты мен принциптері» деген декларация қабылдады. Онда «Азат» азаматтық қозғалысы тәуелсіздік, мемлекеттік тіл, ұлттық ақша мәселелерін көтерді. Республиканың ішкі қоғамдық-саяси өмірінде әр түрлі саяси және қоғамдық бірлестіктердің қызметтері жолға қойылды.
1990 жылғы 9 қазанда «Қоғамдық бірлестіктер туралы» одақтық Заңның, 1991 жылы маусымда Қазақ КСР-нің «Қазақ КСР-і қоғамдық бірлестіктер туралы» заңның қабылдануына байланысты алғашқы партиялар құрыла бастады. Заңда азаматтар үшін қоғамдық-әлеуметтік һәм өмірлік маңызы бар мәселелер қамтылды, бостандық құқы жарияланды.
1991 жылы 4 қыркүйекте 30 өкіл қатысқан «Азат» партиясының құрылтай конференциясы өтті. Конференция парламенттік типтегі «Азат» Қазақстан республикалық париясы құрылғанын жариялады. Осы кезде «Азат» қозғалысы екіге бөлінді. Оның бірі – «Азат» Қазақстан азаматтық қозғалысы, екіншісі – «Азат» Қазақстан республикалық партиясы.
Бұрынғы Коммунистік партия 1991 жылы 7 қыркүйекте кезектен тыс съезін өткізіп, өзін-өзі таратты. Съезд бұрынғы Коммунистік партияны Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП) деп атау жөнінде шешім қабылдады. Партия құрамына мемлекеттік жауапты қызметкерлер, халық депутаттары кірді. Тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің іргесі сөгілген сайын Қазақстанда демократиялық еркіндікке жол ашылып, көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 1991 жылдың 5 қазанында Қазақстан халық конгресі партиясы (ҚХКП) құрылды. Партияның тең төрағалары болып, «Невада - Семей» қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын О. Сүлейменов пен «Аралды қорғау» қоғамдық қозғалысының жетекшісі, ақын М. Шаханов сайланды. 1996 жылы М. Шаханов «Арал – Азия - Қазақстан» қозғалысына ауысып, төрағалық қызметін В. Рогалев, Г. Ерғалиева атқарды. Оның құрылтайшылары – «Семей – Невада», «Арал – Азия – Қазақстан» қозғалыстары, Әйелдер одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен ұлттық мәдени орталықтар болды. ҚХК партиясының Солтүстік Қазақстаннан басқа 18 облыста өз ұйымдары болды. «Халық Конгресі», «Народный Конгресс» газеттері шығып тұрды.
1991 жылдың 24 қарашасында төрағасы А. Докучаева бастаған, негізі орыс тілді зиялылардан құралған «Қазақстан демократиялық прогресс партиясы» құрылтай съезін өткізді. Қазақстанда саяси процестің жандануы кейбір партиялардың бірігуіне жағдай жасады. 1992 жылы 11 қазанда «Азат» азаматтық қозғалысы, «Азат» республикалық париясы, «Желтоқсан» ұлттық демократиялық партиясы бас қосқан біріктіру съезі өтті. Съезд «Азат» республикалық партия шеңдерінде ұйымдасты деген шешім шығарды. Біріккен жаңа «Азат» республикалық партиясының төрағасы болып Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор Камал Ормантаев, оның бірінші орынбасары болып Хасен Қожа-Ахмет, бас кеңесшісі болып Жасарал Қуаныш-Әлі сайланды. 1993 жылы 6 ақпанда Қазақстан Халық бірлігі одағы (ҚХБО) құрылды. Одақтың төрағасы болып 1993 жылы 6 ақпандағы құрылтай съезінде С. Абдрахманов, 1993 жылғы 2 қазандағы бірінші съезінде Қ. Сұлтанов сайланды. Халықты одақтың жұмысымен құлағдар етіп отыру «Жас Алаш» және «Экспресс К» газеттеріне жүктелді. Одақ кейіннен «Дәуір», «Время» газеттерін шығарып тұрды.
1993 жылы 17 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» кодекстiң қабылдануымен Қазақстанда мажоритарлық сайлау жүйесi енгiзiлдi. 1994 жылдан саяси партиялар алғаш рет елдің барлық деңгейдегі өкілдік органдарына сайлауға қатысуға мүмкіндік алды. 1994 жылы 20 ақпанда «Халықтық - кооперативтік партия» (ХКП) төрағасы Өмірзақ Сәрсенов, 1995 жылы 27 қаңтарда Қазақстанның «Дәуірлеу» партиясы, төрағасы Алтыншаш Жағанова, 1993 жылы 6 ақпанда құрылған Қазақстан Халық бірлігі одағы (ҚХБО), 1995 жылғы ақпан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев бастаған «Қазақстан халық бірлігі париясына» айналды. 1995 жылы 1 шілдеде төрағалары Төлеген Жүкеев пен Алтынбек Сәрсенбаев бастаған Қазақстанның демократиялық партиясы құрылды. Көппартиялық бәсекелестік негізінде 1995 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламентіне бірінші сайлау өтті. Сайлау кезінде – «Қазақстан Халық бірлігі партиясы» барынша көп дауыс (24 адам, оның 12-сі партия мүшесі) жинады.
Көппартиялық жүйенiң қалыптасуындағы заңнамалық негiздiң жаңартылуы, жетiлдiрiлуi 1996 жылы 31 мамырда қабылданған «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдардан да көрiнiс тапты. Қазақстан азаматтарының еркiн бiрiгу құқы осы заңдармен қамтамасыз етiлдi. Бұл заңдар партия қызметтерін конституциялық заңнама шеңберінде реттеумен және парламенттік типтегі партияларды қалыптастыру мақсатында қабылданды. Бірақ, 1995 жылғы Парламент Мәжілісіне сайлаудан кейін партиялар дамуындағы дағдарыс байқалды. Мұның басты себебі – партиялар қызметінің сайлау науқанымен шектелуі еді. Дегенмен, дөңгелек үстелдер, келісім– шарттардан көрініс тапқан, саяси билік пен саяси партиялар арасында ынтымақтастық бағыттағы басқа да іс-шаралар жүзеге асырылды. 1996 жылы 20 сәуірде «Азамат» Қазақстан демократиялық партиясы, төрағалары М.Әуезов, Ғ. Әбілсейітов, П.В. Своик, 1998 жылы желтоқсанда «Қазақстанның республикалық Халықтық партиясы», төрағасы экс-премьер Ә. Қажыгелдин, 1999 жылы 6 қаңтарда «Қазақстанның аграрлық партиясы» (төрағасы Р. Мадинов) құрылды. Өзіндік бағыттарын айқындады.
1996 жылы қабылданған «Саяси партиялар туралы» заңда орын алған кемшіліктер партиялардың саяси процеске белсене араласуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан заңды қайта қарау қажеттілігі туындады. Партиялық жүйедегі дағдарыс 1998 жылдың қыркүйек айынан тереңдей түсті. Саяси партиялар белсенді қызмет етуіне Президенттік, Парламенттік және мәслихат сайлауларының әсері болды. Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық жүйе жағдайы партиялық тізім бойынша дауыс беруді енгізуге мүмкіндік жасады. 1998 жылдың 17 қарашасында партиялар қатары А. Перуашов бастаған «Азаматтық» партиямен толықты. 1999 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Президентіне бүкілхалықтық сайлау өтті. Президент алғаш баламалық негізде сайланды. Сайлау нәтижесінде – 81,71% сайлаушының дауысына Н.Ә. Назарбаев ие болды.
Оппозициялық партиядан сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин түсіп, 12,6% дауыс жинады. Президенттік сайлаудан кейін, 1999 жылғы қаңтар айында сайлау штабының негізінде «Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы құрылды. «Қазақстанның демократиялық партиясы», «Қазақстан Халық бірлігі партиясы», «За Казахстан - 2030» либералдық қозғалысы 1999 жылғы наурыз айында «Отан» партиясына қосылды. Осы жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді.Төраға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1999 жылдың 10 қазанда конституциялық өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың сайлауы өтті. Сайлау додасына 10 партия қатысты. Қазақстан көппартиялық жүйе бағытында дамып келеді. Қазақстанда ресми тіркелген 10 саяси партия қызмет жасайды: Қазақстан Коммунистік партиясы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, Қазақстан Патриоттары партиясы, Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы, «Жалпыұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП)». Әр партияның бағыт − бағдарлары,өзіндік даму жолы, ұстанымдары бар.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары. 1991 жылдан – «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жұмыс жасай бастады. Қазақстанда 735 жаңа газет-журнал, оның ішінде қазақ тілінде – 250, орыс тілінде – 395, ұйғыр тілінде – 4, өзбек тілінде – 5, неміс тілінде – 2, корей тілінде – 2. Олардың 85-і тәуелсіз, 12-і жеке меншік басылым еді. Осы кезеңде 200-ге жуық жаңа, жеке акционерлік телерадиокомпаниялары пайда болып, олардың құрылтайшыларының құрамы сапалық жағынан өзгерді. Осыған дейін олар мемлекеттік және партиялық ұйымдарға тәуелді болса, енді телекомпаниялардың көпшілігі жеке тұлғаларға, редакцияларға, акционерлік компанияларға тиесілі болды. Соның нәтижесінде қоғамның кейбір топтары әлеуметтік, саяси процестерге, рухани өмірдің дамуына ықпал жасауға ұмтылды. Ақпараттық құралдардың экономикалық жағдайы мұндай
Жаңа әлеуметтік-саяси және нарықтық жағдайлар тәуелсіз телерадиокомпанияларды құрылымдық жағынан біріктіруге мәжбүр етті. 1995 жылы Орта Азиялық тәуелсіз электронды ақпарат құралдарының ассоциациясы құрылды. Оған 12 өзбек телерадио ұйымы, 6 тәжік корпорациясы республиканың 14 облысын біріктірген «Сарыарқа», 63 жеке телерадиокомпания кірді. Ұйымның басты мақсаты – ұжымдық бірлік негізінде тәуелсіздікті қорғау еді. 1995 жылы спутниктік теледидарды дамытудың үкіметтік бағдарламасы ақпараттық дамудың жаңа көкжиектерін анықтады. Ол ИНТЕЛСАТ спутнигі арқылы 50-ге жуық еуропалық, азиаттық, америкалық бағдарламаларды қабылдауға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты ТМД елдерінің ақпараттық кеңістігінің қалпына келтіруге жағдай тудырып, 1992 жылы бұқаралық ақпарат құралдары бойынша Алматы декларациясының қабылдануы Орта-Азиялық тәуелсіз ақпарат құралдарымен қарым-қатынасты нығайтты. Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті құрудағы ақпарат құралдарының талпынысы ешқандай қарсылыққа ұшыраған жоқ. 1997 жылдан кейін мемлекет нарық заңдарын игеру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қатаң шаралар қолданылды. Бұл кезеңде жаңа басылымдар мен жаңа телеарналар қалыптасып, басылымдардың материалдық-техникалық базасы жақсарды. Басылымдар арасында бәсекелестік ұлғайып, телерадио желілеріне тендерлер ресми түрде жарияланатын болды. Алайда, ақпарат нарығында әлі де болса Ресей ақпарат құралдарының бағыты күштірек байқалды. Осы жылдары Ресей ақпарат құралдары «қара пиар» тәсілдерін қолдана бастады. Кеңес баспасөзінде болмаған «диффамиция» - жала жабу термині алғаш пайдаланылды.
Жекешелендіру процесі Қазақстанда ірі қаржы топтарын қалыптастырды. Баспасөздің күшін, қажеттілігін сезген олар жаңа басылымдар ашып, жоғары деңгейлі басылымдарды иеленуге ұмтылды. 1990 жылдардың ортасынан бастап өз топтарының экономикалық мүдделерін қорғайтын ақпараттар күресі басталды. Беделге әсері болатын ақпараттар беру, бәсекелестерді ығыстыру, меншікті басып алу тәсілдері қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау, парламент депутаттарының сайлауы тәрізді саяси науқандар бұқаралық ақпарат құралдарын саяси өмірге белсенді араластырды. Кейбір басылымдардың кәсіби деңгейі өте төмен деңгейде болуына байланысты, Батыстан қаржыландырылған «Интерньюз» ұйымы аймақтық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып, кәсіби шеберлікті көтеруге үлес қосты.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда полиграфия ісі жолға қойылып, түрлі-түсті журналдар, ақпараттық-жарнамалық басылымдар шығарыла бастады. Ірі медиа холдингтер бірігіп, медиа-құрылымдар: Рауан медиа группа, Евразийская группа, Холдинг Алма-Медиа-Хабар, КазКоммерцБанк, Қазақстан темір жолы, Маңғыстау Мұнай-газ, Отан медиа групп және т.б. қызмет етті.
2001 жылы Қазақстанда – 1482 бұқаралық ақпарат құралдары болса, оның 1357-і баспасөз және 125 электронды басылым және әр ай сайын 25-30 бұқаралық ақпарат құралы қосылып отырды.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі №1149 жарлығымен бекітілген 2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы «Хабар», «Қазақстан» телеарналарының және қазақ радиосының бағдарламаларымен ауылдық аумақтарды қамту үшін 2005 жылы республикалық бюджеттен 5 млн теңгеден аса қаражат бөлінді. «Қазақстан» РТРК» АҚ халықты көбірек қамту мақсатында 2004 жылы «Шалқар» үшін 21 таратқыш, Қазақ радиосы үшін 37 таратқыш іске қосылды. «Хабар» республикалық телеканалы бағдарламаларын көрсету үшін 107 және «Қазақстан» АҚ ұлттық телеканалы үшін – 141 таратушы құрал пайдалануға берілді.
«Қазақстан» РТРК» АҚ 2005 жылы 355 498 мың теңгеге өңірлік телеканалдарға телевизиялық қондырғылар, 79 767 мың теңгеге облыстық телеканалдарға транзисторлы телевизиялық таратқыштар сатып алынды. «Қазақтелерадио» АҚ мамандарымен қолданыстағы және жаңадан енгізілген радио-теле тарататын станцияларда 2005 жылы 252 телевизиялық және 55 радиотарататын таратқыштар жөнделді.
«Қазақтелерадио» радиотелевизиялық станцияларының телевизиялық және радиосигналдарын таратуда техникалық сапасын жақсарту үшін 2005 жылы 27 жоғары энергопайдаланатын және пайдалы қуаттың төменгі коэффицентті ескірген лампалық таратқыштарды хабар таратудың сапасын айтарлықтай арттыратын қазіргі заманғы элементті базасындағы қаттыденелі таратқыштарға ауыстырды.
Халықты стерефонды FM диапазонындағы радиотаратқышпен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында «Қазақтелерадио» АҚ өз қаражаты есебінен 1 кВт қуатты әлемдік стандартқа жауап беретін 54 радиохабар таратқыштарды сатып алды, оның 36-ы УКВ диапазонындағы «Дождь-2» ескірген таратқыштарды ауыстыруға, 18-і «Шалқар» бағдарламасы бойынша қамтуды кеңейту үшін орнатылды. Депутаттық сұраныстар бойынша – «Қазтелерадио» АҚ жеке қаражаты есебінен 63 таратқыш іске қосылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясын ұсынды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңiстiгiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзiрлендi. Тұжырымдамада ғаламдық ақпараттық кеңiстiктi және Қазақстан Республикасының ақпарат нарығын дамытудың негiзгi үрдiстерi, қазiргi заманғы ақпарат нарығындағы бәсекеге қабiлеттiлiктiң өзектi проблемалары талданды. Мемлекеттiк саясаттың ақпарат саласындағы негiзгi қағидаттары, стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ оларды iске асыру тетiктерi айқындалды. Тұжырымдама 2006-2009 жылдарға арналған нысаналы бағдарламалар, заңнамалық және басқа да нормативтiк құқықтық актілер әзiрлеуге негiз болды.
БАҚ қызметiнiң және Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығының жұмыс iстеуiнiң негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен шығармашылық еркiндiкке кепілдiк берген. Цензураға тыйым салынған. Сонымен қатар әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар, идеологиялық және саяси әр алуандылықты таниды. Қазiр Қазақстанда ақпарат нарығының негiзгi, елеулi элементтерi қалыптасқан.
2009 жылы республикада 2 946 бұқаралық ақпарат құралы елге хабар таратты. Олардың 80 пайызы жекеменшiкте болды. ҚР-ның «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы азаматтық қоғамды қалыптастырып, нәтижесінде саяси мәдениет деңгейін көтерді. Қазақстандық БАҚ жүйесі мемлекеттік саясаттың берік діңгегіне айналды.
3. Республикада сот билігі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда Конституцияға сәйкес Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардан тұратын бірыңғай сот жүйесі жұмыс жасайды. Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады.
1993 жылғы Конституцияның 16-шы тарауы сот билігіне арналды. Конституцияның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені атап көрсетілді. Онда: «Ешқандай өзге органның, лауазымды немесе өзге адамның сот билігі міндеттерін өз мойнына алуға қақысы жоқ» деп жазылып, «Конституциялық Сот — Казақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы деп табылатыны» белгіленді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті 1993-1994 жылдары дүние жүзіндегі өркениетті елдермен тең дәрежеде ынтымақтаса отырып, халықаралық қарым-қатынасты одан сайын нығайта түсті.
1994 жылдың 12 ақпаны күні Казақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 1569 қаулысы жарияланды. Онда Республикадағы сот жүйесін реформалау туралы жан-жақты айтылды. Әсіресе, сот әділдігін өміршең етуде соттардың кәсіби деңгейін көтеру, оларды ұйымдық жағынан нығайту, іс қарауда соттардың ешкімге тәуелді болмауын тиімділікпен арттырудың жаңа жобасы жасалды. Сондай-ақ, жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктелудің де қажет емес екенін анықтап берді. Республика Президенті Жоғарғы Сот Кеңесінің және Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен судьялардың қызметтік міндетін түпкілікті бекітуді талап етті. Соттардың кызметін жан-жақты қамтамасыз етудегі кадр, ішкі шаруашылық істермен айналысуды сот істерінен бөліп, аппарат басшылығына жүктеу көзделді. Жоғарғы Сот Республикадағы жалпы соттардың ең жоғарғы ұйымы болып табылатындығы атап көрсетілді. Бұл қаулыда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты арнайы сот алқаларына бөлініп құрылатыны, судьялар құрамы да соған қарай іріктелетіні, сондай-ақ, облыстық соттың құрылымы, оның төрағасы, алқа төрағалары, оған теңестірілген қалалық соттың да құрылым жүйесі осы негізде болатындығы жазылды. Ал, Қазақстан аумағындағы әскери сот дәрежесіне міндетіне қарай Республика Жоғарғы Соты Пленумының құрамына кіретіні айтылды. Осы уақытқа дейін барлық сот сатыларында сот ісіне қатысып келген халық заседательдерінің институтынжою керектігі көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы осы қаулысының, еліміздегі құқық қорғау органдары мен заң шығару орындарында және сот құрылымындағы құқықтық реформалар негізінде 1995 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы соттар жөне судьялардың мәртебесі туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл жарлық республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңаша заңдар ережесін жасап, бекітті.
2000 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағалары: М.С. Нәрікбаев (1996-2000 жж.), Қ.Ә. Мәми (2000-2009 жж. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуроры болып тағайындалды), М.Т. Әлімбеков (2009 жылдан бері) болды.
2000 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанынан сот әкімшілігін жүргізу бойынша Комитеттің құрылуы сот әкімшілігін жүргізудің дамуын жаңа сатыға көтерді. Сот әкімшілігін жүргізу бойынша Комитет соттар қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Сот жүйесін реформалау жолындағы маңызды қадам сот актілерін орындау бойынша қызметтің 2001 жылы сот әкімшілігін жүргізу бойынша Комитетке берілуі еді.
1996, 1999, 2001, 2005 жылдары Қазақстан Республикасы судьяларының Съездері өтті. І съезд соттардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық реформаны жүзеге асыру ісінде соттардың қоғамдық-саяси белсенділігін күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасы судьяларының Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды. Оның мәртебесі 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңымен бекіді. Қазақстан Республикасы соттар Одағының түрлі жылдардағы төрағалары: М.С. Нәрікбаев, С.К. Байбатыров, Қ.Ә. Мәми, Б.Ж. Әбдірайымов, Б.Т. Тұрғараев, Н.Н. Момбеков, А.Б. Қаженов болды.
2001 жылы 6 маусымда болған Қазақстан Республикасы соттарының ІІІ съезінің маңызды зор еді. Оның жұмысына Елбасы Н.Ә. Назарбаев қатысып, баяндама жасады.
Осылайша, 2000-жылдардағы биліктің атқарушы және сот тармақтарының қызметі «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге, елімізде заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға бағытталды.
4. Кеңестер Одағы тұсында «халықтар лабораториясы» атанған Отанымыз Қазақстан қазір ТМД елдері ішінде конфессионалдық кеңістігінің сан алуандығымен ат оздырып отыр. Дәлелге елімізде қазіргі таңда 46 конфессияны құрайтын, 3 мың культтік ғимараты бар, 4209 діни бірлестіктің жұмыс істейтінін, олардың 38 басылым, яғни газет-журнал шығаратынын айтсақ та жеткілікті. Халқының саны небары 16 млн. республика үшін тым жоғары көрсеткіштер емес пе. Сарапшы мамандар дәл біздің еліміздегідей орасан конфессионалдық сан алуандық сирек, тіпті әлемде жоқ деседі.
Алдымен Қазақстандағы діни бірлестіктерге көз жүгіртелік. Оларды шартты түрде үш түрге бөлуге болады.
Біріншісі, Қазақстан территориясында баяғыдан бар және ел тұрғындары басым көпшілігінің мәдени-тарихи дәстүрлерін анықтайтын діни бірлестіктер. Бұл топқа ислам және христиандық православие жатады.
Ислам жамағатына қазақтардан басқа 17 түркітілді этностар (өзбек, татар, ұйғыр, әзербайжан т.б.), сондай-ақ, тәжік, күрт, дұңған, шешен, ингуш сияқты ұлттар кіреді. Ал Қазақстандағы орыс православие шіркеуі негізінен үш славяндық ұлтты (орыс, украин, беларус) біріктіріп отыр.
Енді көпконфессионалдық тығырықтан шығудың сенімді жолы – дін исламның қазақстандық моделін жасау деген арқау мәселеге келейік. Мұндай моделді жасаудың қажеттігі неде және ол үшін не істеу керек?
Қазіргі замандағы халықаралық саяси қатынастар дінаралық өзара түсіністікке көп байланысты. Сол себепті толеранттық тәрбие адамзаттың күн тәртібінен ешқашанда түскен емес. Бірақ басқаға деген құрмет пен сыйластықтың іргестасына рухани ілім қалануы керек. Сонда ғана төзімділік кемел, сыйластық берік болады. Сырты бүтін, іші түтін, саяси жағдаятқа орай ғана көрініс беретін толеранттықтан келер пайда аз, бәлкім, ол залалды. Уақытша шыдау, жасанды тыныштық бітеу жарамен теңдес. Уақыты келгенде оны тесетін біз табыла кетері сөзсіз, сөйтіп, дүмпулерге ұласуы мүмкін.
Бізге рухты сауықтыратын, кемел келешекке жетелейтін діни толеранттық қана керек. Айтпағым түсінікті болу үшін сөзді әріден бастайын. Алдымен дін деген ұғымды анықтап алмай болмайды. Жаратушы Құдырет және адам арасын жалғастыратын ілімді және салт-сананы «дін» деп атау керек. Дінге, дін мақсатына басқадай анықтама берсек адасамыз, сірә.
Дін мұраты Жаратушы мен адамды жалғастыру болғандықтан Исламда Аллаға құлшылық қылуды: иман ихтиһат және ғамали деп ежелден екі түрге бөлінді. Бірі ғибадаттың ішкі сыры, бірі сыртқы жағы деген ұғым (Ихтиһат ұғымы Тәңіріні тануды, Аллаға сену, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға сену сияқты иманның жеті шартын ақылмен танып-білу, қысқасы иманның ішкі жағы деген мағынаны білдіреді. Ал, ғамали түсінігі сыртқы ғибадат, яғни шариғаттың жөн-жоралғысы, діни үкімдер және бес парыз туралы ілім). Айта кетелік, сөз болып отырған діннің қос қайнары мұсылмандық фалсафа ғылымы пайда болған әл-Фараби заманында фалсафа назарийа және фалсафа ғамалийа деп жіктелген болатын.Сонымен, Аллаға ғибадат, яғни құлшылық екі нәрсеменен: бірі-иман ихтиһат, бірі-сыртқы ғибадат екені хақ.Мұсылманда «ғылымхал» деп аталатын сыртқы ғибадаттың халы елімізде ойдағыдай, ә бастан көңілдегідей дамыды десек шындық ауылынан шығандап кетпейміз. Екі мыңнан астам жаңа мешіттер, әрбіріндегі діни қызметкерлер, ислам ғылымхалына қатысты көп әдебиеттер соның айғағы.
Сөйтіп, мәшалла, қазір «Биссимилла» әрбір мұсылман баласының аузында, «Құлқуалла» мен «Фатиха» сүресін екінің бірі саулата жөнелетін діни сауат деңгейіндеміз. Әрі қарайғы даму исламның жаңа өрісіне қадам басуға, жоғарыда айтылған иманның ихтиһатын дамытуға тіреліп отыр.
Қорыта келгенде, дініміз исламның айқын басымдығын қамтамасыз етер ең басты шарт – толымды ғибадат. «Иманның ихтиһатын тоқтамай үйрене беру керек» деген ұстазымыз Абайдың өсиетіне құлақ асатын уақыт шындап жетіп отыр. Мұсылмандық интеллигенцияны қалыптастыру, қазақтың рухын, өркениетін өзге халықтарға көрсету, таныту, халықтың рухын сауықтыру және махаббат, әділет сезімдерінің өсіп, көркеюіне құнарлы топырақты жасау сияқты келелі проблемалардың шешімі, қала қалама, «исламның қазақстандық моделі» деген идеяға тіреледі. Абай, Шәкәрім сынды ой алыптары бар Қазақстан рухты сауықтыру мәселесінде бүкіл әлемге үлгі-өнеге шаша алар еді деген пікірдеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет