Біртіндеушілік қагидасы - жүктемені жоғары деңгейге дейін біртіндеп өсіру. Өтпелі кезеңдерден кейін тынығып қалған, аз жүктемемен орындалған жаттықтырулардан кейін бірден көп деңгейлі, үлкен қарқынды жүктемелер беруге болмайды, жүктемені біртіндеп өсіру керек.
Даралық қағидасы - спортшының талантына, жеке басы мүмкіндігіне, өзіндік жаттығу техникасын орындау ерекшелігіне байланысты жаттықтыру әдістемесінің өзгеруі. Спортшыларға осы қасиеттеріне, жеке бас ерекшеліктеріне байланысты жеке тапсырмалар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |