Спорттық жаттықтыру амалдары. Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамыспорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.
Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді:
1 Жарыс жаттығулары.
2 Арнайы дайындық жаттығулары.
3 Жалпы дайындық жаттығулары.
Жарыскезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек.
Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
- жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл-әрекеттер;
- дайындық жаттығулары – негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жатгығулар;
- жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар. Мысалы, гимнастардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері т.б.;
- бейнелеу жаттығулары – жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (мысалы, конькимен жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі т.б.);
- басқа спорт түрлерінің жаттығулары (мысалы, акробатикадағы сальто жасауды суға секірушінің қолдануы ж.т.б.).