Әлеуметтік шиеленістер туралы түсінік.
Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне
заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік орын
алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген бұл құбылыс
латын тіліндегі confliktus – қақтығыс деген ұғымды білдіреді.
Шиеленісті, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді.
Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар
болып жатады.
Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-
қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.
Қазіргі кезді, әсіресе, біздің қоғамызда әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып отыр. Еліміздің
нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-
соңды болып көрмеген шиеленісті жағдайда ұласуы жиі ұшырасып отырды.
Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық
маңызы бар. Болашақ мамандар шиеленіскен жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс
шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеленістің алдын алу шаралары туралы біліммен
қарулануы қажет.
Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарда қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми
тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымда қалыптасты.
Әлеметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеленістің қоғам
дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құүбылысты жан-жақты зерттеудің
қажеттілігін мойындаған еді. XIX ғасырдың соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер және
Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеленістер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде
қарастырылады. Л.Гумплович К.Маркстен кейін көп ұзамай шиеленістердің шығу себептерін
адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған қүрестен іздеу керектігін айтты.
«Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғылыми
Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеленісті қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы
ретінде қарастырған.
Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми көзқарастарын XX ғ. 20 –жылдары Чикаго мектебінің
көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бюрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар
«әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын» негіздеді. Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке,
бейімделу ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.
Әлеуметтану шиеленісі әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына жеке бағыт ретінде XX
ғ. 50 - жылдарында қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |