Жауап-әрекетке келу
(реактивность) - бiрдей ық-палды сыртқы не iшкi әсерлерге болған
ырықсыз жауап-әрекет дәрежесi.
Белсендiлiк
(активность) - мақсатқа жетуде адам-ның қоршаған дүниеге ықпал жасау және
кедергiлердi жеңу үшiн жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейiн қою,
бағдар таңдау ж.т.б.).
Жауап-әркетке келу мен белсендiлiк қатынасы
- адам iс-әрекетiнiң өзiн пайда еткен
себепке қаншалықты тәуелдi екенiн бiлдiруi: кездейсоқ сыртқы немесе iшкi жағдайлар (көңiл-
күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам ж.т.басқалардан.
Икемдiлiк
(пластичность) - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты
жеңiл әрi жылдам үйренiсе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт (инертно), тiптi жат қылық
көрсетуi.
Достарыңызбен бөлісу: |