Лекция тезистері 3 кредит



бет29/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Тәрбие жоспарының үлгісі
1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс - әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.





Апта аралығын көрсету

Негізгі бөлімдер

Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы мен тәсілі

Мерзімі, уақыты

Жауапты адамдар

Өтілгені туралы белгі

1.Сынып ұжымын ұйымдастыру
















2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
















3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
















4.Отбасы және жұртшылықпен жүмыс
















5.Жеке оқушымен жұмыс
















1.Сынып ұжымын ұйымдастыру:(формасы – сынып сағаты),тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ – жауап, кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН),еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.
2.Бұл бағытта сыныпқа қстысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы – сынып жиналысы).Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі.Оқушылардың өзін - өзі басқару басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын , олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл – кеңес беру т.с.с. олрға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
3.Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу – тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі.Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.
4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата – аналарымен байланыс орнату, ата – аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата – аналар комитетінің жоспарынан: ата – аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар белгіленеді.
5.Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгнріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет