Лекция тезистері 3 кредит



бет37/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді.Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді.Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік және ерік – жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Адамгершілік сала адамгершілік түсінікті және мінез – құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын, т.б. формалар арқылы қатысады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа дәстүрлі емес, яғни бейдәстүрлі түрлері пайда болуда: ”Қызығушылық сабақтары” (оқушылардың қызығушылығына орай тақырыптар таңдалады); ”Не?, Қашан? Қайда?”, ”Өнер мектебі”, ”Өзіңді тану”, ”XXI ғасыр көшбасшысы”, ”Азамат” (Ток шоу), ”Мың бір мақал”, ”Алтын көмбе”, ”Алтын сақа” т.б.
Әрине, біз бүгінде мектеп тәжірибесінде орын алған тәрбие жұмысының формаларын толық қамтығамыз жоқ.Оны істеу мүмкін емес.Себебі, өмірдің талабына сай мектеп практикасы жаңа – жаңа формаларды тудыруда.Ол мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлескен шығармашылық ізденістері барысында туындап отырады.Шығармашылықпен жұмыс істейтін мектеп мұғалімі тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай ондағы жаңа идеяларды өзі құрастырады.Дегенмен, тәрбие процесінде мектеп мұғалімінің шығармашылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретін алгоритим бар.Оның негізіне екі идеяны жатқызуға болады:
1.Әртүрлі ұйымдастырылған формадағы тәрбие мазмұны ғылым және өнер арқылы байытылады.Олардың негізіне әртүрлі әрекеттер кіреді: танымдық салада – этика, эстетика, мәдениттану,саясаттану ғылымдары саласындағы тарихи, құндылық – бағдарлық білімдер жатады; өнер саласында - эстетика, музыка, сұңғатөнері, поэзия, дизайн, мәдениет саласындағы көркемдік білімдер; дене шынықтырусаласында – салауатты өмір салты жайында теориялық және практкалық білімдер; еңбек саласы – халық дәстүрлері, қол өнеріне қатысты білім, іскерлікті жатқызуға долады; еркін қарым – қатынас бойынша – оқушылардың әр тараптағы демалысын ұйымдастыру т.б.
Мұндай жұмыстар тәрбие жұмысының барлық формасын жаңа деңгейге көтеруде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен бірге оқушылар, олардың ата – аналары, мектептен тыс мекемелерінің қызметкерлеріне, қоғам қайраткерлеріне мүмкіндік береді.
2.Мұғалімге тәрбиедегі көзқарасты шығармашылықпен ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер көмектеседі.Солар арқылы әр түрлі әдістер және формаларды құруға болады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін факторларға:
1.Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүр.Мысалы, егер мектепте оқуға басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында таным аспектісі басым болады т.с.с.
2.Оқушылардың жас, жеке – дара және сынып ерекшелігі.
3.Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі т.с.с. Егерде мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса, онда оның мақсатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын таңдайды.Басқадай мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде тұлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі; оқушыларға спорттық – сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спортты жақсы көретін мұғалім арқылы болады. 
9-апта


Тақырып №9. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылардың жеке тұлғасы мен балалар ұжымының дамуын және мектеп пен сыныптағы тәрбие жұмысы стратегиясын анықтауды жобалау процесі ретінде
«Баланы оқытудың мақсаты - оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету» (Эдгард Хабард).
Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған. Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарынды деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз? Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді деп күту керек пе, әлде алдымызда отырған қаракөз балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба?
Иә, бүгінгі қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет.
Дарынды деген не? Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы алғырлық, зеректік.
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады», - деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет