Лекция тезистері 3 кредит



бет35/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Тәрбие жұмысының формасы.Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс.Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан:”тәрбие жұмысның формасы”, ”тәрбие шаралары”, ”тәрбие ісі” т.б. Соған орай ”Педагогикалық энциклопедия” сөздігінде “форма” ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

    1. заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

    2. белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;

    3. бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

    4. бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу;

Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы “тәрбие жұмысын формасы” және “тәрбие процесін ұйымдастыру формасы” деген ұғымдарды бейнелейтін секілді.Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық,құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа,оқиғаға,адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым – қатынастары ашық жарияланады.
Тәрбие жұмысының формасы” оқушылардың нақты тәрбие әрекетін нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізү технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
Тәрбие шарасы” топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актсы ретінде қарастырылады.
Тәрбие ісі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер, ата – аналар, жәй қатысушылар) және тәрбиеленушілердің.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылықкөзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан, оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді – белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым – қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады.Мысалы, “Адамға музыка не үшін қажет?” – пікірталас, “Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды?” – тәрбие сағаты, “Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым” – дөңгелек стол, “Батыл да, күшті, ептілер” – спорттық ойын т.с.с.. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету.Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауа сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс - әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін есекру талап етіледі.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныпытан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, толықтыра түсуге лайықтап, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн.Ондағы материалдық мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп.Осы орайда В. А. Сухомлинский былай дейді: “Балалар әсемдік, ойын, ертегі музыка, сүрет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруі міндетті ”. Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады.Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады.Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке – дара, топтық, көпшілік формалары) және тәрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық) жіктеу ұсынылады.Ол мынындай болады:
1.Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2.Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын – жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационал жауынгерлермен).
3.Сыныптағы саяси хаарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.
4.Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.
5.Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
6.Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7.Оқушылармен ток – шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрьие жұмыстарын ұйымдастыру.
8.Спорттық жарыстар өткізу:шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.
9.Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10.Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмандар конферециясын өткізіп отыру.
11.Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап – тілектері, қабілеттеріне сай қатысуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.
12.Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
13.”Атамекен ” бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14.Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін атап өту.
15.Сынып жиналыстарын өткізу.
16.Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу - өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстырын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17.Мұражайларға, көрмелерге, демалыс – мәдени орындарға , кино, театр, өндіріс орындарға саяхат жасау.
18.Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
19.Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.
20.Мектептен тыс тәрбие мекемелерініңжұмысына қатысу.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындықтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн.Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық – сауықтыру, еңбек, шығармашылық.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды уәждемесін тудыру, оқу дағдысын жетілдіру көздейді.Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формада қолданылады.Мысалы,”Не? Қашан? Қайда?” – викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет