Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогикалық әрекеттердің принциптері ескерілді:
- тұлғаның дамуы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі;
-оқытудың даралану және жіктелу принципі;
- мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді жұмыстары үшін шарт жасау принципі;
- оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, тәлімгерлігін еркін таңдау принципі
III кезең – ұйымдастырылған-әрекеттік. Мақсаты: Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмыстың ұйымдастырылуы. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқушылардың қабілетін дамыту үшін қажетті тәсілдерді қолданады. Мектеп психологтары балалардың дәстүрлі емес ойлауын анықтау үшін алдын ала сауалнама жүргізді. Әр сыныпқа сынып бойынша біртұтас және әр балаға жеке мінездеме материалдары жиналған папка арналады. Осы 2010-2011 оқу жылында портфолионы жаңалау және оқушылар арасында «Өзімді таныстырамын» атты сайыс өткізу жоспарланды. Бұл бағытта сынып жетекшілері өз жұмысының толық талдауын жүргізуі керек. Жұмыстың қалыпты аспектілері, мәселелері міндетті түрде көрсетіледі, мәселенің құрылуы бойынша жұмыс жоспары жасалады.
Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты мектепте ынталандырудың келесі жүйесі жасалды: