Номинациялар: 1. «Еуропа бесігінде тербелгендер» номинациясына ( 1-11 сынып оқушылары) «Ақыл-ой Одиссеясы» бағдарламасы бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ие болады. Кубок иегерлері мен «Ақыл-ой Одиссеясы» республикалық конкурсының алтын белгі иелері
2. «Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз» номинациясына (1-7 сынып оқушылары) республикалық және облыстық «Зерде» ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары, республикалық «Бастау» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ие болады.
3. «Талаптың мініп тұлпарын...» номинациясы (10-11 сынып оқушылары) халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына, тест-рейтингтік олимпиада жеңімпаздарына, халықаралық білім гранттарының иегерлеріне беріледі.
4. «Талап-қанат, білім-сұңқар. Көріп-біліп жеңген тұлпар»номинациясы (8-10 сынып оқушылары) облыстық ғылыми жарыстардың, облыстық пән олимпиадаларының, халықаралық, республикалық конференциялардың, халықаралық Сәтпаев және басқа оқулардың жеңімпаздарына беріледі.
5. «Ақылмен қанат қаққандар»номинациясын (8-11 сынып оқушылары) республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық әртүрлі пәндік олимпиадалардың (ағымдағы оқу жылының) жеңімпаздары иемденеді.
6. «Абай ізбасары» номинациясына (11 сынып оқушылары) «Алтын белгіге» үміткерлер, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері; халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың, республикалық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, халықаралық ғылыми студенттік конференциялардың жеңімпаздары, тек қана «5»-ке немесе «4-5»-ке үлгеруші оқушылар ие болады.
Дарынды балаларға –дайын ұстаздар Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар. Мұғалім міндетті:
жақсы тілектес және сезгіш болуға;
дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;
зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;
қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;
дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;
пысық және белсенді мінезді болып келуге;
әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);
икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;
шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;
дені сау және өмірде тұрақты болуға;
дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.
«Дарынды балалармен жұмыс әдістері» Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетінің даму тәжірибесі арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен іске асырылуын шамалайды. Дарынды балаларды оқытудың болашақта шығармашыл тұлғаның әлеуметтік іске асырылуына ықпал ететін шығармашылыққа, қарым-қатынас жасай білуге, көшбасшылық және басқа тұлғалық сапаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы бағдарламалар жоспарлануда.
Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.
1. Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.
2. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.
3. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.
4. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.
5. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.
6. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.
7. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.
Карне, Шведел және Уильямс дарынды балаларға арналған бағдарламаның келесі ерекшеліктерін көрсетеді:
- әдеттегі оқу жоспарына кірмейтін материалдармен танысу;
- таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарының қамтылуы;
- оқу процесінің алдын ала құрылған өзгермейтін бірізділікке емес, танымдық талаптарға сәйкес орындалуы;
- абстрактылы түсінік пен жоғары деңгейдегі ойлау процесін талап ететін әрекеттің күрделірек түрлеріне ерекше мән беру;
- қолданылған материалдарға, уақытқа және ресурстарға қатысты үлкен ой икемділігі;
- тапсырмаларды орындаудағы еркіндік пен мақсатқа бағытталған өте жоғары талаптар;
- көшбасшылық қабілетті жасауы және көрсетуі үшін кең мүмкіндіктердің берілуі;
- шығармашылық және өндірістік ойлаудың кеңейтілуі;
- өз-өзінің және қоршаған ортаның тәртібін талдай білуді тәрбиелеу;
- білім базасын кеңейту және тілдік қабілетті дамыту үшін әсерлі алғышарттарды жасау.
Төменде дарынды балалардың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ қабілеттер мен икемділіктер келтіріледі.