Лекция тезистері 3 кредит


Сынып бойынша оқушылар тізімін құрастыру



бет42/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Сынып бойынша оқушылар тізімін құрастыру
II кезең –сараптамалық
Мақсаты:
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету.
I саты (бастауыш мектеп) – дарынды балаларды айқындауда олардың белгілі бір әрекеттегі табыстары есепке алынады: оқу-білімдік, көркемдік, физикалық және т.б.
Бұл саты балалардың білім алуда мұғалім жетекшілігімен және оз бетінше үйренуіне негізделгендігінен танылады. Бұл кезеңде сабақтағы және сабақтан тыс әрекеттерді оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға, әрбір оқушы өзінің эмоциялық, физикалық талаптарын іске асыра алатындай қосымша білім қызметінің сапасын ұсынуға бағытталған бірегей процесс ретінде ұйымдастыру өте маңызды (оқудың қосымша сабақтарынан басқа балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған бағдарламалар ұсыну).
Баланың шығармашылық әлеуеті әртүрлі білім аймағынан дамуы мүмкін, бірақ көркемдік дамудағы өзіндік табиғи әрекет әлдеқайда шынайы және ақылға қонымды болып табылады. Осыған байланысты қосымша сабақтар (үйірмелер) ұйымдастырылған дұрыс:
- көркемсөздің шеберханасы (тіл маманы);
-қуыршақ театры (Абельдинова Ж.К.)
- «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);
- салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»)
Жетекші –Омарова А.А.);
«Жас зерттеуші» - «Зерде»
Сабақтағы және сабақтан тыс әрекет оқушылардың өз мүмкіндіктерін әркелкі әрекет ортасында шығара алатындай жағдайда құрылуы керек. Бұл жаңа білім мен жаңа тәжірибенің бастау көзі ретінде маңызды, сонымен қатар бұл білім II және III сынып сатыларында басқа әрекет ортасындағы құрылым негізі ретінде қызмет етуі тиіс.
2-саты (5-9-сыныптар) – бұл кезеңде әрекеттің сабақтағы және сыныптан тыс әркелкі түрлері арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау өткізіледі.
Дарынды оқушылармен жұмыс мазмұны әрбір оқу тәртібінің аймағында анықталады. Оқу материалының мазмұны оқушыларды үздіксіз үйренуге икемдеуі керек, таным процесі мұндай балалар үшін құнды болғаны жөн.
II кезеңде оқуға факт бойынша емес, ойлауды дамытатын, өзіндік жұмысқа итермелейтін, кейін өз бетінше іске асыру мен өз бетінше оқуға жол салатын идеялар мен тәсілдер, әдістер арқылы бірте-бірте көшу керек, сол мақсаттың бірте-бірте шығуы олардың көп рухани, зияткерлік және физикалық күш жұмсап, жетістікке жетуі үшін қажет.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудың бұл кезеңінде жұмыстың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: («ақыл шабуылы»), рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар және т.б.), әр сабақта пәннен бөлек шығармашылық тапсырмалар қолданылуы керек, эссе жазу.
Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстар жүйесі дарынды оқушылардың дамуына және жасырын жатқан дарындылық пен қабілеттің шығуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Психологтардың пікірінше, ойын –мұндай жүйенің негізі болып шығады.
3-саты.Үлкен мектеп айрықша білім беру кеңістігі болып табылады. Онда бір жағынан, әлеуметтік-дағдыланған тұлғаның қалыптасуы бойынша оның міндетті қызметінің қоғаммен орындалуы аяқталса, екінші жағынан, құзіреттілік кешені үшін жағдайдың жасалуына әкелетін ЗУН жүйесінің артық байланысымен басым білім беру парадигмасының бірте-бірте бағытталуы шынайы жүріп жатады, ол көп факторлы ақпараттық қарым-қатынастық кеңістік жағдайында өз ойларын жүзеге асырушы адам қабілеті ретінде қарастырылады. Бұдан мектепте білім беру кеңістігінің жаңа принциптері мен ұйымдастыру әдістері қалыптасады:
- жобалық-зерттеушілік дағдының өнуі (жобалық әдіс);
- жоғары сынып оқушыларының өз қалауындағы профильді бағытқа қатынасының анықтамасы;
- қарым-қатынас өрісінің этикалық көзқарас бойынша анық айқындалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет