Мұғалімге қойылатын талаптар:
1. Дарынды баланы анықтау.
2. Дарынды балаларға арнап бағдарламалар түзе білу.
3. Сабақты жаңа технологиямен өту.
4. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру.
5. Ата-анасымен мәдениетті педагог ретінде сөйлесе білу.
6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу.
7. Оқушыға тарихи кітаптарды оқуға бергенде оның мүмкіндігін де біліп отыру.
8. Тапсырманың орындалу дәрежесін қадағалау.
Жеке балалармен жұмыс жүргізуде өз сабағыңызда әр-түрлі ойындар, жарыстар, тест жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп,осы сәттерде бала бойындағы тапқырлық, бейімділік, қабілеттілік, таланттылық байқалады. Мұның бәрі де оқушы бойындағы дарындылық қасиет. Барлық бала тумасынан дарынды бола бермейді, талабы бар баланы да ата-анасымен жиі хабарласа отырып жеке тапсырмаларды саралап беру арқылы жаңа қырын ашуға, мадақтай жүріп бір нәтижеге қол жеткізуге болады.
Тарауды қорытындылау кезінде балаларды өткен материалды қайталауға, алған білімдерін бекіте түсуге қолданылатын әдістің бір түрі — «XXI ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық ойыны. Ойынның шартын оқушылар жақсы меңгерген. «XXI ғасыр көшбасшысы» сабағын мынадай тәртіппен өткізуге болады:
1. Оқушыларды төрт топқа бөлу.
2. Төрт аптада төрт топтың оқушыларымен ойын ережелері бойынша жеке-жеке сайыс өткізу.
3. Төрт топтан 1-ші орынды иеленген оқушыларды ақтық сайысқа шығару. Осы сайыста алға шыққан оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» атағын жеңіп алады.
Бұл сабақта не ұтымды?
Біріншіден, оқушылар өтілген материалдарды қайталады.
Екіншіден,көпшіліктің алдында өз пікірлерін айтуға үйренді.
Үшіншіден, талап бойынша әділ-қазылар алдында, көп ішінде өз-өзін ұстап, мінез көрсетпеуге дағдыланды.
Төртіншіден, оқушы жолдасының білімін бағалайды.
«XXI ғасыр көшбасшысы» сабағын жүргізгенде мұғалім барынша әділ,ба- рынша жауапты болуы шарт. Бұл әдіспен сабақ өту оқушыларға ұнайды. Дарынды оқушылармен қосымша материалдармен жұмыс жасаған оқушы үшін де, мұғалім үшін де қажет.
Жалпы қабілетті дамыту үшін мынадай талаптар орындалу қажет:
-туа біткен қасиетті дамыту;
-отбасының жағдайы;
-оқушы мен ұстаз алдындағы қарым-қатынас;
-ұстаз біліктігі;
-мектептегі оқыту мен тәрбиенің деңгейі;
Міне, осы таланттар ұштасқан кезде ғана қабілетті, талантты оқушылар жетіле түседі.
Дарынды оқушыларды таба біліп әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатынастарды жақсартып, ата-ана, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап шығармашылықпен жұмыс істеу қажет.
«Дарынды балалар» бағдарламасы
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?
– Бұл – барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.
– Бұл мектепте жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек.
– Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс.
– Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.
– Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.
Алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:
Достарыңызбен бөлісу: |