10-апта
Тақырып№10. Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмірсалтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті. . Қазіргі оқу-тәрбие процесіндегі тәрбие технологиялары. Қазіргі оқу-тәрбие процесіндегі тәрбие технологиялары
«Тәрбие технологиясы» түсінігі. Тәрбиеге технологиялық тұрғыдан қараудың мәні. Тәрбие технологияларының жалпы сипаттамасы және олардың ерекшеліктері.
1. Педагогикалық – психологиялық диагностика оқу-тәрбие процесіне кеңінен енді. Қазіргі уақытта орта мектептерде, ЖОО -да тәжірибелік психолог болып табылатын педагогтың маңыздылығы арта түсті. Мұнда тек жалпы және жас ерекшеліктері психологиясын жақсы білу ғана емес, сонымен қатар педагогикалық – психологиялық диагностика әдістерін жақсы меңгеруді де түсіну қажет.
Педагогикалық – психологиялық диагностика - бұл оқу-тәрбие процесін оңтайландыру мақсатында оқушылардың жеке ерекшеліктері мен оқушылар ұжымының әлеуметтік- психологиялық мінездемелерін зерттеуге бағытталған бағалаушылық іс-әрекет.
Педагогикалық диагностиканың психологиялықтан ерекшелігі- ол әрдайым педагогикалық процестің ішінде жүзеге асырылады.
Педагогикалық диагностика ақпаратты жедел алу арқылы аса маңызды оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі. Бұл міндеттер мынадай:
бірінші сыныпқа жинақтауда балалардың мектепке дайындығының деңгейі туралы ақпаратты алу; бұл әртүрлі қиындық деңгейіндегі бағдарламалар бойынша оқытылатын сыныптардың құрамын жоспарлауға мүмкіндік береді;
бастауыш сынып оқушыларының мүмкіндіктерін бағалау және олардың орта буын сыныптарында оқуға дайындығын анықтау, оларда ойлау операцияларының және оқу іс-әрекеттерінің, оқу мотивациясы сипатының қалыптасу деңгейін анықтау;
-жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуын өзін-өзі тану негізінде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың танымдық саласының,сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынастардың дамуын, балалардың мінезінің ерекшеліктерін зерделеу;
жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектеп оқушыларының қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қабілеттерін және тұлғалық ерекшеліктерін зерделеу;
педагогикалық ұжымның өмір сүру іс-әрекетін басқару, ұжымдағы жақсы психологиялық хал-ахуалды туындату, жекелеген мұғалімдердің іс-әрекет ету стилін жетілдіру мақсатында педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас, мұғалім тұлғасының ерекшеліктері туралы ақпарат алу;
төменгі және орта сыныптардағы жекелеген оқушылардың даму деңгейін диагностикалау және осының негізінде олармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Диагностиканың негізгі құралы – тест. Көптеген тесттер – зерттелетін қасиетті сандық және сапалық бағалауға мүмкіндік беретін стандартты тапсырмалардың жиынтығы.
Педагог таңдаған әрбір тест валидтілік, беріктік және нақтылық сияқты өлшемдерге жауап беруі тиіс. Тесттің валидтілігі – ол өлшеуі қажет психикалық қасиетті қаншалықты дұрыс зерттейтіндігінің көрсеткіші. Беріктік – тесттің бірнеше уақыттан соң қайта қолданылғанда және сондай дерлік нәтижені алғанда көрініс табады. Тесттің нақтылығы психикалық қасиетті сандық бағалау негізінде бір оқушыны екіншісінен нақты ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, дәл тест үшін интеллектуалдық даму деңгейі туралы пікірлеуге мүмкіндік беретін сандық бағалар (балдар, бірліктер,пайыздар) тән.
Тәжірибеде педагогикалық-психологиялық диагностикалауды жүзеге асыру мұғалімнен мынадай компоненттерді қамтитын белгілі бір психодиагностикалық мәдениеттің болуын талап етеді:
1. Психологиялық сауаттылық. Бұл жалпы, жас ерекшелігі және педагогикалық психологияны білуді, диагностикалық зерттеу объекті болып табылатын психологиялық шынайы болмысты түсінуді, сонымен қатар тестті жүзеге асырудағы және нәтижелерді хабарлаудағы педагогтың объективтілігін қарастырады. Тестілеу барысында оқушыға қысым көрсетпеу, нәтижелерді бұрыс түсіндірмеу, оның дамуын немесе психикасына зақым келтіретін ақпаратты хабарламау қажет. Педагогтар да дәрігерлер сияқты «зақым келтірмеу» қағидасын ұстануы қажет.
2.Мұғалім диагностикалаудың аспаптарын, оны пайдалану принциптерін білуіқажет. Сонымен қатар мұғалім валидтілік, беріктік және нақтылық сияқты негізгі диагностикалау аспабы – тестке қатысты түсініктерді ұғынуы қажет.
3. Педагог «мектеп психологы» сияқты «клиент жағдайын» жасауға тырысып, «экспертиза жағдайындағы» диагностикалық зерттеулерге жол бермеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |