Лекция тезистері 3 кредит


-такырып. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі



бет49/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

11-такырып. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.
Кәсіптік бағдар - оқушыларда мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктері мен дайындығын қалыптастыруда мұғалімнің мақсатты бағытталған іс-әрекеті. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мәнді сипаттамасы (мақсаты, міндеттері, мазмұны). Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары. Кәсіптік бағдар беру - директордың тәрбиежүмысы жөніндегі орынбасарының, сынып жетекшісінің, мектеп психологының, пән мұғалімдерінің бірлескен іс-әрекеті. 12 жылдық мектептегі Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері. Кәсіптік бағдарберу жұмыстарының формалары. Кәсіптік бағдар берудің тиімділік өлшемдері. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұ-мыстарының белсенділік әдістемесі: ойындар, пікірталас, жағдаяттарды талқылау және т.б.
Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам. Адамдар мамандықты жақындарының пікірлерін есептей отырып сыртқы жағдайлардың әсеріне, престижіне және оның экономикалық тиімділігне байланысты жиі таңдайды. Бірақ бұл жағдайлар адамның жекеерекшеліктерімен байланысты емес.
11сыныпты бітіргеннен кейін жастар ерте ме кеш па мамандықтарын таңдап қояды. Бұл шешім олардың барлық өміріне әсер етеді.
Жас өспірімдер кейде ғана дұрыс шешім қабылдайды. Бұған дәлел кейбір адамдардың қате шешім қабылдағаннан кейінгі екінші білім алулары. 
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Сондықтан дұрыс қадам жасау үшін кәсіби бағдар деруден өту керек. Бірақ та қазіргі кезде көп адамдар бұны қалай және қай жерде өту керектігін білмейді, ал егер мектепте өтсе, оның нәтижесіне айтарлықтай мән бермейді, аса көңіл қоймайды.
Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Қазіргі күні жаңа мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін әр адамның оқуға мүмкіндігі бар. Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі өз деңгейінде дамуда. Облысымызда 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар. Оларда 17 мыңнан астам адам білім алуда, оның ішінде 8 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Оқыту 47 мамандық бойынша жүргізілуде.
Өткен жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық базасы 346 млн. теңгеге нығайтылды. Бюджет есебінен 46 млн. теңгеге өндірістік шеберханаға, оқу лабораториясына жабдықтар алынды. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік бағдарламалары есебінен 2,0 млн. долларға шеберханалық құрал-жабдықтар алынып, орнатылды.
Мемлекеттік колледждер мен кәсіптік лицейлердің құрылымында қысқа мерзімді курстар арқылы азаматтардың «Өмір бойы оқу» принципін жүзеге асыру үшін оқу орталықтары жұмыс жасайды. Кәсіптік бағдар беру ұйымдарында бітірушілердің мансаптық өсуіне басшылық жасайтын құрылым және жұмысқа орналасуына ықпал ететін республикалық «Түлек» электрондық бағдарламасы да бар. Ол арқылы кәсіптік бағдар ұйымдарын бітірушілер туралы деректер еңбек нарығына, ал еңбек нарығындағы бос орындар туралы мәлімет оқу орындарына жеткізіліп отырылады.
Жастарға кәсіби бағдар беру өзін-өзі дұрыс кәсіби анықтау негізі ретінде.
Кәсіби бағдар беру жүйесіндегі негізгі түсініктер
Кәсіби бағдар берудің басталуы 1908 жылға жатады. Бұл кезде алғашқы кәсіби кеңес беру бюросы Бостон қаласында (АҚШ) ашылады. Бірақ та кәсіби бағдар беру бұдан да ерте кезде пайда болған деп айтылады. Кәсіби бағдар беру адами қоғамның дамуын тұтынудан пайда болған. Әрине кәсіби бағдар беру мамандықтан бұрын пайда болмаған.
Адамның кәсіби жарамдылық бағасының кейбір элементтерінің тарихы ерте ғасырда жатыр. Бұл көбінесе білім диагностикасынка, білікке және қабілетке жатады. Б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Вавилонда жазушылыққа дайындалып жатқан мектеп түлектері сынақтан өткізілген. Сол кездегі білімге сай кәсіби дайындалған жазушы месопотомия өркениетінің орталық фигурасы болған; ол алқапты өлшеуді, мүлікті бөлуді, ән айтуды, әр түрлі аспаптарда ойнай білген. Сынақ кезінде маталардың, металлдардың, өсімдіктердің түрлерін ажырата білулерін және де барлық төрт арифметикалық әрекеттерді білулерін тексерді.
Жоғарыда айтылғандай 1908 жылы Бостонда кәсіби бағдар берудің алғашқы бюро жастарға еңбеку жолын таңдауға көмектеседі. Бұл әрекетті кәсіби бағдар берудің бастамасы деп санайды. Одан кейін Нью-Йоркте аналогтік бюро ашылады. Оның міндеті әр түрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын меңгеру, оқушылардың қабілеттерін тану. Бюро өз жұмыстарын тест және сауалнаманы қолдана отырып мұғалімдермен бірге атқарды. Бұндай бюролар АҚШ-та, Испанияда, Финляндияда, Швейцарияда, Чехословакияда және т.б. елдерде кең тарала бастады[9].
Өзінің жұмысында бюро келесідей жағдайларды басқарды:

  • сәтті оқиғаға сенгенше, мамандықты таңдау керек;

  • тыңғылықты ойлаусыз, кәсіби кеңес берушіге жүгінусіз ешкім мамандық таңдамау керек;

  • жастар мамандықтың барлық түрімен таныс болулары керек, кездейсоқ немесе «ыңғайлы» мамандықты таңдай салмау керек.

Бірініші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 ж.ж.) кәсіби жарамдылықты анықтауда қажеттілікті кеңейте түсті: ол соғысқа қажет интеллектуалды және физикалық қабілеттері бар адамдарды жылдам дайындауды талап етті.
«Кәсіби бағдар беру» түсінігін қарастырмас бұрын бағдар берумен байланысты сөздерді анықтап, оларға анықтама беру керек. Ең алдымен «маманды» түсінігін қарастырайық. Е.А.Калимов бұл терминді анықтау үшін 4 қадам ұсынып отыр:

  • адам күш салатын аумақ, яғни онда адам өзінің еңбек қызметтерін іске асырады;

  • белгілі бір еңбек түрімен айналысатын адамдардың тұтастығы;

  • дайындылық, яғни білім, білік, дағдыға байланысты адам белгілі бір еңбек функциясын атқара алады;

  • әрекет, шебер жұмысы, яғни уақытқа таратылған еңбек функциясын іске асыру процесі.

Мамандық көптеген қызметтік орын немесе дәреже түрінде болады. Қызметтік орын (дәреже) – еңбек бөлінісімен шектелген мамандықтың пайда болуының бір түрі, қоғам үшін қандай да бір құндыны құруға есептелген – материалдық затты, ақпаратты, пайды қызмет көрсетуші әрекеттерді, функционалды пайдалы әсерлерді, эстетикалық әсерлерді, қоғамдық көңіл-күйді.Мамандықтар ір түрлі жіктеледі: халық шаруашылығының салалары бойынша, психофизиологиялық даму деңгейі бойынша, ауырлық деңгейі бойынша және т.б. Ресей Федерациясында 1996 жылы Жалпы ресейлік жұмысшы мамандықтарын, қызмет етушілердің лауазымын және тарифтік разрядтарын жіктеуші құрылды. Бұдан басқа БҰҰ, ЮНЕСКО бірге құрылған мамандықтарды Халықаралық стандартты жіктеуші бар.
Кәсіби бағдар беру түсінігімен «оптация» және «оптант» түсініктері байланысты. Оптация – бұл кәсіби дамудың жолын таңдау туралы шешім, оптант – осындай шешім қабылдаушы адам. Кәсіби бағдар беру мазмұнын түсіну үшін кәсіби өзін-өзі анықтау түсінігі маңызды рөл атқарады. Кәсіби өзін-өзі анықтау – бұл тұлғаның мамандық таңдауындағы ұзақ және көпсатылы процесі, ол оның кәсіби жоспарында аңғарылады.Кәсіби өзін-өзі анықтаудың келесі сатылары бар:

  • кәсіби өмір түрінің теориялары (құрылымдық концепциялар);

  • мотивациялық теориялар;

  • тұлғаның теориялары.

Құрылымдық теорияда тұлғаның кәсіби дамуы өмір бойы болатыны айтылған.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың тиімділігі оқушылардың мамандық таңдауға психологиялық дайындылығымен анықталады. Бұл дайындылық тұлғаның кәсіби бағытының құрылуымен, оның ақылға сай өзін-өзін бағалауымен, толыққанды ақпараттандырылуымен және нақты кәсіби ойлары байланысты, яғни адам өзінің қызығушылығы, қабілеті және жеке қабілеті жайлы толық білуі керек.
Өзін-өзі анықтауға белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Бұл жағдайлар: оқу орнын бітіру, жұмыстан кету, квалификацияның жоғарылауы, тұрғылықты орынды өзгерту және т.б.
Тағы бір маңызды түсінік болып тұлғаның кәсіби бағыттылығы саналады.
Кәсіби бағыттылық – бұл кәсіби әрекет мотивациясының интегралды сипаттамасы.Кәсіби бағыттылықкәсіби өзін-өзі анықтау жүйесінде қызығушылықтардың бірлігін және тұлғаның ерекшеліктерін сипаттайды. Келесі түсінік тұлғаның шебер болуы – әлеуметтік әрекеттердің, кәсіби әрекеттердің және жеке белсенділігінің әсерінен тұлғаның өзгеруі, ол өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру бағытталғын.
Кәсіби бағдар беру жүйесінде кәсіби даму түсінігі айтарлықтай орын алады. Кәсіби даму – бұл ұзақ процесс, оның анықталған «реттелген» құрылымы бар, еңбектің әр түрлі аспектісін, әдетте кәсіби рөлдерді, кәсіби мотивацияны, кәсіби білімдер мен біліктерді иемденуге бағытталғын.
Тағы бір түсінік – кәсіби жарамдылық. Кәсіби жарамдылық дегеніміз – бұл зерттеліп отырған профессиграмманың талаптарына жеке сипаттамалардың сәйкес келуі, оның берілген кәсіби әрекетті меңгеру қабілеті. Жастарға бағдар беруде профессиограмманың орны зор. Профессиограмма мамандықтың сипаттамасы, еңбек шартын, құқығын және жұмысшының міндеттерін, қажет білімдерін, біліктілігі мен дағдысын, кәсіби маңызды қасиетін сиппаттайды. Ол адамның кәсіби жарамдылығын анықтауға, сонымен қатар оптантаға мамандық жайлы көбірек білуіне мүмкіндік береді, дұрыс шешім қабылдамау мүмкіндігін төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет