Лекция тезистері 3 кредит



бет51/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Мамандықтарға кәсіби бағыт берудің мазмұны мен мақсаты
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт-бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді.
Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекет пен мамандық таңдауға саналы дайындығының ішкі субьективті факторын зерттеу қажеттілігі психология ғылымы үшін әрқашан маңызды болып табылады.
Кәсіп – (профессия-латын тілінен аударғанда professio) адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
Бүгінгі заманда кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап. Адам еңбек ету іс-әрекетінде білім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет. Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдыларды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.
Кәсіби оқыту педагог пен оқушының кәсібіне қатысты ғылыми техникалық жүйелерді игерудегі және де типтік кәсіби міндеттерді шешеуге қажетті біліктер мен дағдыларды меңгеруге бірігіп жасайтын қызмет. Кәсіби тәрбиелеу педагог пен оқушының нақты кәсіби ортада қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелдері мен нормаларын игерудегі және оқушыда кәсіби қажетті және әлеуметті маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда бірлесіп жасайтын қызмет.
Мамандық – бұл кәсіби еңбектегі тар ауқымды жұмыстарды қарастыратын кәсіби қызмет түрі. Әр түрлі кәсіби бағдарлар әдістемелері ішінде, кәсіптік оқыту енгізілген.
Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру. Оқу процесі – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:

  • нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім;

  • білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі.

Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:

  • бастауыш кәсіптік білім;

  • орта кәсіптік білім;

  • жоғары кәсіптік білім;

  • қосымша кәсіптік білім.

Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.
Кәсіптік лицей – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Оның мақсаты – азаматты жұмысшы мамандығына дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін - 1,5 жыл.
Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз – инженер педагогтық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыр.
Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры Н.И.Кареев болды. Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н.А.Рыбников болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т.б. байланысты.
И.В.Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық өзгеріс өзін-өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық деп есептейді. Мұндағы өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық дегеніміз:

  • сана сезімінің жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;

  • тұлғалық қажеттіліктің дамуы.

Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен қол жетерлік табыстары. Ал, студенттердің кәсіби іс-тәжірибесі жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады, іс-тәжірибе іс-тәжірибенің базасы болып табылатын тиісті ұжымдарда -кәсіпорындарда, мекемелерде, мектептер мен ұжымдарда өтеді.
Кәсіби іс-тәжірибенің түрі, мерзімі, мазмұны жоғары оқу орнының іс-тәжірибе бойынша бағдарламасы және мамандықтың оқу-жұмыс жоспарымен анықталады. Кәсіби іс-тәжірибе түрлері мамандыққа сәйкес (даярлық бағыты) өткізіледі.
Білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінде алған білімдерін бекітуге, іс-тәжірибелік дағдыларын игеруге және нәтижелі тәжірибе меңгеруге бағытталған. Білім алушылар кәсіби іс-тәжірибе барысында кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстан тәжірибе жинақтауы қажет. Төменгі курстарда келесі оқу іс-тәжірибесі ұйымдастырылады: далалық, топографиялық, археологиялық, фольклорлық және басқалар.
Мамандықтар реті бойынша дипломалды іс-тәжірибесі ұйымдастырылады, оның мазмұны бітіру жұмысының тақырыбымен анықталады. Дипломалды іс-тәжірибе кезінде білім алушылар кәсіпорынның, мекеменің, ұжымдар мен мектептердің өндірістік қызметі туралы нақты деректер жинақтап, оны бітіру жұмысын әзірлеу барысында қолданады.
Жоғары оқу орнында таңдалып алынған мамандықтың бағдарына қарай, студенттер іс-тәжірибе өту барысында нақты жағдайда кәсіпорындарда немесе мектептерде төменде аталған жұмыс түрлерін үйренеді:
– өндірістің технологиясын;
– экономиканы, өндірісті басқару және ұйымдастыру, өнімнің сапасын бақылау мен стандарттау, еңбек өнімділігі мен тиімділігі резервтерін анықтау бойынша шараларды;
– жабдықтар, аспаптар, есептегіш техникалар, бақылау - өлшегіш құралдар, саймандар, сонымен бірге өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыруды;
– мектептердің, клиниканың, соттардың, прокуратураның, банктік - есептеу жүйелерінің, мәдени мекемелердің және т.б. жұмысын;
– экологияны, физиология, психология, еңбекті қорғаужәне гигиена саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін;
– ғылыми - зерттеу, жобалау - конструкторлық, жаңашыл - өнертапқыштық жұмыстарды ұйымдастыруды;
– қауіпсіздік және пайдалы еңбек жағдайын қамтамасыз етуді және жасауды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет