Лекция. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы және әдістемесі Жоспар: Тәрбие жұмыстарын жоспарлау Семинарға дайындалу: Мектептегі тәрбие жұмысының жоспары
Тақырыпқа сәйкес тәрбие жұмысының жоспары 2.Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері
Жоспар:
Педагогикалық технология. Тәрбие технологиясының мәні және мұғалім тұлғасы.
Тәрбие технологиялары (оқыту және тәрбие технологиялары, ақпараттық технологиялар, қарым-қатынас технологиясы).
Негізгі түсініктер: тәрбие технологиялары, ақпараттық технологиялар, қарым-қатынас технологиясы т.б..
«Педагогикалық технология» ұғымы 1960 жылдардан бастап «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде практикаға ене бастаған меңгеру технологияларына байланысты пайда болды.
Педагогикалық технологияның белгілі авторлары Дж.Кэролл, Б.Блум, Д.Бруннер, Д.Хамблин, Г.Гейс, В.Коскарелли. Ресей ғалымдарының арасынан педагогикалық технология теориясы мен тәжірибесін өз еңбектерінде қолданған ғалымдар: П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, А.Г.Ривин, Л.Н.Ланд, Ю.К.Бабанский, П.М.Эрдниев, И.П.Раченко, Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, т.б.
Жалпы орта білім беретін орта мектептерде Қ.Бітібаева, А.Айтқалиев, О.Очкур т.б. Ж.Қараев, Ж.Кобдикова
Жанпеисова М.
Энциклопедиялық сөздікте «технология дегеніміз - өнімді өндіру процесінде шикізаттың немесе материалдың формасын, қасиетін, күйін өзгертетін, оларды өңдеу мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы
«технология – techne - өнер, шеберлік және loqos – ғылым, заң», яғни, технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым деп берілген. Білім беру саласындағы «технология» ұғымы өндірістік процестердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұғымынан туындағаны анық.
В.П.Беспальконың «Слагаемые педагогической технологии» (1989) еңбегін атауға болады .
Бұл жұмыстан кейінгі маңызды зерттеулер қатарына И.В.Кларин , В.М.Монахов , Г.К.Селевко, Т.И.Шамова мен Т.И.Давыденконың , т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
«Педагогикалық технология дегеніміз мұғалім мен оқушыға ыңғайлы жағдай жасай отырып, оқу процесін жобалау, ұйымдастыру мен өткізуге арналған біріккен, жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі» – дейді В.М.Монахов
«Педагогикалық технология – білім беру формаларын оңтайландыруға бағытталған техникалық және адам ресурстарын, білімді игеру мен оқыту процесін анықтау, қолдану және жасауға арналған жүйелі тәсіл» (ЮНЕСКО).
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланыста болуы керек.
Педагогикалық мақсатты шешуіне қарай педагогикалық технология жалпы және жеке технологиялар болып бөлінеді. Жалпы технологияға оқыту технологиясын құрастырып, оны іске асыру жатады. Жеке технологияға оқу немесе тәрбие мақсатының мынадай түрлерін шешу жатады: оқушылар әрекетіне түрткі тудыру, алынған нәтижені бақылау және бағалау, нақты мақсатты, мысалы, тәрбие ситуациясын талдап, оны шешу жолдарын анықтау.
Тәрбие технологиясы – тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға негізделген педагогикалық оқу - тәрбие үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ тәрбие технолгиясы тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыңи тұрғыда ойлау, өзара қарым қатынаста әдеп негіздерін сақтау іс әрекеттерін қамтиды.
Әдістеме
Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы. Әдіс тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұр-ғысынан қарастырылады. Тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсіл-дерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең алдымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қалыптасады.
Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын тәсіл. Тәсілдер – тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс.
ХVІІ ғасырда ең алғаш оқыту технологиясының концептуалдық негізін Я.А.Коменский қалыптастырды.
Я.Коменскийдің ұсынған принциптері
ғылымилық,
бірізділік,
жүйелілік,
беріктілік,
белсенділік арқылы сапаға жету,
көрнекілік,
теорияның тәжірибемен байланысы,
оқушылардың жас ерекшеліктері мен дара ерекшеліктерін ескеру.
Педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсатты шешуге арналған немесе алдын ала жобаланған жоспарлы және бірізді педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын бірімен-бірі тығыз байланысты педагогтың әрекет жүйесі деп түсінуге болады.
Педагогикалық технология – ғылыми жобаланған және педагогикалық үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет.
Педагогикалық технология оқыту және тәрбие технологиясы түрінде қарастырылады. (В.В.Пикан педагогикалық технологияның маңызды белгілерін бөліп көрсетеді.)
В.В.Пикан педагогикалық технология
технология нақты педагогикалық ойды іске асыру үшін автордың әдіснамалық, философиялық ұстанымын айқындайды. Осыдан барып, білім беру үрдісінің технологиясы немесе жеке тұлғаны дамыту технологиясы екені анықталады;
В.В.Пикан педагогикалық технология
педагогикалық әрекеттердің технологиялық тізбегі, операциялары, коммуникациялары қойылған мақсатқа сай жүйеленіп, алынатын нәтиже формасын белгілейді;
В.В.Пикан педагогикалық технология
технология мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекетін келісім шарт негізінде саралау және даралау, адамдық және техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, диалогтық қатынастарды оңтайлы шешу принциптеріне негізделеді;
В.В.Пикан педагогикалық технология
педагогикалық технология элементі біріншіден, кез келген мұғалім қайталай алатындай болуы тиіс, ал екіншіден жоспарланған нәтижеге (мемлекеттік стандарт) барлық оқушыны жеткізуі тиіс;
В.В.Пикан педагогикалық технология
педагогикалық технология мен диагностикалық процедуралар (өлшемдер, көрсеткіштер, әрекет нәтижесін өлшейтін инструментарилер) органикалық байланыста болуы тиіс.
Оқыту технологиясы сыныптық - сабақ жұмысын ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқыту технологиясының басты белгілері: бір жас мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардың дайындық деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдарламасы негізінде оқыту жүргізіледі; әр оқу пәнінің сабақтары тақырыптарға бөлінеді; тұрақты сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды ұйымдастырады.
Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы
Тұлғалық бағдарлы тәрбие үдерісінде тұлғаның жеке басына назар аударылып, қарым қатынастар әр түрлі деңгейде іске асырылады: қара-пайым түрдегі пікірлесу, мазмұндық сұхбат, тұлғалық мәнді сұхбат.
В.В. Сериков тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесін жасау үшін ең бірінші мақсатты нақтылап, тұлғаның жеке бастық қасиеттерін: әлеуметтік, адамгершілік,жауапкершілік, даралық ерекшеліктерін дамыту қажеттілігін көрсетеді:
Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын басты құрылымдар:
тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін және өмірдің мәнін түсіну;
жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру;
әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту;
тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі рет-теу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін же-тілдіру);
тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.
Е.В. Бондаревская өз зерттеулерінде «жалпы білім беретін мектеп түлегінің моделі – мәдениет адамы»,-деген педагоги-калық ықпал ету бағыттарын ұсынып жеке тұлғаны сипаттайтын өлшемдерді анықтаған.
Кесте – 1. Мектеп түлегінің моделі – мәдениет адамы (Е.В. Бондаревская)
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ БАҒЫТТАРЫ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ СИПАТТАЙТЫН ӨЛШЕМДЕР
ЕРКІН ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ
Саналық деңгейі жоғары. Адамзаттық қасиеті мол. Өзінің қадір-қасиетін біледі, өзін құр-меттейді. Адал, тәртіпке бой ал-дырған. Өз еркімен өмірлік маз-мұнды әрекетті таңдайды.
ІЗГІЛІКТІ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ
Қайырымды, мейірбан. Жанашырлық танытады, пайда көз-демейді.
РУХАНИ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ
Жалпы танымды және өзіндік танымды қажетсінеді. Сұлу-лықты қажет етеді. Рефлексияны қолданады. Қарым-қатынасты қажет етеді. Білім, білік, дағды, іскерлігі жетілген, өмірлік шы-ғармашылықты қажет етеді.
ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ
Қабілеттері дамыған. Іс-әрекеттерін өзгерту қабілеті бар. Білім, білік, дағды, іскерлігі же-тік, жоғары, зиятты. Интуициясы (ішкі сезімі) жетілген, өмірлік шығармашылықты қажет етеді.
ТӘЖІРИБЕЛІ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ
Экономика негіздерін білуге ұмтылады. Еңбексүйгіш, шаруашылыққа бейім, компьютер-лік сауаты бар. Түрлі шетелдік тілдерді игерген. Халықтық және діни дәстүрлерді біледі. Салауат-ты өмір салтын ұстанады, денесін шынықтырады. Эстетикалық тал-ғамы жоғары, әдебі мол. Отбасы-ны қаржымен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік тәрбие үшін іскерлік ойынның мынадай сипаттарын ескеруге болады:
ойын арқылы шынайы өмірде қол жеткізе алмайтын мәселеге қол жеткізіп, сонан кейін оны шынайы өмірде қолдануға болады;
ойын арқылы адам жаңа идеяны белгілі бір іс-әрекет, іс-қимыл арқылы жылдам игеруге ұмтылады;
ойында қиял элементі болғандықтан, ол адамның жасырын қабілетін ашуға мүмкіндік береді;
өзге адамның рөлін орындау арқылы, сол адам үшін ненің маңызды екенін және оның жеке басынатән түрткісін түсінуіне көмектеседі.
Ойын оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Блумның таксономиясы танымдық процесті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 категорияға жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейде БІЛУ, ТҮСІНУ, ҚОЛДАНУ, ТАЛДАУ, БІРІКТІРУ деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. БАҒАЛАУ.
Интеграциялық курстар, оку тақырыптары, оқу проблемалары және басқа да оқытуды үйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы Әртүрлі стратегияларды негізге ала отырып, мектеп оқушыларының ойлау қабілетін, өз ойын жеткізе алу, өз бетімен жұмыс істеу, жолдасының жауабын тыңдап, сыйласымдықпен қарау, т.б. дағдылары мен біліктері.
Интерактивті технологияларды пайдалу арқылы бірлесе отырып іс әрекет жасауға, мультимедиялық проектор және ACTIVstudio,ACTIVtablet,ACTIVwandуказкасы, ACTIVslate, Флипчарт прог-раммаларын тәрбиелік іс - шараларда тәрбие және сынып салат-тарында, конференция, диспут, дөнгел үстелдерде пайдалану ар-қылы оқушылардың ақпараттық жүйелер бойынша білімдік деңгейлері кеңейеді.
Мультимедиялық технологиялар да тәрбие шарасын іске асыруда негізгі орын алады. Қазіргі таңда мектептерде өте жиі қолданылатын технологиялардың бірі. Тәрбиелік іс – шара-ларда аудио технология, проектор, телевизор, магнитофон т.б. пайдалана отырып, оқушының танымдық деңгейін дамытуға ықпал етеді.
Тәрбиелік іс шараларда кейс технологиясы тәрбиелік іс шараларда әр түрлі кездесетін жағдаяттардан, әртүрлі пікір таластардан шығудың жолдарын анықтайтын, өз көзқарастарын, дағдыларын, ойлауды, пікір талас тудыра отырып, одан шығу жолдарын, жағдаяттарды шешуге негізделген сұрақтар мен тап-сырмалардың жинақталуын қалыптастырады.
ХХІ ғасырдың басында бұл жүйені әлемнің 57 пайызы пайдаланып отыр. Адамның санасын қалыптасты-руда ақпаратттық жүйенің негізгі орын алатынын көріп отыр-мыз.
SMART технологиясы әлемдік деңгейде замануи тұрғыда жаңашылдықпен іске асып отырған технологиялардың бірі. Тәр-бие жұмысында көптеген іс - әрекеттер презентациялар, слайд шоу, дыбыстық жүйелерді пайдалана отырып, қашықтықтан тапсырма беру, инетрбелсенді әдістерді пайдалану арқылы іске асады.
Тренинг белгілі бір шешімдерді орындауға бағытгалған іс-әрекеттер жүйесі. Оған тұлғаны санаткерлік дамыту және басқару міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін психологиялық тренингтерді, іскерлік қарым-қатынас, тұлғаны дамыту, коммуникативтік біліктер тренингтерін де жатқызуға болады.
Ақпараттық технологияларға компьютерлік оқыту технологиясы жатады. Арақашықтықтан оқытатын технологиялар әр түрлі оқушыларға үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы ретінде білім алуға мол мүмкіндіктер жасайды.
Қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуді көздеу керек. Біріншіден, педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші) қатысады. Екіншіден, көзделген міндетті жүзеге асырумен бірге тәрбиеші өз ісіне сырт көзбен қарап, өз ісін бағалай білуі тиіс.
ТӘРБИЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Заңдылық дегеніміз – қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер мен құқықтың орындалуына саналы түрде жету.
Заңдылықтардың орындалуы
Тәрбие жұмысының заңдылықтарына баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы; тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байлыныстылығы; тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы т.б. жатады.
ТӘРБИЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
- Тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажетін өтеуге сай келуі;
- Тәрбие үдерісінің диалектикасы;
- Оқушылардың жас және жеке басы ерекшеліктерінің ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы;
Тәрбиенің екі жақты сипаты;
Тәрбиеге еріктілік және шығармашылық көзқарас;
Тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы.
ТӘРБИЕ ҰСТАНЫМДАРЫ
Тәрбие ұстанымдары – (лат. - негіз), бастапқы белгілі бір теорияның негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идеялары, негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері меңзеледі.
ТӘРБИЕ ҰСТАНЫМДАРЫ
- тәрбиенің мақсаттылығы;
- тәрбиенің өмірмен байланысы;
оқушының жас және дара ерекшелігі;
талап қою арқылы дамыту;
тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі;
тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу;
мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.
Тәрбие қағидасы
«Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытрудың аса маңызды ережелері.(Тұжырымдамадан алынды,2015 ж.)
Тәрбие қағидалары
- табиғилылық қағидасы,
- мәдени сәйкестілік қағидасы,
- гуманистік бағыт қағи-дасы,
- этникалық қағида,
- бiрлiк талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы,
- тәрбиенің үздіксіздік қағидасы,
әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы,
-әлеуметтік барабар қағидасы,
демократияландыру қағидасы,
вариативтілік қағидасы.
Тәрбиенің негізгі тұғырлары
Өркениеттілік
Тұлғалық-бағдарлы
Аксиологиялық тұғыр
Қызметтік
Құзыреттілік
Әлеуметтік
Іс - әрекеттік
Жүйелілік
Антропологиялық
Гуманистік
Диалогтылық
Мәденисәйкестілік
Үздіксіздік
Табиғисәйкестілік
Тұтастық
Этнопедагогикалық
Тәрбиенің әдіснамалық негізі
Мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттік, жүйелілік, тұлғалық, тұлғаға ықпал ету,тұ-тастық, әлеуметтік, іс – әрекеттік,этнопедагогикалық т.б. тұ-ғырлары тұрғысынанқарастырылып, тұлғаның танымын, санасын, шығармашылық дамуын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.
Тәрбиенің әдіснамасы дегеніміз-тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс - тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез – құлқында көрініс табуы.
ТӘРБИЕ ҚҰРАЛДАРЫ
СӨЗ
Тұлғаның эстетикалық мәдениеті
Ақпартатық құралдар
Кітаптар, көрнекіліктер т.б.
Тәрбие әдістері (Т.И.Щукина бойынша)
1) Сана қалыптастыру (әңгіме, түсіндіру, үлгі, баяндау, сендіру, пікір сайыс, дебаттар, т.б.)
2) Іс - әрекетті ұйымдастыру және мінез - құлықты қалыптастыру(педагогикалық талап, жаттығу, әдеттену, тапсырма, қоғамдық пікір т.б.);
3) Ынталадыру (мадақтау, жарыс, шабыт беру, жазалау т.б.)
Тәрбие формалары
МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫ (жаппай, жеке дара, ұжымдық, топтық т.б.), конференция, семинар, кештер, экскурсия, сабақ, факультативтік және элективтік курстар, ертеңгіліктер, пәндік кештер, кездесулер т.б.
- СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ СЫНЫП САҒАТТАРЫ
Тәрбие технологиясы
Тәрбие технологиясы әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ тәрбие технолгиясы тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыңи тұрғыда ойлау, өзара қарым - қатынаста әдеп негіздерін сақтау іс - әрекеттерін қамти отырып, тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға негізделген педагогикалық оқу - тәрбие үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет болып табылады.
Тәрбие әдістемесі
Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы. Әдіс тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұр-ғысынан қарастырылады. Тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсіл-дерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең алдымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қалыптасады. Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақ-саттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын тәсіл. Тәсілдер – тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 21 б. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген.
Безрукова В.С. Педагогика. Ростов н/Д: Феникс6 2013. -381 с. Высшее образование.