Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша Бірыңғай қашықтықтан сыныптың
ата-аналар жиналысын өткізудің
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
I. Қашықтықтан сыныптың ата-аналар жиналысын өткізу
Тақырып: «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?».
Өткізу мерзімі: 2020 жылдың 2 сәуірі.
Мақсаты: сынып ата-аналарын коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде әр мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпараттандыру.
Ата-аналар жиналысының міндеттері:
Білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне)
- әрбір нақты мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін;
- балаларды қашықтықтан оқыту процесінде қажет болуы мүмкін әртүрлі практикалық және теориялық білім мен біліктерді;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |