Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет109/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)
575032.pptx (4), 575032.pptx (4), Tast 1 бопа, Tast 1 бопа, Композиция лек (1), тест емтихан, Ғалымдардың дінге көз қарасы, Паранаука основания, место и роль в современной культуре, stud.kz-116152
Қорқыныш 
эмоциясы
адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп 
төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн 
қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. 
4. 
Сезiмдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның 
бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм 
сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Сезiм мәндi эмоционалды бастан кешiрулердiң жалпылау аккумуляциялау 
механизiмi негiзiнде пайда болады. Сәйкес эмоциялар формасында оларды адам саналайды. Мысалы, 
егер бiр адамның әрекеттерi ылғи да бiзде жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын 
(ол өзiн дұрыс немесе дұрыс емес ұстаса да) әркез тұрақты жек көру сезiмiнiң пайда болатынына алып 
келедi. Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған. Сезiм 


қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан сезiмдер ылғи да өз-
өзiнiң мәнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның 
эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищев қатынастарды 
тұлғаның құраушы компоненттерi ретiнде, ал тұлғаны қатынастар жүйесi ретiнде қарастырды.
 
Сезiмдер ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан 
дүниесiн реттеу (арман, ой, тiлек, шешiм, еске түсiру, т.б.) сияқты қызметтердi атқарады. Сезiмдердi 
функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш, тұрақтылық, саналау деңгейi, белгi сияқты 
параметрлермен сипаттауға болады. Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту психология, 
психиатрия және психокоррекция аймағындағы мамандардың, педагогтардың және ата-аналардың ғана 
емес, қоғамның өте маңызды мiндетiн құрайды.
Ақыл-ой
сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн 
оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және
басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн 
өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете 
алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - 
қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн 
атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга 
эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет