Эксперименттiк
зерттеулер көрсеткендей, ауырсыну нүктелерiнiң
таралуы динамикалық,
қозғалғыш сипатта болады. Ауырсыну түйсiктерi белгiлi бiр тiтiркендiргiштен
келетiн импульстардың
қарқындылығы, ұзақтығы мен жиiлiгiнiң шамадан тыс артуының нәтижесi болып табылады.
Ауырсыну сезгiштiгiне аз қозғыштық тән. Ауыртатын тiтiркендiргiштен кейiнгi импульстар баяу
өткiзiледi. Ауырсыну импульстарына бейiмделу өте баяу жүредi. Ауырсынуды
сезiну белгiлi бiр
қанағаттанбағандықпен немесе азап шегумен байланысты. Ауырсынудың
орналасқан жерi айқынсыз
болады.
Достарыңызбен бөлісу: