Спорт психологиясы -
спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін
қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым – қатынасын, оларды даярлаудың
жағдайын, құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды
жаттықтыру және күш – қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің
психологиялық факторларын зерттейді.
Сауда психологиясы
– қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір
елдің саяси – экономикалық және мәдени – материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай
дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі
адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің
факторлары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |