ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Психология» пәнінен
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
№1 Лекция
Тақырыбы: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері
Жоспары:
1.Психологияның пәні
2. Психология ғылымы дамуының
негізгі кезеңдері
3. Психологияның негізгі салалары
4. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.
Қысқаша теориялық мәлімет:
1.
Пән атының өзi де грек тiлiнен аударғанда
психология
- жан туралы ғылым (психо - "жан",
логос -
"ғылым") дегендi аңғартады. Кең тараған түсiнiктерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар
дiни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да,
ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек
философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн
жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние,
соның
iшiнде жан жөнiндегi дiни- мифологиялық көзқарастарға қарсы күресiнде дамуын тапты. Осыдан, жан
жөнiндегi зерттеулер мен түсiнiктер психологияның пәндiк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең
болды да психология әуел бастан ''жан'' туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне
жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи дәуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсiндiрдi.
Психика мәнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мәселесiн -
материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелдi болып келдi.
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу
әдістерін, теориялық
принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді.
Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология”
термині қолданысқа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашқыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе
психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-
XIX ғ.ғ. психология - бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды.